5 оқушы.
Таятаев Бауыржан Байжанұлы (1963-1981)Шу ауданы Белбасар ауылында дүниеге келген.1981 ж. Шілде айында әскер қатарына шақырылып Ауғанстанға интернационалдық міндеттін атқаруға аттанды.Қатардағы жауынгер-Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды.Бауыржанның есімі туған ауылындағы өзі турған көшеге берілді.Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепте Б.Таятаевқа арналған бұрыш бар.
1Жүргізуші:
Ақын,ауданда көп және қызмет еткен белгілі журналист Ахметжан Қосаков Шу өңірі туралы былай деген екен:
«Шуақты Шу қонысы-құтты мекен»,
Шуғыласы шурайлы жерің көркем.
«Елім,елдігінді сақта!»деген
Қоңыраулатып желдіртіп атқа мінген
Төле бабам осы өңірде туып өскен
Шу бойында тұғанымды мақтан етем.
Ақ пейіл,пәк сезімме жырлап берем
«Шуақты Шу қонысым-құтты мекен»!
Биыл 79 жасқа толған Әбдімомын Желдібаев туралы тоқталсақ;Сазгер.Қазақстан мемлекетінің қоғам қайраткері,«Парасат»,«Құрмет» орденің иегері.70 астам күй мен әннің авторы.30 жыл астам уақытШу еркесі»халық аспаптар ансамбліне жетекшілік етті.Оның атақты «Ерке сылқым»күйінің құрметіне Шу қаласында ескерткіш орнатылған.
Исаева Бақыт Ақынқызы-ақын,жазушы,Қазақстан журналистер одағының мүшесі.ҚР мәдениет қайраткері.«Қазағым елім»(2003)атты кітабы жарық көрді
Қосақов Ахметжан Ақбұқаұлы (1950).Еңбек жолын 1972 ж.аудандық «Шу өңірі»
газетінің тілші,хатшы қызметін,сондай-ақ қазіргі кезде бас редактор-директор болып қызмет атқарады.Бірнеше мәрте «Нұр Отаннан»Алғыс хатымен марапатталған.
2 Жүргізуші: Аудан халқы өзінің таңдаулы ұлдары мен қыздарынәртүрлі деңгейдегі өкімет білігіне өкіл етіп ұсынып отырды.Қазақ кеңестік Социалистік республикасы кезенде Жоғары Кеңеске әртүрлі жылдарда сыйланған 11 депутаттың 4-і осы біздің Шу ауданнан еді. Шу ауданында 32 Социалистік Еңбек Ері болса,өзіміздің Белбасар өлкеміздің 8 Соц.Еңбек Ері бар.Олар кім еді? Хати Сауранбаев,Есіркеп Беккожаев,
Жәмилә Мамедова,Әбілмәжік Сатыбалдиев,Күляй Түнғатарова,Әзімбай Шәлібеков,
Жезбала Шоманова.
1 Жүргізуші: Шу ауданның топарағынан түлеп үшіп,ғылымның биік шыңына ұмтылған азаматтар аз емес.Олар республикамыздың түкпір-түкпірінде жүріп,өз мақсат мүддесінен шығуда.Олардың қатарында Аманқұлов Ж.,Сарыбай Қалмырзаев, Жаманбалаева Шолпан,Жанкүлиев Амантай,Бөрібай Жексенбин,Кененбаев Серік,Кәрім Көкірекбаев,Көйгелдиев Мәмбет,Усембаева Жібек,Жабағиев Қожахан
6 оқушы:
Шаттанам шыбығыңды сүйемінде,
Балқиды ішім емес,сүйегімде.
Есігін дүниенің ашқан едім,
Шуақты Шу өзеннің жиегінде.
2 Жүргізуші:Қайран,қасиетті Шу топырағы!Қойнауына түскен бір дән талайға жетер дариядай ырзық,тіккен жалғыз түп шыбық мәуелі бақ болып,көтерем болған қой түлік болса да түлеп,мыңғыра,молайып шыға келеді-ау.Жыртылып айырылатын тағы аң,құсы қаншама!Қойнауы толған қазына!
1 Жүргізуші:Қаламыз жылдан жылға көркейіп келеді,соңын дәлелі көптеген минимаркеттер,мейрамханалар,зәулім үйлер.Әсем гүлдерге толы айналасы тап-таза темір жолы вокзалы,осындағы Т.Рысқұлов атындағы алаң бүгінде қалайда мақтауға тұрарлық.Елін сүйген,елі сүйген Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Шу қаласында болған
Достарыңызбен бөлісу: |