Аудармадағы аударылмайтын сөздер



бет1/43
Дата06.02.2022
өлшемі1,13 Mb.
#39667
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Филология, журналистика және өнер факультеті


Аударма теориясы мен практикасы кафедрасы


Аудармадағы аударылмайтын сөздер

050207 «Аударма ісі» мамандығының студенттеріне арналған


оқу-әдістемелік құрал
Павлодар
Кереку
2010
ӘОЖ 81.25:811.112.2(07)
КБК 81.2-923
Т 34


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің филология, журналистика және өнер факультетінің аудару теориясы мен практикасы кафедрасының отырысында басуға ұсынылды
Пікір беруші:
филология ғылымдарының кандидаты, доцент Д. Е. Капанова.


Құрастырушылар: Г. К. Кенжетаева, Р. А. Омарова
057 Аудармадағы аударылмайтын сөздер: 050207 «Аударма ісі» мамандығының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік құрал / құраст. Г. К. Кенжетаева, Р. А. Омарова. – Павлодар : Кереку, 2010. – 69 б.

Оқу-әдістемелік құралда аудармадағы аударылмайтын сөздердің теориясы мен практикасы баяндалған. Оқу құралы мысалдармен тапсырмалардың үлкен көлемімен түсіндіріліп, сипатталған.


Жоғарғы оқу орындарында қазақ дәрісханасында ағылшын және неміс тілінің тәжірибелік сабақтарын жүргізуде қосымша ретінде, тіл үйрену курстарында және т.б. арнаулы курстарда қосымша құрал ретінде пайдалануға болады.
Оқу-әдістемелік құрал «Аударма ісі» мамандығының студенттеріне арналған.

ӘОЖ 81.25: 811.112.2 (07)


КБК 81.2 - 923
© Г. К. Кенжетаева, Омарова Р. А., 2010
© С. Торайғыров атындағы ПМУ, 2010

Материалдың дұрыс болуына, грамматикалық және орфографиялық қателерге авторлар мен құрастырушылар жауапты


Кіріспе

Соңғы жылдары тіларалық және мәдениетаралық қарым-қатынас мәселелері өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Шетел тілдерін оқытудың қазіргі әдістемесі шетел тілін зерделеумен бірге зерделенетін тіл елінің мәдениетін бірге үйлестіре отырып оқытуды болжайды. Кейінгі кездері тілді тану мен лингводидактика саласында лингвоелтану сияқты сала кең дамыды.


Тілдердің салыстырмалы талдауы арқылы біз ана тілінің заңдылықтарын, сөздердің функционалды ерекшеліктерін тереңдеп ұға аламыз. Сонымен қатар басқа тілдің құрылымын түсініп, тілдің идиоэтникалық ерекшеліктерін де ажыратамыз.
Әр түрлі тілдердегі сөз бірліктерін салыстырмалы түрде зерттегенде, аудармаға көңіл бөлмей зерттеу жұмысын жүргізе алмаймыз. Аударматануда әлі де көптеген шешілмеген мәселелер баршылық. «Қалай аудару керек?» деген сұраққа жауап іздеген кезде, зерттеушілер әр түрлі аударма объектілеріне назар аударады. Әрине, дәлме-дәл аударма жасау мүмкін емес. Бұл тілдердің грамматикасына, сөздік қорына және сол тілдердегі мәдени айырмашылықтарға байланысты. Мәдени айырмашылықтар аудару жолдарына, нәтижелеріне үлкен ықпал етеді.
Аударматанудың негізгі мәселелеріне тіларалық эквиваленттілік, эквиваленттілік және барабарлық, заңға сыйымды лайықтылық теориясы, эквивалентсіз лексиканы аудару және тағы сол сияқты мәселелер (В. С. Виноградов, Г. И. Исина, В. Н. Комиссаров, С. С. Прокопович, Л. К. Латышев, Я. И. Рецкер, А. Д. Швейцер және т.б.) жатады.
Аудармашылар тіл бірліктерінің прагматикалық аспектілеріне (негізінен лексикалық және фразеологиялық) үлкен назар аударады. Барабар аудармада ұлттық-тарихи, мәдени-тұрмыстық, идеологиялық факторлар мәтінде (ауызша немесе жазбаша) маңызды орын алып, лексикалық бірліктерінде із қалдырады. Осыған байланысты басты назарды аудармашының біліміне аудару қажет (О. С. Ахманова, Е. М. Верещагин, В. С. Виноградов, С. И. Влахов, Т. Г. Грушевицкая, И. В. Гюббернет, В. Г. Зусман, В. Г. Костомаров, В. Д. Попков, С. Г. Тер-Минасова., С. П. Флорин).
Аталмыш оқу құралының мақсаты – студенттерді реалия сөздерді аудару тәсілдеріне үйрету. Реалия сөздерді аудару мәселесі аударматануда әлі де толық шешімін таппаған мәселелердің бірі.
Реалия сөздер көбінесе әдеби шығармаларда кездеседі (романдар, дастандар, өлеңдер, ертектер). Ұсынылып отырған оқу құралында реалия сөздерді аударудың теориялық мәселелері зерттелініп, практикалық материал ретінде «Нибелунгтер туралы хикая» эпосы алынып («Das Nibelungenlied» эпостың түпнұсқасы: «Das Nibelungenlied» nach dem Text von Karl Bartsch und Helmut de Boor ins Neuhochdeutsche uеbersetzt und kommentiert von Siegfried Grosse “Philipp Reclam jun. Stuttgart 1991”, аудармасы «Нибелунгтер туралы хикая», А.Қ. Қалиева, Х.Б. Мағзұмов, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2005), ондағы түпнұсқа мәтіннің лексикасын және аудармасын салыстыра отырып, «Нибелунгтер туралы хикая» эпосындағы реалия сөздердің аудару тәсілдерін, олардың түпнұсқадағы ұлттық мәдени ерекшеліктерін аудармалы тілге қалай жеткізілгені қарастырылды. Аудару кезіндегі дәлдікті анықтау үшін қазақ тіліндегі түсіндірме сөздік, неміс, қазақ, ағылшын және орыс тілі сөздіктері, лингвист, әдебиеттанушы, мәдениеттанушы ғалымдардың ғылыми зерттеу еңбектері қолданылды. Аудару кезінде барабарлы эквиваленттер болмаған жағдайда осы оқу құралдың авторларының өз аудару нұсқасы ұсынылды.
Оқу құралының мақсаты түпнұсқада берілген реалия сөздердің қазақ тіліне аудару кезінде қолданылған негізгі тәсілдерді анықтап, мүмкіндігінше қазақ және ағылшын тілдерінде өз нұсқасын ұсыну және қазақ тіліндегі аударма мен түпнұсқа арасындағы барабарлықты (эквиваленттілікті) анықтау.
Оқу құралында келесі мәселелер шешілуі керек:
1) ұсынылып отырған жұмыстың терминологиялық аппаратын анықтау (аудару үдерісі, реалия, эквивалентсіз лексикалық бірлік, лакуна, аудару тәсілі);
2) аудару теориясында отандық және шетел аударматануындағы реалия сөздерді аудару тәсілдерінің мәселелеріне арналған зерттеулерді жүйелеу;
3) ұлттық, тарихи, мәдени лексиканы (реалия сөздерді) аудару тәсілдерін суреттеп, екі тілді сөздіктерді қолдану;
4) эквиваленттілік теориясының мәселелерін жүйелеу; «денотат», «референт», «эквиваленттілік және барабарлық», «дұрыстық және дәлдік» терминдерін анықтау;
5) зерттеу мәліметтерін қарастырып, «Нибелунгтер туралы хикая» эпосындағы кейбір лексикалық бірліктерге (реалия сөздерге) мүмкіндігінше қазақ және ағылшын тілдерінде өз нұсқасын ұсыну;
Оқу құралының гипотезасы: егер біз реалия сөздерді аудару тәсілдерінің жүйелі теоретикалық білімін неміс, қазақ тілдеріндегі «Нибелунгтер туралы хикая» эпосы бойынша салыстырмалы зерттеуде қолданатын болсақ, онда қазақ тіліндегі реалия сөздердің аудару тәсілдерін анықтап, түпнұсқа мәтіннің коммуникативті маңыздылықты бұзатын, сәйкес емес лексикасына сай келетін нұсқаны ұсыну.
Оқу құралының теориялық маңыздылығы оқырмандарды дефиниция (кейбір ұғымдардың анықтамасы) мәселесі және реалия сөздерді аудару тәсілдері туралы әр түрлі көзқарастармен таныстыру, эквивалентсіз лексика ерекшеліктерінің функционалды семантикалық зерттеулері және оларды басқа тілдерге аудару, қазақ, неміс тілдеріндегі әдеби шығармаларының аудармасындағы лексикалық бірліктерді тереңдетіп зерттеуге ықпал етеді.
Аталмыш оқу құралының практикалық нәтижелері аударманың теориялық және практикалық курстарында жоғары білім беру орындарында «Аударматанудағы аударылмайтын сөздер» сабағында қолданыс табуы мүмкін. Оқу құралының теориялық бөлімі «Аударматанудағы аударылмайтын сөздер» пәнінен студенттердің білімін тереңдетуге және тексеруге көмектеседі.



Каталог: fulltext -> buuk
buuk -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі жүсіпов нартай қуандықҰЛЫ
buuk -> Мамандыққа кіріспе «Музыкалық білім»
buuk -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
buuk -> Кітаптану және кітап тарихы 050418 «Кітапханатану және библиография»
buuk -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
buuk -> Психотерапия технологиялары
buuk -> ДӘСТҮР – ДӘріс қазақ тілі пәнінен студенттерге арналған оқу құралы Павлодар Кереку 2010 Т. Х. Сматаев ДӘСТҮР – ДӘріс
buuk -> Ашимбетова Р. Д. Журналистің тіл мәдениеті Оқу құралы 050504 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет