Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 2(148). 2014
АУДАРМА ТЕОРИЯСЫ
ТЕОРИЯ ПЕРЕВОДА
ӘОЖ 82.03; 82:81'255.2
Ж. Т. Абдуллаева
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінiң доцентi, ф. ғ. к.,
Алматы қ., Қазақстан
e-mail:
zhibek.aknur@mail.ru
Көркем аудармадағы аудармашы тұлғасы
Мақалада мәтінді аудару үдерісіндегі аудармашы тұлғасы қарастырылады. Аудармашылық қызметтің
ерекше маңызы мен оның шығармашылық сипаты туралы сөз қозғалады. Белгілі бір тілде жазылған көркем
шығарма аударма үдерісінде аудармашының шығармашылық ой елегінен өтіп, жаңа кескін-келбетке ие
болатындығына назар аударылады. Көркем аударма – сөз өнерінің айрықша бір түрі, ал аудармашы – екі
мәдениеттің тоғысуында өмір сүруші өнер иесі, айрықша суреткер ретінде сипатталады. Қорытындыда
аудармашы ұдайы ізденіс пен тәжірибенің арқасында шыңдалатын шығармашылық тұлға болғандықтан, кез
келген аудармада аудармашының шығармашылық даралығы, өзіндік қайталанбас стилі көрініс табады деген
тұжырым жасалады.