Сабақтың тақырыбы: Туған өлкем.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: оқушыларға Қазақстан туған жеріміз туралы білімдерін қалыптастыру.
Туған жер туралы мағлұмат беру, сұрақтарға жауап беру, ойды жүйелеп айту дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық мақсаты: оқушылардың сөздік қорын байыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге
дағдыландыру, тақырыпқа байланысты сұрақтарға жауап алу арқылы оқушыларды талдап қорытынды жасау дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты: өз Отанын, халқын, жерін сүюге, Қазақстанның рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстанның картасы, сөзжұмбақтар, бейнебаян.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Пәнаралық байланыс: музыка, математика, қазақ тілі, дүниетану.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу.
Күн нұрындай әсем,
Бас иетін барша әлем
Нұр ойнаған жүзінде
Ұстаздарға бір сәлем.
Рәміздер бойынша топқа бөлу.
Психологиялық ахуал.
Аспанымыз ашық болсын!
Көк туымыз биік болсын!
Ата-анамыз аман болсын!
Деніміз сау, еліміз тыныш болсын!
Қызығушылықты ояту.
-Балалар біз қай елдің ұланымыз?
-Қай тілде сөйлейміз?
-Отанымыз қалай аталады?
-Тудың авторы кім?
-Елтаңбаның авторы кім?
Үй тапсырмасын тексеру.
«Туған тілім» өлеңін жаттап келу. Шатасқан өлеңнің қатарлары арқылы өлеңді ретімен қатарына
орналастыру. Өлеңді мәнерлеп оқу.
.Ақынның туған тіл деп отырғаны қай тіл?
.Өлеңдегі туған тіл деген тіркестің орнына қазақ тілі деген сөзді қойып, дұрыс, түсініп, мәнерлеп оқы.
Сергіту сәті.
Аспанға қарап күнді көрдім,
Жерге қарап гүлді көрдім.
Оңға, солға бұрылып,
Егеменді елді көрдім.
Бөлім қалай аталады? Дауыстап оқы.
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем.
Жаңа сабақ.
Сөзжұмбақ арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.
«Атамекен» тобы.
1. Ту сөзінің синонимі.
Мөлдір, түссіз, иіссіз зат.
100 жыл=1 ....
Қадірлі жан.
Ас атасы не?
«Елтаңба» тобы.
1 . Арнасы бар ағынды су.
2. Ешкінің төлі.
З. Қыстан кейінгі мезгіл.
4. Бес ондық.
б.Зат есімнің сұрағы.
Ия, балалар біздің бүгінгі жаңа тақырыбымыз «Туған өлкем» атты өлең. Өлеңнің авторы Өтебай Тұрманжанов. Өтебай Тұрманжанов 1905 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Бөген ауылында дүниеге келген. Ол балаларға арнап көптеген шығармалар жазған. Өтебай Тұрманжанов 1978 жылы қайтыс болған. Біздер өткен сабақта Өтебай Тұрманжановтың «Мектеп-біздің анамыз» атты өлеңін жаттаған едік.Соның бір шумағын қайсы оқушы айтады екен. Ал енді бүгінгі жаңа сабағымыз Өтебай Тұрманжановтың «Туған өлкем» өлеңі туралы.
Туған өлкем.
Көгінде күн нұрын төккен,
Жерінде гүл жұпар сепкен.
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем.
Алтын дәнді даласы бар,
Ақ күмістей қаласы бар. Неткен сұлу, неткен көркем, Осы менің туған өлкем.
Ер еңбегі шалқып, тасқан, Ел еркіндігі бақыт тапқан. Неткен сұлу, неткен көркем, Осы менің туған өлкем.
1. Өлеңдегі ақын сезіміне сай келетін сөздерді ата:
-қуаныш
-мақтаныш -шаттық
2. Ақын туған жердің күні, гүлі туралы не дейді?
Алтын дәнді дала, ақ күмістей қала дегендерді қалай түсінесіңдер?
Туған өлке тағы несімен көрікті?
Туған өлке тағы несімен көрікті екенін бейнебаян арқылы көрейік.
Жұптық оқу.
Ойын. «ИЯ, ЖОҚ»
Еліміздің астанасы Ташкент.
Президентіміз Н. Назарбаев.
Отан сөзінде 6 (алты) дыбыс бар.
4.16 желтоқсан Тәуелсіздік мерекесі.
Астанада Медеу мұз айдыны бар.
Біз орыс тілінде сөйлейміз.
Ауданымыз Созақ.
Біздің ауылымыз Шубарсу деп аталады.
Көктемнің алғашқы гүлі Бәйшешек,
10. 2014 жылы тәуелсіздігімізге 23 жыл толады.
Қорытындылау.
Жер қабылдап таң нұрын,
Береді елге байлығын.
Осы жердің барлығы-
Қазақ жері, ай-күнім!
-Қазақ жерінің бар байлығын қорғап, үнемдеп ел кәдесіне жаратар келешек өздерің.
Достарыңызбен бөлісу: |