________________________________________
Аударманың жаңа тілдік ортада қабылда-
нуында оны қайта жаңғырту әрекеттері мен
оны қайта жаңғыртушы аудармашының тұл-
ғасы көрініс табады. Аударма өзге тілді ортада
сөз өнерінің жеке бір шығармасы ретінде өмір
сүріп, сол шеңберде қабылданып, бағаланады.
© 2014 al-Farabi Kazakh National University
207
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series. № 2(148). 2014
Салыстырмалы әдебиеттану тұрғысынан ал-
сақ, ол түпнұсқамен, сол тілдегі басқа да аудар-
малармен және типологиялық құбылыс ретін-
де өзге тілдегі аудармалармен де салыстыры-
ла алады, ал олардың арасындағы айырмашы-
лықтар тілдік ерекшеліктерге, ортаға, уақытқа,
оқырман қабылдауына, әдеби дәстүрлерге және
т.б., әсіресе, аудармашының жеке даралығына
байланысты. Осы ретте белгілі бір тілде жа-
зылған көркем шығарма аудармашының шығар-
машылық ой елегінен өтіп, жаңа кескін-кел-
бетке ие болады.
Түпнұсқа тілі мен аударма тілі арасындағы
тілдік сәйкестіктерді анықтаудан бастап, ау-
дарматануда аудармашылық үдерісті көп қылы
құбылыс ретінде ұғыну барысында тілдік қа-
лыптар ғана емес, сондай-ақ әлем мен жағдаят-
қа тілдік көзқарас пен қатар жалпы мәдениет
ұғымымен анықталатын тілдік емес факторлар
шеңбері де салғастырылады. Осы үдерісте ау-
дармашының шығармашылық тұлғасы басты
рөл атқарады.
Кез келген тілдің тек өзіне ғана тән құрал-
дары, ерекшеліктері мен қасиеттері бар. Қан-
дай бір образды немесе сөзді аудармада дұрыс
жеткізу үшін кейбір тұстарда оларды өзгертуге
тура келеді. Бұл кезде сол образдың немесе
сөздің сыртқы көрінісінің сәйкестігін сақтап
қана қоймай, яғни аудармада түпнұсқаның
ішкі көрінісінің сәйкестігін сақтау маңызды.
Сондықтан да аудармашы аударма жаса-
латын шет тілін, сол елдің мәдениетін, соны-
мен бірге өзге тілді, оның құрылым ерекше-
лігін, оның бөлшектерінің өз ана тілінің бөл-
шектерімен өзара байланыс қисынын көрсету
үшін ана тілінің мүмкіндіктерін сарқи пайда-
ланатындай терең меңгеруі тиіс. Түрлі тілдер
тасымалдаушылары арасында қабылданған сөй-
леу нормалары туралы көзқарастардың бір-бірі-
не сәйкес келмеуі де аудармашы үшін ауыр сын.
Кез келген аударманың деңгейі аударма-
шының білім деңгейінен, таланты мен тәжі-
рибесінен хабар береді. Соған қоса аударма
үдерісінде дұрыс шешім қабылдау аудармашы-
ның шығармашылық сезімталдық қабілетіне
байланысты. Шығарманың сюжетін, кейіпкер-
лерін жасау автордың еншісінде болғанымен,
аудармашы өзге тілде түпнұсқаны қайта жасап
шығады. П.М. Топердің пайымдауынша, көр-
кем аударма – шығармашылық саласы. Осы
орайда аудармашы алдын ала тілдік құралдар-
ды тәртіппен таңдап қана қоймай, өнер туын-
дысын басқа тілдік, әлеуметтік, тарихи жағ-
дайларда қайта дүниеге әкеледі [1, 27]. Осы-
лайша ғалым көркем аударманың заңдылықта-
рын өнер саласына жатқызады.
Ә. Сатыбалдиев аудармашы қызметінің
шығармашылық сипаты туралы былай деген:
«Аудармашылық − нағыз творчестволық өнер.
Ол әркімнің қолынан келе беретіндей еріккен-
нің ермегі емес. Аудармашы екі тілді де жетік
білумен қатар әрі жазушы, әрі ғалым болуға
тиіс. Аударма сапасы оның талантына, білімі-
не, жалпы мәдени дәрежесіне және тәжірибесі-
не байланысты» [2, 23].
Аударматануда аудармашыны көбінше әр-
тіспен немесе пианистпен салыстырады. К.И. Чу-
ковский аудармашы жұмысының шығарма-
шылық сипатын, оның бойындағы әртіс-ке тән
қасиеттерді ерекше атап көрсеткен [3, 51].
Кез келген аудармашы шығармашылық
әлемнен орын алатын дара тұлға болып есеп-
теледі. Өйткені аударма үдерісінің нәтижесін-
де оның өз шығармашылық мектебі, шығар-
машылық шеберханасы, өзіндік қолтаңбасы
қалыптасады. Басқа мамандықтармен салысты-
ратын болсақ, аудармашы мамандығының
ерекшелігі осы жеке даралық сипаттан тұрады.
Аталмыш мамандықтың күрделілігі де, айрық-
ша қызығушылық тудыруы да осының айғағы,
себебі аудармашылық жұмыс барысында тез
арада шешімін талап ететін, кейде күйзеліс
жағдайына дейін апаратын интеллектуалдық
мәселелер туындайды. Бұл жерде аудармашы-
ға ешкім де көмектесе алмайды, бәрі де оның
біліміне, мінез-құлқына, бір адамды басқа
адамнан ажырататын психофизиологиялық қа-
сиеттеріне байланысты. Аударма туралы, оның
теориясы мен тәжірибесі туралы қажетті мәлі-
меттермен қаруланған нағыз кәсіби маман
туындаған мәселенің күрделілік деңгейін дұ-
рыс анықтап, оларды шешудегі жалғыз дұрыс
жолды таба біледі.
Осыған байланысты аудармашының жұ-
мыс барысындағы мінез-құлқы айрықша деуге
болады. Ол аударманы оқитын, оны қабылдау-
шы аудиторияның көзқарасын сезінуі тиіс,
аударылатын мәтіннің мағынасы ғана аудар-
машы үшін ең басты мақсат болып табылады.
Осы ретте аудармашының өз дауысы мен
мінез-құлқы бейтарап күйде болуы қажет.
Аударма үдерісі туралы сөз қозғағанда, бір
тілдегі мәтіннің өзге тілде тіларалық түрленуін
немесе трансформациясын ғана емес, аударма-
шының аударма жасау барысында миында
жүретін психофизиологиялық үдерісті де елес-
тетеміз. Л.С. Бархударовтың пікірінше, аудар-
ма үдерісінде аударма теориясының ешқайсы-
Көркем аудармадағы аудармашы тұлғасы
208
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 2(148). 2014
сында ескерілмеген жеке дара, бірен-саран сәй-
кестіктерді табу аудармашылық қызметтің шы-
ғармашылық сипатын көрсетеді. Алайда, ау-
дармашы аударма теориясын меңгермеген бол-
са, онда аударманың коммуникативтік қызметі
де, сәйкестігі де жүзеге асуы мүмкін емес. Осы
арада аудармашы қызметін коммуникативтік
акт ретінде, ал аудармашыны тіл, мәдениет, ел-
дің ұлттық дәстүрлерін жақсы меңгерген, дү-
ниетанымы мол мәдениетаралық коммуника-
цияның делдалы ретінде бағалауға болады.
Түпнұсқа мен аударма мазмұндарының
бірдей болуы мүмкін емес жайт болғанымен
де, түпнұсқаның мазмұнын барынша толық
жеткізу аудармашының басты міндеті болып
саналады. Екі тілде жасалған мәтіндердің маз-
мұнының барынша ортақтығын білдіретін сәй-
кестікті, аудармашылық сәйкестікті, аударма
үдерісінде аудармашының қол жеткізетін түп-
нұсқа мен аударма мәтіндерінің мағыналық
жақындықтарын ажырата білу қажет.
Аудармашының аударма үдерісіндегі рөлі,
оның тұлғасының аударма мәтінге тигізетін
әсері туралы мәселе көпшілік назарын аудар-
тып, пікірталастар тудырып келеді. ХХ ғ. екін-
ші жартысында аударма теориясы мен тәжіри-
бесінде аудармашы рөлін «көрінбейтін» тұлға
ретінде бағалап, аударма үдерісінде барынша
бейтарап болуын талап етті. Алайда осы пі-
кірді аударматанушылардың барлығы бірдей
қолдамады. Мәселен, белгілі американдық ау-
дарма теоретигі Д. Робинсон аудармашыны
бейтарап аударма машинасы емес, оны мұндай
рөлде көру мүлдем дұрыс еместігін жазады.
Аудармашының жеке тәжірибесі, яғни оның
сезімі, көзқарасы, мотивациялары, ассоциа-
циялары аударма мәтінде мүмкін ғана емес,
сонымен қатар қажетті элементтердің бірі деп
санайды.
Аудармашының елеулі рөлін жақтаушы-
лардың пікірінше, кез келген аударма түпнұс-
қаның бір ғана интерпретациясын білдіреді,
сондықтан да аудармашы өзінің интерпрета-
циялық іс-әрекетіне батыл кірісуі керектігін
алға тартады. Алайда, оқырманның түпнұсқа
авторы туралы пікірі аудармашының интер-
претациялық көзқарасына байланысты қалып-
тасады. Сондықтан да ол өз интерпретациялық
қызметін саналы түрде ой елегінен өткізе оты-
рып атқаруы тиіс деп санаймыз.
Әр аудармашының өзіне тән аудару тәсіл-
дері бар, қазіргі заманғы зерттеу әдістері ар-
қылы аудармашының жеке сөз бен сөз орам-
дарын, синтаксистік құрылымды, терминоло-
гияны және т.б. таңдауда аңғарылатын құш-
тарлықтарын айқындауға болады. Мұндай тал-
дау оның жұмыс сапасын бағалау үшін ма-
ңызды. Өйткені, қандай да бір ой әр тілде түр-
ліше көрініс таба алады. Мәселен, ғылыми мә-
тіндерді аударуда ой дұрыс әрі түсінікті жет-
кізілу маңызды. Көркем аударма түпнұсқаға
жақын болып қана қоймай, аударылған шығар-
маның эстетикалық күш-қуатын сақтауы тиіс.
Көркем аударманы ең биік өнер деп сана-
ған К. Чуковский аударма өнерінің шеберлері
жайлы: «Шебер аудармашылар орта кәсіпті ау-
дармашылардан синонимдердің бай қорына ие
болуымен айрықшаланады.
Синонимдерді жинақтай отырып, аударма-
шы оларды тәртіпсіз үсті-үстіне үюі тиіс емес.
Ол синонимдерді стиль бойынша дәл қолдан-
сын, өйткені әрбір сөз сентиментальды, салта-
натты, әзіл-оспақты, іскери стильге ие» [3, 62],
– деп, синонимдік қатарды ретіне қарай қол-
дану аудармашылық шеберліктің бір қыры
екендігін алға тартады. Сонымен, аударма үде-
рісінде тілдегі синонимдік қатарды орынды
қолдана білу де аудармашы шеберлігінен туын-
дайды. Осы тәрізді тәсілдер аудармада түпнұс-
қаның көркемдік күш-қуатын, эстетикалық
әсерін жеткізуге септігін тигізеді.
Көркем аударма өзге тілде қайта жаңғыр-
тылған әдеби шығарма болғандықтан, ол – сөз
өнерінің айрықша бір түрі, ал аудармашы – екі
мәдениеттің тоғысуында өмір сүруші өнер
иесі, айрықша суреткер. Аудармашының ажы-
рамас талантының бір қыры – аударма сюже-
тін жеткізуде түпнұсқаның беретін әсеріне тең
әсер қалдыра білу.
Автор мен аудармашы арасындағы шығарма-
шылық айырмашылыққа келсек, көркем мате-
риал жазушы ойының қайнар бұлағынан шық-
қан көркем материалды аудармашы дайын күйін-
де қабылдап, өз шығармашылық шеберханасын-
да талдаудан өткізіп, ана тілінде қайта жасай-
ды. Түпнұсқа шеңберінде осы барлық өмірлік
оқиғалар, сезім мен күйініш-сүйініштер, образ-
дардың портреттері мен олардың рухани-психо-
логиялық әлемі аудармада қайта жаңғырады.
Мысалы, кескін-келбеті, киім киюі, дауысы, сөй-
леу нақышы, өзін ұстау мәнері сияқты адам-
ның мінез-құлқын құрайтын барлық нақтылық-
тар абстрактілі құбылыстармен бірлікте, үндес-
тікте болуы тиіс. Осы тұрғыдан алсақ, аудар-
машы да – жазушы. Ол шығарманы жазған
жазушыға бағына отырып, бойына бір ғана
мәдениетті емес, бірнеше мәдениетті, мәнерді
сіңіріп, жазушы ретінде еңбек сіңіреді.
Ж. Т. Абдуллаева
209
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series. № 2(148). 2014
Тіларалық байланыс кезінде автор мен
оқырман арасында аудармашы тұлғасы көрініс
табады. Тіл табиғатының жүйелі сәйкессіздік-
тері сияқты мәселелермен қатар өзгенің мәті-
нін аударуда аудармашының дүниетанымында
қалыптасқан тұлғалық, әлеуметтік және басқа
да факторлар шығармашылық қайта жаңғырту
үдерісіне өз ықпалын тигізеді. Мәтінді түп-
нұсқа тілін білмейтін оқырманға таныстыру
үдерісінде аудармашының рөлі мен жауапкер-
шілік деңгейін бағалау қиын. Бұл жерде ау-
дармашылық этика туралы сөз қозғау орынды.
Аудармашы өз шығармашылық даралығын ау-
даратын авторының еншісіне қарай шектеуге
тырысуы тиіс.
Аударма үдерісінде образдарды қайта жаң-
ғырту мақсатында аудармашы негізінен төмен-
дегідей үш шартты сақтағаны абзал:
– образдың сыртқы портретін жасау;
– образдың қызмет шеңберін қоғамдық ор-
тамен байланыста суреттеу;
– образдың ауызекі тілін қайта жаң-ғырту.
Аудармашының басты шығармашылық өне-
рінің бір қыры – осы үш шартты өзара бір-
лікте сақтау, өйткені осы шарттардың әрқай-
сысы жекелей алғанда ешқандай мағынаға ие
емес. Егер де аудармашы образдың сөзін, сөй-
леу мәнерін ести алмаса, онда көзделген мақ-
сатқа қол жеткізілді деуге болмайды. Аудар-
машы образдың ішкі жан дүниесін ашатын
детальдарды суреттеуге қажетті сәйкес сөз-
дерді іріктеуге аса мән беруі тиіс. Мұның бар-
лығы да аудармашыдан еңбекқорлық, ізденім-
паздық пен қатар асқан ыждаһаттылықты та-
лап етеді.
Аудармашы әлемге өзі аударатын шығарма
авторының көзімен қарай білуі тиіс. Аудар-
машы өзінің дүниетанымына ұқсас авторды
дұрыс таңдай білуі оның шығармашылығын
шабыттандыра түсіп, жұмысын біршама же-
ңілдетеді. Бұл жерде аудармашы мен жазушы
арасында рухани үндестіктің болуы заңды
құбылыс. Осыған байланысты Қ. Нұрмаханов:
«Бір авторды стилі, рухы, творчестволық таби-
ғаты жағынан жақын бір адам аударсын, сонда
аударма сапасы тәуір болып шығады» [4, 19], –
деген тұжырымды алға тартады.
Көркем аудармада интерпретатор рөліндегі
аудармашы түпнұсқа шығарманы интерпрета-
циялау, яғни оны түсіну, түсіндіру, яғни тал-
қылау қызметтерін атқарады. Бұл жерде автор
мен аудармашы туындыларының, атап айтқан-
да, түпнұсқа мен аударма арасында толық мате-
матикалық сәйкестіктің болуы мүмкін емес.
Сонымен, аудармашы түпнұсқа мәтіннің
интерпретаторы және аударма мәтіннің авторы
ретінде аударма мәтінге түпнұсқаны өзіндік
ұғынудың элементтерін қосады. Бұл жерде түп-
нұсқадан ауытқудың себептері негізінен қан-
дай да бір лексикалық бірліктердің мағынасын-
дағы елеусіз немесе едәуір өзгерістерге тіреледі.
Аударма үдерісінде аудармашының ұста-
натын басты қағидаларын атап өтсек:
– аудармашы түпнұсқаның мағынасын же-
тік түсінуі керек, алайда аудармашы оқырман-
ға түсініксіз болатын жайттарды алдын ала ес-
кере отырып, түсіндіре білуі тиіс;
– аудармашы түпнұсқа тілі мен аударма ті-
лін жетік меңгеруі қажет;
– аудармашы аудармада түпнұсқаның ма-
ғынасы мен идеясын толық жеткізе білуі тиіс;
– аудармашының тілі қабылдау үшін түп-
нұсқа авторының тілі сияқты шынайы және
жеңіл болуы шарт;
– аудармашы сөзге шешен болуы тиіс, ал
аударма мәтін өз шынайылығын, табиғилы-
ғын сақтауы қажет.
Сонымен, аударматануда аударма үдерісі
бірауыздан шығармашылықтың бір саласы ре-
тінде қарастырылады. Демек, аудармашы қос
тілдің қыр-сырын меңгерген, жазушылық қа-
білет пен жан-жақты білімге ие, ұдайы ізденіс
пен тәжірибенің арқасында шыңдалатын шы-
ғармашылық тұлға екендігін ескерсек, аудар-
мада аудармашының шығармашылық даралығы,
өзіндік қайталанбас стилі көрініс табады.
Достарыңызбен бөлісу: |