«Дипломмен–ауылға» бағдарламасы аясында 43 маманға 5,2 млн теңге көтерме жәрдемақы және 44 маманға тұрғын үй сатып алуға 111,6 млн теңге несие берілді.
Ветеринария: Жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында ауыл шаруашылық малдарына ветеринариялық іс-шаралар жұмыстары атқарылып, аса қауіпті мал ауруларына қарсы екпелер және тексерулер жұмыстары жүргізілді.
Бруцеллезге қарсы тексеру жұмыстары бойынша 20646 бас мүйізді ірі қара малы, 37300 бас уақ мал тексерілді. Нәтижесінде мүйізді ірі қара малынан 17 бас, уақ малдан 70 бас бруцеллез ауруы анықталды. Оның ішінде 17 бас МІҚ сою алаңында сойылып, 70 бас уақ мал 5 күн ішінде жойылды.
Үстіміздегі жылы иесіз ит, мысықтарды жоюға аудандық бюджеттен бөлінген 2150,0 мың теңге толығымен игеріліп, осы қаржыға барлығы 2131 ит, 19 бас мысық жойылды.
Сонымен бірге ауыл шаруашылығы малдарын бірдейлендіру үшін мүйізді ірі қара малдарына 10703 дана, уақ малдарға 80000 дана, түйе малдарына 2600 дана, шошқаға 400 дана қажетті сырғалар алынды.
Ауыл шаруашылығы малдарын бірдейлендіру және жылқы малын таңбалау, оларды компьютерлік дерек қорына енгізілді.
Ауыл шаруашылығы малдарын бірдейлендірудің мәліметі бойынша жоспарланған 12703 бас мүйізді ірі қара малының – 12703 басы 100% , оның ішінде дерек қорға енгізілгені – 12703 бас 100% , 50000 бас уақ малдың – 50000 басы 100 %, дерек қорға енгізілгені – 41853 бас 84 %, 2100 бас түйе малының - 2100 басы 100 %, дерек қорға енгізілгені – 2100 бас 100 %, 3500 бас жылқы малының - 3500 басы 100 %, дерек қорға енгізілгені – 3500 бас 100%, 400 бас шошқа малының - 400 басы 100% бірдейлендіріліп, дерек қорға 400 басы 100% түгелдей дерлік енгізілді.
Зерттеулер қорытындысымен аса қауіпті жұқпалы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруымен ауданның (Ақтөбе, Т.Көмекбаев, Алдашбай ахун, «Қорқыт» стансасы, «Кемесалған») қолайсыз елді мекендер қатарына енген 5 елді мекендерді күзгі және көктемгі айларда залалсыздандыру жұмыстарына 2013 жылы облыстық бюджеттен 6900,0 мың теңге бөлініп, залалсыздандыру жұмыстарының көктемгі, күзгі 1,2,3 кезеңдерін тендер жеңімпазы Шымкент қаласының «Төрт түлік белгілері» ЖШС жүргізді.
1 кезеңінде «Диазинон -60» препаратымен 3234 бас мүйізді ірі қара, 9364 бас уақ мал, 232 бас түйе, 909 қора, 10 суат, 30 мал жиналатын орындар мен шаңылақтар өңделді.
2 кезең бойынша «Креолин - Х» препаратымен 3172 бас мүйізді ірі қара, 9690 бас уақ мал, 232 бас түйе, 699 қора, 15 суат, 30 мал жиналатын орындар мен шаңылақтар залалсыздандырылды.
3 кезең бойынша «Диазинон -60» препаратымен 3526 бас мүйізді ірі қара, 11087 бас уақ мал, 229 бас түйе, 695 қора, 15 суат, 30 мал жиналатын орындар мен шаңылақтар залалсыздандырылды.
Ауданның барлық ауылдық округтері әкімдері жергілікті шаруашылық басшыларымен бірлесе отырып мал тоғытатын ванналар салуды ұйымдастырды және құрылыс жұмыстарын атқарды.
Қазіргі таңда ауданның 11 елді мекендерінде (Ақтөбе, Қармақшы, Т.Көмекбаев, Қуаңдария, Иіркөл, ІІІ-интернационал, Ақжар, Дауылқөл, Алдашбай ахун, Жосалы, Ақай) мал тоғытатын ванналардың құрылыс жұмыстары толық аяқталды,
Төретам кентінде санитарлық талапқа сай жердің болмауына орай, яғни, жердің көп бөлігі Ресей мемлекетіне жалға берілгендіктен, ал Жосалы кенті мен Жаңажол ауылдық округінде мал тоғытатын ванналар салу құрылысы жүргізілмеді.
Сонымен қатар, Жосалы кентінде екі, Төретам кентінде бір мал сою алаңы жұмыс жасайтын болса, Ақай ауылдық округінде бір мал сою алаңын «Дос едік» шаруа қожалығы жетекшісі өз қаражаты есебінен салып, қазіргі таңда құжаттарын дайындауда.
Аудан бойынша Жосалы кентінде мал қорымы типтік жобада салынған. Қалған 11 ауылдық округтерде мал көмінділері ит, мысық кірмейтіндей етіп қарапайым әдіспен қоршалған.
Осыған байланысты 13 елді мекеннің санитарлық тазалығын, ауыл тұрғындарының денсаулығын, өмір сүру ортасын жұқпалы індеттерден қорғау мақсатында типтік жобадағы мал қорымдарын салу бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы арқылы облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына облыстық бюджеттен 8549,1 мың теңге қаржының бөлінуіне жоба сметалық құжаттарымен қоса ұсыныс берілді.
Сонымен бірге жаңадан құрылған ветеринариялық пункттерді ғимаратпен қамтамасыз ету қажеттігі туындап отыр.
Ветеринариялық пункттерге облыстық бюджеттен болжам бойынша 31,0 млн теңге қажетті қаржыға ұсыныс берілді.
Республикалық бюджеттен аудандық ветеринариялық стансасы мен ауылдық округтеріндегі ветеринариялық пункттердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 51 560,0 мың теңге бөлініп, барлық ауылдық округтерге 13 арнайы «Нива» автокөлігі, 1 дезинфекциялау қондырғысы бар УАЗ автокөлігі, жол жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы 1- (ПИКАП) автокөлігі, офистік жиhаздар, биологиялық материалға арналған мұздатқыш, жануарларды қозғалтпай ұстауға арналған құрылғы және тағы да басқа ветеринариялық құрал-жабдықтар алынды.
Достарыңызбен бөлісу: |