Аудармадағы аударылмайтын сөздер


Төмендегі көркем әдебиеттен алынған сөйлемдердегі реалия сөздерді топтарға бөліңіздер



бет24/43
Дата06.02.2022
өлшемі1,13 Mb.
#39667
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   43
6. Төмендегі көркем әдебиеттен алынған сөйлемдердегі реалия сөздерді топтарға бөліңіздер:
1) Ас беру – жерлеу емес, Дәшті Қыпшақ елінің дәстүрі бойынша үлкен той [65, б. 45]. 2) Індердің орта жерінде екі қалың сасыр шайқалып өсіпті [65, б. 164]. 3) Аңшылар азығы деп түйеге саба-саба қымыз артқан, жеңіл шатырлар тиеген, алдарына он бестей қой айдаған бір топ жігіт ауылдан шыққан кезде, хан жасағы да солтүстікке қарай бет алды. Бұлар арада бір қонып, келесі күні Ұлытаудың солтүстігіндегі, Кішітаумен жалғасып жатқан, Арғынаты құз-асуларына келіп, қостарын тікті [65, б. 24]. 4) … Әйтсе де, оның елу батпан  шоқпарын сілтетіп қалған жөн-ақ» [65, б. 50]. 5) Көрнеу ши ішіне кіріп кетіп, керегеге асулы тұрған ет болса, жас тері болса, қазанда іркіт, қатық болса – барлығын да өзінің ыдысына құйып қойғандай көріп, иіскелеп жалап, жеп кетеді [65, б.167]. 6) Шаруашылығына қарай, Мауреннахр деп аталатын Жейхұн мен Сейхұн дарияларының ортасында тұратын түркі руларының көбі Күншығыс – Оңтүстігіндегі, түбі көшпелі ирандықтар, өзі тәрізді егіншілікпен шұғылданған отырықшы Соғды елімен қауымдасып, өзбек халқының іргесін қалай бастаған [65, б. 13]. 7) Аққасқаның астына ертеден қамдап алған киізін төсеп, өзінің ығына жатқызды [65, б. 187]. 8) Сол уақытта құлақ шекесінен тиіп қалған қышқаштай қатты темір ауыз жұлқып кеп жібергенде, ой жаққа қарай ытқып барып түсті [65, б. 189]. 9) Аңшылар Қараадырдан бес-алты шақырымдай ұзап шықты [65, б. 185]. 10) Жігіттердің ықыласын аяқсыз тастағысы келмей, бесеуіне бірдей сол Алтын Емел бойынан әрқайсысына бір тепе басыбайлы жер берілсін деп бұйрық алған да өз қолымен иықтарына зерлі шапан жауып, қайтадан төргі бөлмесіне кіріп кеткен [65, б. 78]. 11) Бұның үй ішімен ботадай боздап, биіт басында да қатты күңіреніп жылағанын көргенде, тірі жанның бәрінің сай-сүйегі сырқыраған [65, б. 183]. 12) Даладан қойшы алдынан қой тартып жейтін, жайлаудағы сиырға шауып, тайыншадан бастап, үлкен сиырға шейін жейтін – осы екеуі [65, б. 172]. 13) Көп жылқышы қуғын салып, жегізбеді [65, б. 177]. 14) Қазтұған жырау өз домбырасын алып, айтысын бастады [65, б. 170]. 15) Шыңғысханның төрт ұлы болған. Жошы, Жағатай, Үгедей, Төле [65, б. 9]. 16) Жошының он үшінші баласы Тоқай Темір ұрпағы бесінші буынында, Ақсақ Темір көрегенмен алысып өткен Орыс ханның кезінен-ақ бауыр басты [65, б. 18]. 17) Бұндай жағдайда үш жыл шыдаған Күйік төртінші жылы қалың қосынмен Тарбағатай тауынан түсіп, Алтын Ордаға қарай бет алған [65, б. 9]. 18) Көреген деген атақты оған неге берген? Бақша толы кілең ишан, қожа, ақ сәлделі, көк сәлделі молда, мәзін, кәри, мүриттер [65, б. 78.].




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет