Мектеп оқушыларының патриоттық ТӘрбие білімдерін жетілдіру жолдары қожахан Мурат Дарқанұлы



Дата21.04.2017
өлшемі68,63 Kb.
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БІЛІМДЕРІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Қожахан Мурат Дарқанұлы
Талдықорған қ. І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті

Ғылыми жетекшісі БӘД кафедрасының аға оқытушысы Джанабаев К.Т.


Қазіргі заманғы білім беруді дамыту үшін, қалыптасқан заңдылықтар мен жалпы шараларға, яғни қоғамдық-саяси, ғылыми техникалық және адамгершілік заңдылықтарды негізге ала отырып, әлдемдік стандарттар деңгейінде білім беруде болашақ технология пәні мұғалімін кәсіби даярлау мәселесіне назар аудару арқылы, елімізді бәсекеге қабілетті елдер қатарына қосуды қажет етеді. Әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына экономикада білімді қолдану индексі бойынша кіруін; ұлттық ғылыми орталықтар жұмысының практикасына ғылыми-зерттеу қызметін басқарудың халықаралық стандарттарын енгізуді; ұлттық ғылыми орталықтар жанында барлық ғалымдар қызмет ете алатын ашық үлгідегі зертханалардың жұмыс істеуіне назар аударған. Бағдарлама, бәсекеге қабілетті ғылыми-техникалық жүйені дамыту мен оны қаржылық, кадрлық, материалдық әрі ақпараттық ресурстармен қолдау үшін ғылыми-техникалық саланың мемлекеттік және жекеше секторларына қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі ұзақ мерзімді бағдарлама әзірлеу және оны іске асыруды көздейді. Ол, Отандық ғылыми әлеуетті дамытуға және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін Қазақстан Республикасы азаматтарының әл-ауқатын арттыру мен елді әлеуметтік-экономикалық дамыту үшін жан-жақты пайдалануға бағытталып отыр.

Осыған орай, білім беру мақсатын, құрылымын, мазмұнын, әдістері мен құралдарын, оқу үрдісін ұйымдастырудың формасын мейлінше жаңартуды көздейтін, педагогтардың, ата-аналардың, білім беру жүйесінің түрлі деңгейлері басшыларының, яғни барлық педагогикалық қауымдастықтың белсенді араласуын қажет етеді.

Қоғамның әлеуметтік және экономикалық дамуы жолында білімнің рөлі артып келетіні белгілі. Бәрінен бұрын, бұл оқу курстарын түрлендіру, білім түрлерінің арасында немесе кәсіби тәжірибе мен біліктілігін арттыру арасындағы байланысты қамтамасыз ете алатын кадрлар дайындау жүйесіне қатысты. Ең алдымен, білім жинақтай білуге үйрету қажеттілігі туындап отыр. Сондықтан ең бастысы - оқуға деген оң көзқарастың дамуы. Шәкірттердің сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуға арналған оқытудың әдістілдері білім алушыларға құбылыстардың себептеріне толық ұғынуға, ережелер мен заңдылықтардың сырларын терең түсінуге, олардың ғылыми білімдегі орнын аңғаруға қолайлы жағдайлар жасайды. Мұндай әдістер, әсіресе, табиғатынан тұйық, өз ойын тәптіштеп түсіндіруге шалағай, өздеріне сенімсіздеу, талданған мәселелерден, баяндалған тақырып мазмұнынан тиісті байлам, түйін жасауда жасқаншақтық байқататын оқушыларға пайдасы ұшан теңіз екеніне көзіміз жетті.

Мектепте әскери курсында оқушыларды әскери мамандығына кәсіби тұрғыда бағдарлау мақсатында жоспарға сай жүргізілудегі сабақ барысында шәкірттердің сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін жетілдіруге, дамытуға арналған оқыту технолагиясы оларға еркін ойлауға, байқалған, баяндалған мазмұнынан тәуелсіз пайымдамалар жасауға мүмкіндік береді, шығармашылық белсенділігі жоғарылайды, ұжымдық қорытындыда өз үлесі бар екенін сезіп қуаттана марқаяды, келесі мәселелер түйінін шешуге еркін араласады, өз ойын жасқанбай айтуға үйренеді. Тақырыптың негізгі өзегін, бағытын, мән-мағынасын түсінеді, тіл байлығын жетілдіреді, өз ойын қысқа, мазмұнды, мағыналы, дәлелді баяндауға дағдыланады, пәнге қызығушылығы артады, ғылым негіздерін игеру әдістерін меңгереді, сөйтіп өзін келесі мәселені талдауға дайындайды. Мектептегі бастауыш әскери дайындық барысында жастар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің даму тарихымен, мінездемесін, ерекшеліктерімен танысады, «Жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қызмет» туралы т.б.заңдармен, әскери ант пен әскери жарғылардың талаптарын оқып үйреніп, атыс қаруларының үлгілерімен жете танысып, азаматтық қорғанысқа қажетті мәлеметтер мен іс-қимылдарға үйренеді. Мұнымен қатар қыз балалар дәрігерлік- санитарлық іспен айналысады [1].

Осындай қыруар істі жүзеге асыру, әскери істерге үйрету мен әскери-патриоттық тәрбие берудің сапасы, осы істердің ұйытқысы болып табылатын алғашқы әскери дайындық мұғалімінің біліктілігіне көп байланысты.

Төмендегі әдістемелік ұсыныстардың жобалы түрі мектептердегі жас мамандардың жұмыстарына септігін тигізеді деген ойға келеді.

Оқушыларға әскери-патриоттық тәрбие беру дегеніміз-оларды саяси, моральдық-психологиялық жағынан егемен елін қорғауға психологиялық тұрғыда дайындау.

Бұл дайындықтың негізгі бағыттары: -еліміздегі Қарулы Күштерге деген қамқорлық, «Жалпыға бірдей әскери міндет» туралы, еліміздің қорғаныс қабілеті туралы т.б. заңдар мен қарулы- қарарлардың мазмұны мен мақсатын түсіндіру;

-жастарды саяси қырағылыққа, қазіргі кезеңдегі соғыстың ерекшеліктерін түсіндіре отырып олардың Отанын қорғау ісіндегі міндеттерін дұрыс түсінуге тәрбиелеу;

-аға ұрпақ өкілдерінің ерлік істерін насихаттау, ерлік пен жанқиярлықтың мәнін түсіндіріп, олардан үлгі алып, мақтан тұтуға баулу;

-қазіргі кезеңге лайықты саяси-моральдық, психологиялық қасиеттерді дарыту;

-алғашқы әскери және әскери- техникалық білім алуларын қамтамасыз ету

Мектептің міндеті оқушыларға саяси және әскери білім бере отырып, Отан сүйгіштік т.б. қасиеттерді дарытып, алған білімдері мен үйренгендерін іс жүзінде іске асыра білуге тәрбиелеу. Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі әскери құрылымдарды күшейту арқылы ғана емес, әр азаматымыздың осы жауапты іске тікелей қатысуымен іске асырылатынын әрбір жасөспірім ұл мен қыз жете түсінуі тиіс [2]. Республикамыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындау үшін әрбір мектеп ұжымы мынадай педагогикалық талаптарды жүзеге асыруы тиіс:

-әскери-патриоттық тәрбиені жалпы мектептегі оқу-тәрбие жұмысының негізгі бөлімі деп қарастырып, оны басқа тәрбие жұмыстарының түрлерімен тығыз байланыста жүргізу;

-әскери-патриоттық тәрбиені оқушылардың жас ерекшеліктеріне, жеке қасиеттері мен ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, әр түрлі әдістерді пайдаланып түрлендіре жүргізу;

-әскери-патриоттық тәрбиені саяси, адамгершілік, еңбексүйгіштік, эстетикалық және дене тәрбиесімен ұштастыра жүргізу;

-әскери-патриоттық тәрбиеде оқушылардың бастамалық, т.б. ұсыныс талап-тілектеріне көңіл бөліп ескеру [3].

Сабақтан тыс уақыттарда жүргізілетін бастауыш әскери дайындық тәрбиесінің түрлері мен әдістері. Бастауыш әскери дайындық пәнінің орта мектептердің бағдарламасына қайта енгізілуі сабақтан тыс уақытта жүргізілетін әскери-патриоттық тәрбие жұмыстарының кеңінен өрістеуіне ықпал етті. «Қарулы Күштеріміздің 19 жылдығы», биылғы айтулы «Ұлы Жеңістің 66 жылдық» мерейтойлары т.б. мерекелер қарсаңында бұл жұмыстар жаңа қарқынмен, жігермен жүргізілетіні даусыз.

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, әскери-патриоттық тәрбиенің нәтижелі болуы оның саяси мәні мен қоғамдық пайдалы бағытта болуында, әрі оның әсерлі түрлері мен әдістерін таңдай білуде. Бұл әдістерді таңдау кезінде оқушылардың көзқарастарын, мұғалімдердің дайындығын, материалдық базаны, ақын маңайдағы әскери бөлімдер мен көмек бере алатын кәсіпорындардың болуын есте ұстаған жөн. Ең бастысы, бұл шаралардың тірбиелік мақсаты мен жүгізілу әдісін таңдап алып, дайындық жұмыстарында ересектердің (мұғалімдер, ата-аналар мен шақырылғандар), оқушылардаң алар орнын белгілеу [4].

Әскери-патриоттық жұмыстардың түрлерінің мектептерде көп тарап, жиі пайдаланатындары мыналар: баяндамалар, оқырмандар конференциясы, тақырыптық әңгімелесулер (Қазақстан. Қарулы Күштерінің әдет-ғұрпы, ерлік жолы, әскери ант, әскери борыш, әскери мамандақтар т.б.), ауызша журналдар, байқаулар, тақырыптық кештер.

Баяндамалар мен әңгімелесулерді бейнетаспалар мен магнитті таспаларға жазылған фрагменттер, әдеби кітаптардан үзінділер келтіре отырып жүргізген абзал. Елеулі күндерге арналып өткізілетін шараларға ата-аналар, мамандар, офицерлер мен жауынгерлер, ардагер ақсақалдарды қатыстыру нұр үстіне нұр болары даусыз.

Әскери-патриоттық жұмыстардың ұмытылып бара жатқан тағы бір түрі облыс, аудан, қала, ауылдық көлемдерде ұйымдастырылатын еңбек, ерлік даңқын дәріптеу орындарына саяхаттар ұйымдастыру.Бұл үшін шығынданып алысқа баруының қажеті шамалы. Осыларды зерттеу, материалдар жинастыру оқушылардың өз жерін, елін-жұртын жете білуге, ата-баба ерлігін мақтан тұтуға тәрбиелейді, әрі өлкетану жұмысымен тығыз байланысты болғандықтан Отансүйгіштік, туған табиғатқа деген көзқарастың дұрыс қалыптасуына ықпал етеді. Жинақталған материалдар мектеп музейлері мен Даңқ залдарын жасақтауға көп көмек етеді.

Мұндай саяхаттарды бастап жүретіндер өте тәжірибелі, жауапты мұғалімдер болуы керек. Саяхаттың бағыт-бағдары тақырып таңдауға, әрі экспедиция мүшелерінің дайындығы мен материалдық мүмкіндіктеріне тікелей байланысты болады [5].

Осындай бірнеше экспедициядан соң мектеп ішінде музей, бұрыш, зал, т.б. ұйымдастыру мүмкіншілігі туады. Мұндай музейдің, не Даңқ залының болуы мектептегі әскери-патриоттық, тәрбие жұмыстарының басқа да бағыттарын жүргізудің орталығы болумен бірдей. Музей мен Даңқ залының негізгі бағытын айқындайтын ондағы экспонаттар, оның экспозициялық тақырыптық жоспарын қарап, бекітетін мектептің педагогикалық кеңесі болып табылады.



Бұл тұрғыда әр түрлі кездесулер мен батыр аталар мен аналардың өмір жолын дәріптеу, ардагерлер мен соғыс мүгедектеріне ұдайы қамқорлық жасау, әр түрлі әскери тақырыптарға байқаулар өткізу, әскери-спорттық бағыттағы ойындар мен жарыстардың маңызын ұмытпауымыз жөн. Жасөспірімдерді әскер қатарына қызмет атқаруға дайындауда алғашқы әскери дайындық пәнінің шешуші маңызы бар. Сабақтар барысында жүргізілетін әскери-патриоттық тәрбиені, сыныптан тыс жұмыстармен ұштастыра жүргізу керек.
ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. Құнантаева К.Қ. «Қазақстандағы патриоттық білім беру істері» (1917-2000 ж.ж.)-Алматы,2003.

  2. Абинова Г. «Білім дамудағы өзекті мәселелер»-Алматы,2003.

  3. Р.Н. Бөгенбаева, Е.А. Идрисова . Патриоттық тәрбие және білім берудің қазіргі көкейкесті мәселелері - Алматы, 2001.

  4. Білім туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі N319 Заңы. Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., N 20, 151-құжат; "Егемен Қазақстан" 2007 жылғы 15 тамыз N254-256.

  5. Жолдасбекова С.А. Отаншыл рухты оқытудың өзекті мәселелері. // «М.Әуезов – жаңа дәуір данышпаны» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция еңбектері. – Алматы 2007.

Каталог: uploads -> files -> 2016-04
2016-04 -> Махамбет қай жылы туғАН? Тұрлыбай Бақыт Серікқызы
2016-04 -> ҚазақТЫҢ хас батыры -аттила (еділ батыр)
2016-04 -> Баспасөз беттеріндегі фразеологиялық тіркестерді қолдана отырып сөйлеу дағдысын қалыптастыру 411 штқ студенті
2016-04 -> Кескіндеме өнерінің шығу тарихы
2016-04 -> ЖАҢа технологиялар негізінде бастауыш сынып оқушыларының Ғылыми танымын қалыптастыру баятбек Жансая Жанатқызы
2016-04 -> ТӘкен әлімқҰловтың ӘҢгімелеріндегі өнер адамдарының бейнесі жайнарбаева Назгуль Нурланқызы
2016-04 -> Өздік жұмыстар арқылы бастауыш сыныпта еңбек тәрбиесін беру тұрсынбай Е. Р
2016-04 -> РӨлдік ұстанымдардағы бейвербалды қарым қатынастың ерекшеліктері г.Ү. Түйебаева
2016-04 -> Қазақ ауыз әдебиеті мен антикалық Әдебиет дәуіріндегі фольклористиканың Өзара үндестігі
2016-04 -> Орта буын оқушыларының диалогтік сөйлеу дағдысын қалыптастырудағы ауызекі жағдаяттардың рөлі. Мұқан А.Қ


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу