Ауданның даңқты тұлғалары



бет1/3
Дата08.06.2018
өлшемі0,87 Mb.
#42117
  1   2   3
Ауданның даңқты тұлғалары.

Тарих-жыр,тарих –өлең,тарих-қайғы

Өзінше әркім оны парықтайды.

Жас ұрпақ ұмытпау керек бабаларын,

Ұмытқан ұрпақ болып жарытпайды.

(Қадыр Мырза Әли)



Мақсаты:

Шу жерінде туған батырлар мен ақын жазушылардың,сазгерлердің ерен еңбектерін,шығармашыл оқушылар арасында насихаттау,оқушыларды ұлтжандылыққа,Отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі:Батыр мен ақын-жазушылар суреттері.

1 Жүргізуші:

Ұлы Жібек жолының бір тармағында жатқан Шу елі Ақ иық Алатаудан бастау алатын Шу өзеннің қос қанатында орналасқан,Тәуелсіз мемлекет атанған Қазақстанның өңтүстігінде,Жамбыл облысында жатқан өлке-біздің туған жеріміз,кіндік қанымыз тамған жер-Шу өлкесі.

Адам туған жердің топырағынан жаратылып,балалық шағын да осы атамекенде өткізеді.Табиғаттан нәр алып,беттен тепкен самал желдің өзі де жігерленеді.Бүгінгі сыныптан тыс сағатымызда туған жеріміз туралы,қасиетті жерде туып өскен батырларымыз бен дүлдүл ақын-жазушыларымыз жайлы болмақ.

2 Жүргізуші:

Алдымен Шу қаласының тарихымен танысайык:Шу ауданы 1931 жылы құрылған,орталығы Төле би ауылы.Аудан аумағындағы 36 елді мекен 13 ауылдық,бір кенттік округтерге және бір әкімшілікке біріктірілген..Шу өңірі тарихи археологиялық мұралар мен ескерткіштерге бай.



1 Жүргізуші: Шу ауданның жерінде небір ақындар мен жезтандай әңшілер,қайтпас қайратты батырлар,өнер адамдары туғандығы тарихтан мәлім.Халық батырын сыйлаған,ерлікті ең биік құндылық деп санаған.Шу өңінің есімі мәшһүр Зұлқайнарының өзін айлакерлігімен бітімге келуге мәжбүр еткен атақты Шу батыр есімімен тығыз байланысты.Қазақ жерінде аса зор қауіп төндірген 16-18 ғ. Жоңғар қалмақтарының шабуылі еді.Міне,сол бір ел тағдыры таразыға түскен кезеңде ерен ерігімен көзге түсіп,халық жадында қалған батырлар аз болмаған.Шу өңірінен шыққан сондай-ақ Қозыүй(1599-1673),Таңабай,Ақша батыр(1688-1762),Көтентай,Жәдігер.

2 Жүргізуші:Ұлы Отан соғысы жылдарында аудан халқы «бәрі де майдан үшін,жеңіс үшін»деген мақсат-тілекпен еңбек етіп,өмір сүрді.Ауданнан майданға аттанған

«қара қағаз»келген отбасына кариялардың көңіл білдіру үшін»Туяғы бүтін тұлпар,қанаты бүтін сұңқар жоқ»деп айтатын сөзі соғыс жылдарында кімнің көңілінде болса да жатталып қалды.Ауданнан шыққан батырларға да тоқталайық



1оқушы:

Естемесов Саттар (1919)-Кеңес Одағы

ның батыры.1942ж.Армия қатарына алынды,пулеметшілер ротасының бөлімше командирлігіне таайындалады.1943 ж. 19 қыркүйек күні,жаудың атыс ұясын жойып,ерлікпен қаза тапты.Қазірде Шу ауданың Жданов ауылында мектеп оның есімімен аталады

.

2 оқушы:

Шәкіров Саду(1922ж.)-Кеңес Одағының батыры(1943).1942 ж.Армия қатарына алынды,батальоның командиры болды...Днепрден өткен кезде Шәкіов гитлершілердің бесеуін жайратып салып,биіктікке алдымен жетті де,оның төбесіне қызыл жалау қадады.Кеңес Одағының батыра Сәду Шәкіров Шу ауданындағы қызылша өсіруші «Дружба»совхозында еңбек еткен қазірде ауданда Батырдың атында мектеп пен арнайы көше бар.



3 оқушы:

Перепелов Михаил Иванович(1924-1980).Ресейде туған.Армияға 1942 ж.

шақырылды.Гвардия аға сержанты асқан ерлігі үшін 2 дәрежелі Даңк орденімен марапатталды.Шу қаласына 1948 ж. Оралып,локомотив депосының токарі болып қызмет атқарды.Қазір оның есімі Шу қаласының бір көшесіне берілген.



4 оқушы:

Рысқұлбеков Қайрат Ноғайбайұлы (1966-1988). Халық Қаһарманы 1986ж.Алматыдағы сәулет-құрылыс институтына оқуға түседі.Ол 1986 ж.16-18 желтоқсанда болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілік жүйеге қарсы көтерілісіне белсене қатысты.Ату жазасынан кейін 20жылға бас бостандығынан ауыстырылып,

Семей түрмесіне қамалды.Бірақ кейін құпия жағдайда қаза болды.Оған 1992 ж.»Халық Қаһарманы»атағы берілді.Тараз қаласында Рысқұлбековтің есімімен аталатын саябағы бар,ескерткіш қойылған.Өзі оқыған мектеп-интернатта мұражай ашылған.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет