Қоғамдық-мәдени түсініктеме Көркем мәтіндерді және оларды түсіну, түсініктемесіз түсіну оңай емес. Бірақ та, қазіргі әдебиет те кейбір кездерде түсініктемелерді беруді қажет етеді. Ал шетел оқырмандары үшін ол тіпті қажет. Ертектер де сондай түсініктермен қамтамасыз етілген болу керек.
Ертектер тілі мәдени, ұлттық, тарихи жағынан белгіленген лексикалық бірліктермен толықтырылып жатады. Бұл өмірдің және мәдениеттің өзгергенімен өте байланысты [32, б. 143; 33].
Яғни, мәдениетаралық қатынас немесе олардың арасындағы дау өз және жат мәдениеттер аралығында ғана емес, сонымен қатар өзге мәдениеттің ішінде де болуы мүмкін. Бұл қоғам өміріндегі өзгерістер жаңа деңгейге көтеріліп, келесі ұрпақ өзінің арғы аталарының дүние тану жөніндегі түсініктерін ұқпауымен, білмеуімен байланысты [34, б. 67; 35].
Басқа мәдениеттің өкілдері үшін арнаулы қоғамдық-мәдени түсініктемелер өз мәдениетіндегі және тілдегі өзгерістерді айна ретінде белгілейді. Шетел оқырмандарына (аударма тілде сөйлейтін адамдар үшін) арнаулы қоғамдық-мәдени түсініктемелер мәдениеттер арасындағы түсініксіздікті көрсетіп, оны реттейді [36, б. 267]. Сонда да бұл тек қана өз және шет мәдениеттер арасындағы түсініксіздік емес, сонымен қатар бір халықтың әдеби шығармаларында тіркелген өткен заманның және қазіргі заман мәдениеті арасындағы түсініксіздік.
Қоғамдық-мәдени түсініктеме біздің мәдениетімізді оқып жүрген шетел оқырмандары үшін де, өз оқырмандарымыз үшін де өте қажет.
Қоғамдық-мәдени түсініктеменің ішіне мыналар кіреді:
1) историзмдер – қарым-қатынас кезінде адамдармен қолданылмайтын заттарды немесе құбылыстарды білдіретін сөздер, және халық өмірінде, тілде қолданыстан шыққан реалия сөздер;
2) архаизмдер – қолданыстан шыққан көне сөздер;
3) қазіргі қазақ тілінде өз мағынасын өзгерткен сөздер;
4) шет және қазіргі қазақ оқырманымен реалия сөздерге, аллюзияларға қажет етілетін қоғамдық-мәдени түсініктемелер.
Сонымен, осындай түсініктемелер автор және басты кейіпкерлер сияқты бір мәдени топқа жататын адамдар үшін қажет. Өйткені қазіргі оқырманның фондық білімдері өзгерді. Осындай түсініктемелер көне сөзді қазіргі тілге тек қана аудармай, сонымен қатарар автордың ойын толығырақ ашуға мүмкіндік жасайды.
Яғни, қорыта келгенде аударма – бұл тіларалық қатынас үшін пайдаланылатын жалғыз ғана тәсіл. Оның негізі мақсаты - әр түрлі тілдерде сөйлейтін кісілердің қатынасын максималды түрде бір тіл ширегінде сөйлейтіндей ету.
Гете айтқандай, «Аудармада аударылмайтынға жету қажет. Сонда ғана басқа халықты, жат мәдениетті білуге болады». Гетенің сөздерін реалия анықтамасына жатқызуға болады. Өйткені реалия тек қана аймақтық құбылыстарды және ұғымдарды білдіретін берілген, басқа халықтың тұрмысында, тілінде жоқ сөздер. Алайда, аудармашылар реалия сөздерді аударған кезде оларға эквиваленттерді немесе аударма тәсілдерін қолдануға тырысады.
Аударма мәселелері бірнеше кезеңдерден тұрады. Көптеген аудармашылар «реалия» сөзінің мағынасы туралы әлі күнге дейін таласуд; реалия сөздер топтамасы туралы көптеген қарама-қарсы пікірлер бар (негізінен қарастырылып жатқан сөздерді қандай қасиеттеріне байланысты топтарға бөлу қажет). Алайда тағы бір талас реалия сөздерді аударған кезде қандай тәсілдерді қолдану қажет деген мәселе төңірегінде туады. Сонымен, реалия сөздерді аударған кезде қандай тәсілді таңдауы қажет деген сұрақ аудармашы алдында тұрған сұрақтардың бірі және ол аудару мақсаттарына байланысты болады.
Дұрыс аударма жасау үшін аудармашы фондық білім мен мәліметтермен қамтамасыз етілген болу керек.
Реалия сөздерді жеткізу үшін, мәтіннің жанрына қарап, талдап, ойлану қажет. Егер де бұл ертек болса, онда ұлттық ерекшеліктеріне қарау қажет, егер бұл этнографиялық очерк немесе басқа елдерге, аудандарға саяхат туралы әңгімелер болса, онда реалия сөздер максималды түрде жеткізілуі керек.