Аудармадағы аударылмайтын сөздер


Көркем шығармадағы реалия сөздерді аудару



бет16/43
Дата06.02.2022
өлшемі1,13 Mb.
#39667
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   43
3 Көркем шығармадағы реалия сөздерді аудару

«Нибелунгтер туралы хикая» эпосынан алынған келесі мысалдар негізінде аудармашылар реалия сөздерді аударған кезде негізінен қандай тәсілдерді қолдағанын қарастырайық.


1 кесте – «Нибелунгтер туралы хикая» эпосындағы аудармашылық трансформациялар





1 Авентюра

1

Неміс тілі

Қазақ тілі

Қазақ тілі өз нұсқамыз

Орыс тілі

Ағылшын тілі өз нұсқамыз

Burgunden-land

Бургундттар елі – транскрипция




Земля бургундов - транскрипция

Burgundy - калькалау

Ein junges Edelfräulein

Балғын қыз - генерализация




Девица юных лет - генерализация

A maid of honour (unmarried young woman attending a queen or princess) генерализация

Der König

Король - калькалау




Король - калькалау

A king (male sovereign ruler (esp. one whose position in hereditary) of an independent state) – калькалау

1 кестенің жалғасы

Der Ritter

Мырза - модуляция

Сері (феодалдық Еуропадағы әскери-дворян тобына жататын адам) - калькалау

Витязь - модуляция

A knight (in the Middle Age) man, usually of noble birth, raised to honourable military rank (after serving as a page and squire) - калькалау

Burgund

Бургундия – калькалау




Бургундия - калькалау

Burgundy - калькалау

Worms

Вормс – транслитера-ция




Вормс - транслитерация

Worms – транслитерация

Rhein

Рейн – транскрипция




Рейн - транскрипция

Rhein – транслитерация

Hagen von Tronje

Хаген фон Тронье - транскрипция

Троньеден Хаген – калькалау (von – компенсация)

Тронье Хаген - транскрипция

Hagen fon Tronye – транслитерация

Ortwin von
Metz

Ортвин фон Метц – транслитера-ция

Метцтен Ортвин - калькалау

Ортвин Мецкий
- транскрипция

Ortwin fon Metz – транслитерация

Volker von Alzey

Альцейлік Фолькер – транскрипция




Фолькер Альцейский - транскрипция

Volker fon Alzey – транслитерация

1 кестенің жалғасы

Der Markgraf

Маркграф – транслитера-ция




Маркграф - транслитерация

A margrave калькалау (hereditary title of a certain princes in the Holy Roman Empire comment)

Der Truchseß

Сарайдың күтіміне жауапты –сипаттама аударма




Стольник - калькалау

Steward
Функционалдық аналог



Der Küchen-meister

Ас үйді тағам дайындауды жете меңгерген – сипаттама аударма

Бас аспазшы (ас пісіруші) ас үйде тағам дайындайтын (пісіретін) басты адам) – калькалау

Начальник над кухней – сипаттама аударма

The main chef of the kitchen – сипаттама аударма

Die Gefolgs-männer

Тастап кету




Дружина – калькалау

regiment –
калькалау

Der Stallmeister

Аттардың күтіміне жауапты – сипаттама аударма




Конюший - конкретизация

An equerry - калькалау (an officer of a prince or noble charged with the care of horses comment)

1 кестенің жалғасы

Der Küchen-meister

Ас үйді тағам дайындауды жете меңгерген –
сипаттама аударма

Басты аспазшы (ас пісіруші)ас үйде тағам дайындау
шы

Начальник над кухней – сипаттама аударма

The main chef of the kitchen – сипаттама аударма

Der Mundschenk

Құшырханаға жауапты – сипаттама аударма, сөз табының грамматика-лық ауыстырылуы (зат есім – сын есім мен сын есімнің сөз тіркесіне өзгерілді)




Виночерпий - калькалау

A cup-bearer (official of a royal or nobleman’s household who serves wine at a banquets) – калькалау
сипаттама аударма

Der Kämmerer

Қазынаға жауапты – сипаттама аударма

Қазынашы (мекеменің, ұйымның ақшасын, бағалы затын сақтайтын, күтетін адам;

Человек, кто должен охранять – сипаттама аударма

A kamerger,
chamberlain (officer who manages the household, a royal treasure of king, noble - comment)

Die Fürsten

Тастап кету

Князьдар (ескі феодалдық Русьтегі әскер басшысы әрі өлке билеушісі)- генерализация

Тастап кету

The princes - калькалау (ruler, esp. of a small state; a member of a royal family - comment)

Аталмыш оқу құралында неміс тіліндегі реалия сөздерді қазақ, орыс және ағылшын тілдеріне аудару кезінде қолданылған аудару тәсілдері қарастырылды. Аталмыш оқу құралында 1-авентюраның ғана талдауын ұсынып отырмыз. Кесте мәліметтерін талдай келе аудармашылар негізінен калькалау, транскрипция, транслитерация, сипаттамалы аударма сияқты аудару тәсілдерін қолданған.
Оқу құралының кіріспе сөзінде біз терминологиялық аппаратты анықтадық: аударма, эквивалентсіз лексика, лакуна, аудару үдерісі, реалия, реалия сөздердің топтары, реалия сөздерді аудару тәсілдері. Екіншіден, реалия сөздерді аудару кезінде кездесетін қиыншылықтар анықталды және аудару тәсілдері сипатталды.
Сонымен, жоғарыда айтылғандарды жүйелей келе төмендегідей қорытынды жасауға болады:
1) Ең негізгі критерийлердің бірі – шығарманың коммуникативті құндылығы. Коммуникативті функция іске асқан кезде белгілі бір коммуникативті әсер берілетінін білеміз. Яғни, аудармашының негізгі мақсаты әр түрлі тілдерде сөйлейтін, қатынасқа түсетін коммуниканттардың арасындағы лингвоэтникалық бөгеттерді бұзу және бір тіл шегінде коммуникацияны мүмкін ету. Басқа сөзбен айтқанда, әр түрлі лингвоэтникалық топтарға жататын коммуниканттардың қатынасын мүмкіндігінше тиімді жасау;
2) Реалия сөздер эквивалентсіз лексика тобына жатады. Бұл басқа халықтың тілінде, оның сөздігінде эквиваленті жоқ лексика. Алайда, тіл амалдары арқылы біз осы реалия сөздерді жеткізе аламыз. Соған қарамастан, реалия сөздер басқа халықтың тілінде уақытша жоқ лексикалық бірлік деп айтуға болады.
Эквивалентсіз лексика – бұл басқа тілдің лексикалық бірліктері арасында толық немесе жартылай сәйкес лексикалық бірліктері (сөздер және тұрақты сөз тіркестер) жоқ лексика. Негізінен, эквивалентсіз лексикаға реалия сөздер, уақытша эквивалентсіз терминдер, эквивалентсіз сөздер жатады.
Ұлттық-мәдени ерекшеліктер тек қана эквивалентсіз лексикада көрініс таппайды. Сонымен қатар берілген тілде басқа тілдегі сөздердің және мағыналардың болмауы. Яғни, лакуналар – тілдің семантикалық картасындағы ақ дақтар.
3) Тіл аралық эквиваленттілік деңгейінде реалия сөздердің семантикасын денотат, конотат және коммуникативті-функционалды маңыздылық деңгейлерінде қарастыруға болады. Демек, тіларалық эквиваленттіліктің негізгі түрлері: денотаттық, конотаттық және коммуникативті-функционалдық;
4) Реалия сөздердің түпкі мағынасы осы тілде сөйлейтін адамдардың фондық білімдерімен, өзінің практикалық тәжірибиесімен, халықтың мәдени-тарихи салт-дәстүрлерімен өте тығыз байланысты. Осы шарттарды есепке алмау жартылай эквиваленттердің туындауына әкеледі.
5) Аударма әдеби-тілдік интерпретация ретінде анықталады. Ал аудару үдерісі, жаңа мәліметтің туындауы ретінде анықталады. Аудару тәсілдері - аудармашының бағдарламалық тәсілдері ретінде қарастырылады. Соның арқасында түпнұсқа және аударма арасында жоғары деңгейге жету мүмкін.
Реалия сөздерді аудару әдістері – аударма зерттеулерінде түпкі мәселелердің бірі ретінде әлі күнге дейін шешімін толық тапқан жоқ. Бұл тек қана аударматанушылардың пікірлеріне байланысты емес, сонымен қатар осы мәселені шешуге ықпал ететін бөгде факторларға да байланысты.
Аудару теориясы және практикасы бойынша көптеген дереккөздердің мәліметтерін жүйелей отырып, реалия сөздерді аудару кезінде жиі қолданылатын келесі аудару тәсілдерін белгіледік: транслитерация, транскрипция, калькалау, сипаттамалы аударма, тілде бар болған элементтердің арқасында жаңа сөздер мен сөз тіркестерін құрастыру.
Реалия сөздер белгілі бір халықтың ұлттық ерекшеліктерін анықтайтыны мәлім. Олар тілдік бірліктер ретінде аудармашыға үлкен қиындық келтіреді. Реалия сөздерді беру тәсілдерін таңдауда қатып қалған ереже немесе нақты берілген нұсқаулар жоқ. Сондықтан ұлттық ерекшеліктерді белгілейтін реалия сөздер аудармада ерекше сақ, әрі талғампаз болуды талап етеді.



Каталог: fulltext -> buuk
buuk -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі жүсіпов нартай қуандықҰЛЫ
buuk -> Мамандыққа кіріспе «Музыкалық білім»
buuk -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
buuk -> Кітаптану және кітап тарихы 050418 «Кітапханатану және библиография»
buuk -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
buuk -> Психотерапия технологиялары
buuk -> ДӘСТҮР – ДӘріс қазақ тілі пәнінен студенттерге арналған оқу құралы Павлодар Кереку 2010 Т. Х. Сматаев ДӘСТҮР – ДӘріс
buuk -> Ашимбетова Р. Д. Журналистің тіл мәдениеті Оқу құралы 050504 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет