Мамандыққа кіріспе «Музыкалық білім»



бет1/5
Дата05.11.2016
өлшемі1,26 Mb.
#657
  1   2   3   4   5
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Филология, журналистика және өнер факультеті
Орындаушылық өнер кафедрасы

Мамандыққа кіріспе

«Музыкалық білім» мамандығы студенттеріне арналған әдістемелік құрал

(институт ішінде қолдануға)

Павлодар


УДК 78 (07)

ББК 85. 31 я 7

М 18


С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің филология, журналистика және өнер факультетінің әдістемелік кеңесі ұсынған


Пікірсарапшы:

А. А. Сметова - педагогика ғылымының кандидаты, доцент

И90 Мақышбаева Г. Т., Әжіғалиева У.А., Қ.М.Балажанова

Мамандыққа кіріспе: әдістемелік құралы «Музыкалық білім»

мамандығы студенттеріне арналған / құраст. Г. Т. Мақышбаева,

Әжіғалиева У.А., Қ.М.Балажанова. – Павлодар, 2008. – 88 б.

«Мамандыққа кіріспе» пәнінен жазылған әдістемелік құралда, күндіз және сырттай оқитын тәлімгерлерге дәрістік және тәжірибелік сабақтарының курстық тақырыптары қамтылған.

Әдістемелік құрал «Орындаушылық өнері» ҚР МЖМБС 3.08. 256 – 2006 мамандықтары бойынша жасалған бағдарламаның талапатарына сай жасалған.

УДК 78 (07)

ББК 85. 31 я 7

©Мақышбаева Г. Т., Әжіғалиева У.А., Балажанова Қ.М. 2008

© С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2008




Кіріспе
Музыка - адамзаттың рухани азығы, жан серігі, ұшқыр қиялы, нәзік сезімі.

Музыка мұғалімінің негізгі міндеті – толықтырылған, кеңейтілген бағдарлама негізінде оқу тәрбие үрдісін және ұстаздық педагогикалық шеберлігін дамыту.

Әртүрлі жанрлы музыкалық шығармаларды тануда, музыкадағы түрлі қиын кезеңдер мен көңілді ажыратуда, оқушының музыкалық шығармашылығы дамиды. Жас өспірім – тыңдаушы, орындаушы, музыкаға деген өзінің ой – пікірін көрсететін, түсінетін оқушы. Мұғалімнің міндеті оқушының жай ғана музыкалық икемін, дамытып, оған музыка туралы білім беру ғана емес, сонымен қатар оған музыкаға күнделікті байланыс керектігін таныту арқылы оның шығармашылық белсенділігін арттыру.

Ұсынылып отырған әдістемелік құрал 050106 – “Музыкалық білім” мамандығы бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес дайындалған.

Әдістемелік-құралдың “Музыкаға жалпы шолу” атты бірінші бөлімінде музыка сабақтары, музыка пәні мұғалімінің ролі, сыныптан тыс үйретілетін музыкалық тәрбие, мемлекеттік стандарт және мектептегі бағдарламаларға қысқаша шолу мазмұндалады.

Екінші – “Музыка түрлері” бөлімінде эпос, лирика, драма қандай жанрлар, қазақ фольклоры, қазақ хор музыкасы, Қазақстандағы хор мәдениетінің дамуы туралы тәжірибелік жетістіктер қарастырылған.

Үшінші – “Музыкалық білім” мамандығының стандарты және пәндердің теориялық курсыбөлімінде музыкалық білім мамандығы бойынша бакалаврдың біліктілік сипаттамасы, музыкалық білім бойынша білім беру бағдарламасының мазмұны, музыкалық пәндердің қысқаша мазмұны тақырыптары қамтылады.

Біздер оқу - әдістемелік құралда мамандыққа кіріспе бойынша барлық мәселелерді жан-жақты қарастырдық деуден аулақпыз, бірақ студенттер өздеріне алатындай мәлімет қамтылды.


1 Музыкаға жалпы шолу

1.1 Музыка сабағы


Мектепте жұмыс үстінде мұғалім мыңдаған сабақ береді, әр сабаққа дайындылық керек етеді және балалардың эстетикалы тәрбиелеп, өзі де қанағат, қуаныш алады. Сабақ – кедергі жұмыс, мұғалімнің күш – қуаты, ақыл – ойы және де кездесетін кездейсоқ ситуацияларға жауапты қарау.

Музыкалық тәрбие беру негізгі формасы – ол музыка сабағы. Қандай да болмасын неше түрлі үйірмелер, факультативтік оқулар арнайы болса да, музыка сабағы өзінің мәнін жолмайды.

Сабақтың құрылысында талай іс-әрекеттер бар: салу, музыканы қабылдау, музыкалық-ырғақ қимылдар жасау, сауатын ашу, қабылдаған музыкаға сурет салу, ой-пікірмен алмасып талдау - әңгіме құрастыру, композиторлардың өмірбаяны мен шығармашылығымен танысу, балалар – шулы, соқпалы аспаптармен ойнау т.б. Оның ішінде әнді үйрету, музыканы тыңдау, музыка сауатын ашу т.б. іс-әрекеттер бір неше сабақты талап етеді. Үйткені жаңа әндер – шығармалармен танысып, үйретудің жалғысын қамти отыра, өткенді қайталайды. Сондықтан, келесі сабақ өткен сабақтың жалғасы.

Сабақтың жалпы негізінде - әр сабақтың өзгешелігі. Оны ұйымдастыра білу нәтиженің жартсы, сабақтың мақсаты мен міндетін ойлай отыра, мазмұны мен құрылысын, құралын және әдісін табу – сабақтың нәтижесіне жетудің жолы, қорытындысы. Сабақтың мазмұнында әр түрлі шығармалар бар, олардың сипаты, көңілі болады, біртұтастылығын табу – сабақтың әр түрлі музыкалық іс әрекетінің бірізділігі (последовательность). Сабақтың эмоциялық суреті, бір шығармадан келесі шығармаға көшу, сыныпта эмоциялық күйін көтеру, балалардың ықласын, көңілін табу – мұғалімнің табысы.

Мысалы: 1 сыныпта балалар «Апорт деген тәтті алма» әнін үйренсе, «Күз ырғағы» әнді тыңдайды (танысу), «Күз әуенін» тыңдап, сурет салады (қызыл алма, сары жапырақтар, бұлттар), қимыл іс-әрекет жасау мүмкін.

Сабақты құру кезінде балалардың физикалық, физиологиялық, ой-өрісіне ықпалын тигізіп, әр сыныптың ерекшелігін байқау. Дер кезінде іс-әрекеттерді ауыстыру, ол балалардың ықыласын, назарын, құштарлығын төмендетпейді.

Сондықтан, мұғалім сабақты иілмей, жағдайды байланысты, өз жұмысына шығармашылықпен қарап әр сабақты қайталмайтын болады. Тәжірибелі мұғалімдер өз сабағын біртұтасы сабақты құралады және де бір лепте өткізу мұғалімнің шеберлігі.

Қазіргі сабақ оқушылардың белсенділігіне байланысты. Мұғалім аптасында 1-2 рет кездесіп, сабақта сыныппен жаппай жұмысты талап етеді. Сабақта мұғалім тікелей байланыс жасай отыра, дәлелдеу сұрақтарды қолдану, сұрау көзімен мақұлдау қимылмен мұғалімнің мимикасы әсер етеді.

Қазіргі сабақ арнайы құралдарға байланысты, арнайы кабинетінің жабдықтары, балалар аспаптары, шулы – соқпалы аспаптар, көрнекі құралдар т. б. Осының сапасы, кезінде дайындығы мен қолдана білу – ол да сабақтың жетістігі. Магнитафон, аудитоспа, бейнетаспа құралдар ықпалын тигізеді. Жалпы көрнекіік құралдарға – иллюстрациялар, суреттер, т. б. қолдана білуді сұрайды. Аса көп құралдар және оны қолдана білмесе ол да оқушыларға пайда емес, зиян келтіруі мүмкін.

Балалардың есту қабілетін дамыту жолда таблицияларын қолданған жөн. Шағын әндердің ноталары балаларды әнді таза (интонациялық таза) орындауға және есте сақтауға көмектеседі.

Сондықтан, сабақты өткізу, оны дайындау кезінде мұғалімге шығармашылық жолы, білімнің тереңі, кәсіби тәжірибесі қажет. Осындай сабақ оқушылардың жан – дүниесіне ықпал тигізіп, музыкаға деген қызығушылығын көтеріп, музыканың керектігін – байланысын сұрайды.

Музыка сабағы өнердің бір саласы болғандықтан, мұғалім білім беріп қана қоймай, сол алатын білімдері арқылы тәрбие жұмысын жүзеге асырады және де оқу пәні ретінде оқушылардың пейіл сезім мен эстетикалық идеал ретінде тәрбие құралы деп есептеуге болады.

Сондықтан, музыка сабағы педагогикалық – психологиялық заңдылықтарға сүйене отырып жоспарланады, яғни оқушылардың жас ерекшіліктері, қабылдау мүмкіндіктері, ой – санасы, қиялы т. б.

Мектептегі музыка сабағының негізгі мақсаттары – оқушылардың музыка мәдениеттілігін тәрбиелейді. Ол деген:



  • эстетикалық сезімін қалыптастыру, әрі қарай дамытуда;

  • музыкалық ой - өрісін кеңейту, талғамын тәрбиелеу;

  • композиторлардың өмірі мн шығармашылығынан мағлұмат алу;

  • шығарманың сипатын, образын ашуда;

  • қолданылған мәнерлік құралдарын анықтап, шығармаға қандай көрік беріп тұрғанын қарастырады ;

  • музыкаға деген қызығұшылығын, эмоциялық көзқарасын қалыптасады;

  • әр шығарманың мәнерлік құралдарын ажырта алатын болады;

  • сурет салу, музыка туралы өз ой-пікірін айта білетін жеткізу;

  • халық музыкасын түсіну, білу, тану, музыка, ән жанрларының түрлерін ажырта білуін тәрбиелеу.

Сондықтан, оқушылар музыка сабағында:

  • бәрі бірдей тәлім-тәрбие, білім алады;

  • музыка сабағының айырмашылығы, ерекшелігі, оның өнер сабағы екендігін сезеді;

  • ең тәуір музыкалық шығармалармен танысады (халық музыкасы, орыс-шетел классикалық музыкасымен және де қазіргі музыкамен);

  • халық музыкасы мен классикалық музыка арқылы музыка мәдениеті қалыптасады;

  • музыка тыңдау, қабылдау, ән орындау шеберлігі мен мәдениеті қалыптасады т.с.с.

Бір айта кететін нәрсе: қазіргі заманда музыка тыңдау, қабылдау мүмкіншіліктері зор.
1.2 Музыка пәні мұғалімінің рөлі

Қандай мамандық болсын өзіне тән ерекшеліктері бар. Музыка пәні мұғалімнің де жеке тұлға, ерекше ерекшілектері бар. Негізгі міндет: оқу – тәрбие жұмысын атқарып, оқушылардың көзқарастарын, сендіруіне, қажеттілігіне мұратын қалыптастырады. Ол жай ғана білікті адам емес, өз пәнің жақсы меңгеріп және жоғары тұлғалы дәрежелі мұғалім болу керек. Қоғамнің дамуына байланысты мұғалімнің де мұраты өзгеріп, халықтың мәдениеті мен идеологиясына байланысты. Сондықтан, мұғалім жан-жақты білімділігі, жан-дүниесіне, ақыл ойы, жылы жүзі, өнегесі балалардың музыка сабағына қызығұшылығын арттырып, олардың бұл іске белсене араласу дағдысын қалыптастырады. Мектептегі музыка сабағының пән ретінде музыка мұғалімі тағдырын шешетін негізгі тұлға деп айтуға халқылымыз.

Музыка мұғалімі өз сабағын шығармашылықпен ұйымдастыра отырып, әрбір сабақтың оқу-тәрбиелік міндетің, оның мақсатын алдынала бағдарлай біліп, қажетті әдіс-тәсілдерді таба білу, оқушылардың белсенділігін арттыру үшін өз сабағына балалардың музыкалық мәдениеттілігін қалыптастыратын, рухани байытатын құрал ретінде қарау мәселерін сезіне білуге дағдылануы тиіс.

Дауысымен, аспаппен жақсы меңгеру, дирижерлік шеберлікті жетілдіре отыра, музыка-теориялық дайындығы, халықтың мәдениетін, тарихын білу, музыка тілінің заңдылықтарын, ерекшеліктерін білу қажет.

Мұғалім жұмысында ұйымдастырушылық қабілеті үлкен рөл атқарады. Музыкалық іс-әрекеттін барлық түріне балаларды еліктіріп әкету үшін мұғалім өзі отты, жігерлі болуы тиіс.

Әр мұғалімнің музыкалық шығарманың терң мазмұнын талғампаздық көзқараспен түсініп, өмірге аса маңызды мәселе екендігі туралы ойын дамыта отырып, оның ішіндегі халықтың асыл мұраларын балаға үйрету негізгі міндет. Музыкалық бейнелер, суреттемелер, оның көрнекілік сөзі, әсерлі әуені, сүюге, еңбекке, саналы тәртіпке, жақсы әдет-ғұрыпқа, әдептілікке, ынтымаққа, достыққа тәрбиелеу музыка мұғалімнің негізгі міндеті.

Мұғалімнің тұлғасы сабақ үстінде жан-жақты әр қырынан байқалады. Ол шығарманы орындап, ән айтып қана қоймай, ол шығармалар туралы, композитор туралы әңгіме жүргізу, пікір алысу, музыканың әсер ету күшінің мүмкіндігін жеткізе түсуге жағдай жасайды.

Балалар – біздің қуанышымыз, үмітіміз, болашағымыз. Бүгінгі мектептің алдына қойылып отырған міндеті жеткеншек ұрпаққа идеялық саяси, мәдени, еңбек, адамгершілік және эстетикалық тәрбие берудің сапасын арттыру. Оқушыларға көркемдік білім беру мен эстетикалық тәрбиені халықтың ұлттық мәдени мұрасымен байланыстыра отырып айтарлықтай жақсарту. Әсемдік сезімін дамыту, көркемдік талғамын тәрбиелеу, өнер шығармаларын сүйіп, туған табиғатын, оның байлығын қастерлеп, бағалай білуге қабілеттерін қалыптастыру қажет.

Мұғалім шығармашылығы, оның ұстаздық шеберлігі, тапқырлығы мектеп табалдырығынан алғаш аттаған күннен бастап қалыптаса бастайды. Өз ісінің білгірі, шеьер педагог болу үшін әр мұғалім өзінің бойындағы жетістіктер мен кемшіліктерді дұрыс бағалап, өзін-өзі тәрбиелеуге міндетті.

Жоғарыда айтылғандай, музыка мұғалімі аспапта ойнауды меңгеріп білу. Біріншіден – мұғалім өзі орындаса сыныпта (класста) сезімталдық атмосфераға жағдай жасалады; екіншіден – мұғалім өзі орындаса, кез келген жерде тоқтап, кей үзінділерді қайталауға мүмкіндік, тіпті, кей тактілерді қайталап шығарманың басына оралуға болады; үшіншіден – мұғалім өзі аспапта ойнаса, өзі әндетсе оқушыларға қандай үлгі, өнеге, өзім музыканы орындауға үйренсем, білсем деген үміт туғызады.

Музыка бағдарламаға сүйене, мұғалім өз сабағында оқушыларға музыкалық шығарманы терең түсінуге көмектеседі, өнер қасиеттерін білуге тәрбиелейді, музыка туралы білімін арттырып, шығарманы мәнерлеп орындауға дағдыландырады. Шығармашылық қабілеттерін дамытып, көркемдік талғамын тәрбиелеп музыкаға деген қажеттілігін сезеді.

Бүгінгі күнде педагогика жолында психологтардың ізденісінде музыка мұғалімінің іс-әрекетінде келесі маңызды жақтарды атап өтуге болады:

1) ізденіс – музыкалық шығармаларды басқа өнер түрлерінің шығармаларымен талдау; әріптестерінің, оқушыларының тәжірибесін зерттеп, өзінің жұмысын талдау; ғылыми, әдістемелік әдебиеттерін зерттеп өз жұмысында қолдану;

2) жобалу – жоспарлау, өнегелі – эстетикалық тәрбие мәселесін шешу жолдарын қарастыру икемділік-дағдыларын қалыптастыру, олардың музыкалық және шығармашылық дамуын шешетін оқу-тәрбие мақсаттарын бөлуі;

3) конструкциялық – сабақтарды, сыныптан тыс жұмастарды құрастыру, балалардың белсенділігін арттырып көңіл аудару, құрал-әдістарын үйлестурі жолдарын шешу;

4) қатынастық – (коммуникативное) – силастық пен сенімділік негізінде оқушылармен қарым-қатынасын тұрақтылығын және беделін арттыру. Қабылдалған шығарманы мұғалім ордай ғана шектелмей, ол туралы әңгіме айта білу, композиторға, музыкаға деген өзінің көзқарасын жеткізу. Оқушылардың сезімталдық қуанышын арттыру үшін мұғалім жылы сөзбен, лебізімен, қолдаумен жетістіктерін қадағалау;

5) ұйымдастырушылық – оқу-тәрбие мақсаттарын тәжірибелі шешу. Ұйымдастырушылық мұғалімнің жұмысында үлкен орын алады, өз күш-қуатымен еліктеу, оқушыларды әр-түрлі музыкалық іс-әрекеттерге қатыстыру.

Мұғалімнің жоғары біліктілігі, артистілігімен өз жұмысында педагогикалық процесті нақты өнер мейрамын айналдырады. Сондықтан, мұғалімнің тұлғасы музыка тағдырын оқулық пән ретінде анықтайды.


1.3 Сыныптан тыс ұйымдастырылатын музыкалық тәрбие

Сыныптан тыс жүргізілетін түрлі музыкалық тәрбие жұмыстарын үлкен екі салаға бөлуге болады:

1) оқушылармен жаппай өткізілетін музыкалық тәрбие;

2) үйірме түрінде өткізілетін музыкалық жұмыстар.

Оқушылармен жаппай өткізілетін музыкалық тәрбие беру жұмыстарды балардың білімділігіне байланысты. Арнайы дағдыны талап етпесе де, олардың музыканы бөлуге деген ықыласы болу керек. Бұл салаға лекция – концерт, көпшілікпен бірге театрға, музыкалық киноларға бару, музыкалық кештерді ұйымдастыру, жүргізу, карнавалдар, конкурстар, байқауларды өткізу кіреді.

Мектептегі музыка мұғалімі өз сабағында білім берумен шектелетін білікті маман ғана емес ол музыкалық - тағылымдық жұмыстарды жүргізуші, мерекелік кештерді, концерттерді, түрлі үйірмелерді ұйымдастырушы.

Сыныптан тыс орындалатын жұмыстардың ішіндегі ең сүбелі- танымдық, тағылымдық мәні зор лекция - концерттер ұйымдастыру.

Лекция – концерт оқушыларды өнердің сан – қилы салаларымен, сазгер шығармашылығымен, жеке аспапта орындаушы, әнші – күйшілердің өнер жолдарымен жете таныстыруға мүмкіндік береді. Сондай – ақ, музыка сабағынан алған мағлұматтары мен тыңдаған музыкаларын әрі қарай терең игеруге жағдай жасайды. Оқушыларға музыканы күйтабақ арқылы жиі тыңдату, мүмкіндік бар жерде өнер қайраткерлерін шақырып ұйымдастырылған кездесу кештері, осы бағыттағы өткізілетін лекция – концерттерге мектептегі өнерсүйгіш балаларды жиі тартып, қатыстыру, музыка құдіретін жастай ұғынуға, бала жүрегінің нәзік те сыршыл және мейірімді болып қалыптасуына ықпалын тигізеді.

Лекция – концерттің құрылысы, мазмұны, өткізу формасы тыңдаушыларға, олардың дайындық деңгейіне, ал жалпы білім беретін мектептерді алатын болсақ, онда ол тікелей балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты болуы тиісті.

Кейінгі кездерде мектептерде балалардың фольклорлық аспаптарға ықыластары ауып жүргенін байқаймыз. Сондықтан да, фольклорлық аспаптар үйірмесін жүргізу жұмысы мұғалімнен халықтың әдет – ғұрпын, салт – санасын әр аспаптың орнын білуді талап етеді.

Келесі бір мәселе, сыныптан тыс музыкалық жұмыстарының бірі, домбыра ансамблі үйірмесі. Балаларды нотасыз қолмен көрсетіп – үйрету. Ондай әдісті А. Райымбергенов өзінің «Мурагер» бағдарламасымен дәлелдеді. Балаларға домбыра үйрету арқылы олардың жалпы халық өнеріне деген ынтасын арттыру.

Сыныптан тыс музыкалық тәрбие беру – мектепте әртүрлі үйірмелерді құру арқылы жүзеге асырылады. Үйірмеге қатысушылы балалардың музыкалық дарынынан басқа ықыласы мен ынтасы болуы керек. Мынадай үйірмелер болуы шарт: хор, оркестр, жеке аспаптар, әншілер, би үйірмелері, фольклорлық, музыка театры т. б.



Хор үйірмесі – балаларды жасына қарап біріктіреді. Алдымен хор үйірмесіне өз еркімен келушілер қабылданады. Мұғалім балардың қабілетін тыңдайды. Хорға 40 – 50 бала алынады, аптасына 2 рет немесе, одан да көп жүргізіледі. Бала дауысының дұрыс қалыптасуына хор жаттығулары үлкен әсер етеді.

Жеке аспапта ойнау үйірмесінің ерекшілігі – оны үйренуге ықылыс танытқан оқушылармен жеке жұмыс істеу. Әр баламен жұмыс істегенде сабақты оның басының қабілеттілігіне, талғамына сай жоспарлайды. Аспапты игеріп кету, оның музыкалық қабілетіне, еңбексүйіспеншілігіне, ынтасына байланысты. Мұғалім баланың қызығушылығын арттыратын әртүрлі әдіс – тәсілдерді қолдана білген жөн. мысалы:
1.4 Мемлекеттік стандарт және мектептегі бағдарламаға шолу

Стандарт – (ағылшын, standard - өлшем, үлгі, өлшегім) – басқа ұқсас нысандарды, заттарды салыстыру үшін бастапқы үлгі ретінде қабылданатын үлгі, эталон, модель, құдыретті орган қабылдаған, шама өлшемін, терминдерді және олардың анықтамасын, өнімге және өндіріс үстерінде қойылатын талаптарды, адамның қауіпсіздігін, материалдық құндылықтардың сақталуын, т. б. айқындайтын нормативтік анықтамалық құжат. Стандарт ғылым, техника, өндіріс, практикалық тәжірім саласындағы отандық және сонымен бірге оларды тиісті қызмет салаларында енгізудің директивасы болып табылады.

Мемлекеттік стандарттың міндетті талаптары меншік нысандары мен идаралық бағыныстылығына қарамастан барлық кәсіп орындарға, сондай – ақ кәсіпкерлік қызметпен айналысатын азаматтарға да қойылады. Халық – аралық стандарт халық – аралық ұйым қабылдаған және белгілі бір саладағы негізгі талаптарды, нормалар мен ережелердібелгілейтін нормативтік – техникалық құжат болып табылады.

Егеменді, бостандық алған Қазақстан республикасының білім беру саласында, педагогикалық тәжірибенің мазмұнын жаңарту кезінде, қоғам өмірінің жаңартуда, адамның жаңа қоғамға деген көз – қарасы, болашақ ұрпақты жан – жақты білімді, мәдениетті, өз мәдениетін, өз тілін музыка пәнінің бағдарламасы – оқушылардың музыка өнерінің негізгі мен оның өмірімен байланысы жайлы түсінігін жетілдіру, бағдарламаның тақырыптық құрылымында көрсетілген басты мәселелерді «музыкалық, тәжірибелік іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру, музыканы түсініп шығармаларды мәнерлі орындап, орындағанда әуеніне» таза болуы, ырғақты сезіне білу, вокалды - ән айту дағдыларын қалыптастыру мақсатымен халық және композиторлардың ән – күйлер, қазіргі уақытқа сай профессионалды музыкалық шығармалар, жергілікті сазгерлердің ән – күйлері келтіріп отыр. Сондықтан жалпы білім беретін мектептерде музыка сабағының негізгі мақсаты: - оқушылардың бойында рухани мәдениеттің аса маңызды әрі ажырамас бөлігі – музыкалық мәдениетті қалыптастыру. Балардың Отанға, өз халқына деген сүйіспеншілігін, әр түрлі ұлт өкілдерінің бір – біріне деген достық сезімдерін оятады және оны жетілдіреді.

Осы бағдарламаға өзен болып келетін тақырыптың жүйепринципі алынды. Бағдарламаның мақсаты – оқушыларды біртіндеп музыка әлемінде бой ұрғызу.

Тақырыптың жүйе принципі бағдарламаның жүйелегін орнықтыру мақсатын көздейді. Адамгершілік және эстетикалық тәрбиені сабақтың негізіне айналдыру баланың музыканы дұрыс қабылдауын дамытуға көмектеседі. Музыкалық тәжірибе жинақтау мен практикалық іс - әрекеттер барысында оқушылар біртіндеп музыка туралы түсініктерін қалыптастырады. Бпғдарлама ән мен әуенділік, би мен ырғақтылық, марш пен екпінділік, музыканы тыңдай, қабылдай білу, қызығушылығын арттыру, ән орындауға, тыңдауға дағдыландыру, музыканың өмірмен байланысты екенін ұғындыру, композитордың стилін, оқушылардың музыкалық қабілетін дамыту – сезімталдық, есту қабілеті, ырғақ, есту сақтау, музыканың сазын сезіну, музыкаға шығармашылықпен қарау, ән айту мәдениетін, оны әдемі, ашық дауыспен айту.

Бағдарламаның музыка сабағын оқу – тәрбие процесінің негізгі іс - әрекеттерін қамтиды, олар: міндеті, мазмұны және оқыту әдісі. Ең негізгісі сабақты ұйымдастыра білу Ертеде музыка сабағы үш бөлімнен тұратын: ән айту, музыка тыңдау, музыка сауатын ашу.

Ал, қазір музыка сабағы - өнер сабағы болғасын, мұғалімге үлкен міндет, талап қойылады.

Бағдарламаның тақырыптылыққа байланысты, олар тоқсанның тақырыбы, жарты жылдық тақырып – олар арқылы, оқушылардың өнерге баулудың негізгі – сезімділік, музыканы талғаныспен қабылдау, оны түсіну, шығарманың көркемділігін, сюжетін, құрылымын, формасын қабылдау, оны түсіну, музыкалық шығарманы тұтас қабылдау.

Тақырыпқа байланысты мұғалімнің міндеті: музыка сабағын логикалық байланысты белгілеу және де сабақта әр түрлі музыкалық материалға бірқалыпта көшу, ән айту бола ма, музыка тыңдау бола ма, музыкалық сауатын ашу ма, қимыл – ырғақ, сурет салу, ойындар өткізу сабақтың тақырыбына байланысты, жалпы оқушыларды музыка өнеріне қалыптастыру.

Ең негізгі тақырыптылық:

1 сынып: 1. Музыка қандай сезімді білдіреді?

2. Музыка қандай сыр шертеді?

3. Музыка қалай толғайды?

4. Музыка нені толғайды?

Бұл тақырыптар бір – бірімен тығыз байланысты. Олар: музыка шығарманың сипатымен, эмоциялық мазмұнымен танысу, көркедік бейнемен танысу, мәнерлік әдісімен танысу, мазмұны мен – мәнерлік арасындағы байланыспен танысу.

2 сынып: 1. Музыкадағы төрт жанр: ән, би, күй, марш.

2. Музыка нені, қалай бейнелейді, суреттейді?

3. Жанрлар бізді қайда жетелейді?

4. Музыка тілі дегеніміз не?

3 сынып: 1. Ән, күй, би, марш - әуенділікке, ырғақтылыққа, екпінділікке, ерекшелікке ұласады.

2. Интонация – ол дән, музыка мен тіл интонациясы, әуенділігін, екпінділігін, ырғағын көрсетеді, оны ашады, бейнелеу мен суреттеу интонациясы т. б.

3. Музыканың дамуы.
«Мұрагер» бағдарламасы

Авторлары: Абдулхамит және сайра Райымбергеновтар

Бағдарламаның мақсаты: өзінің тілін, дінін, дәстүрін, өнерін, әдет – ғұрпын біліп, халқының асыл қазынасының мұрагері сезінетін, өз елін, туған жерін, ата мекенін сүйетін, Қазақстан Республикасының азаматын тәрбиелеу.

Негізгі мақсаты: балаларға домбыра үйрету арқылы олардың жалпы күйдің өнеріне деген ынтасын арттыру. Бағдарлама – домбыраның, күйдің алуан сөз иірімдерін құлақпен түйсіну сияқты нотасыз үйрету әдістемесіне егізделген.

«Мұрагер» атты бағдарлама ән-күй пәні бойынша қазақ орта мектебінің бірінші-тоғызыншы сыныптарына арналған. Бағдарламаның негізгі мақсаты - өзінің тілін, дінін, дәстүрін, өнерін, әдет-ғұрыптарын біліп, халқының асыл қазынасының мұрагері сезінетін, өз елін, туған жерін, ата мекенін сүйетін Қазақстан Республикасының азаматын тәрбиелеу.

Бағдарлама төмендегідей педагогикалық міндеттерді көздейді:

1) домбыра сүйемелдеуімен ән айтып, күй тартуды үйрету, жыраулық дәстүр, айтыс өнерін меңгеріп батыс Европа және Шығыс музыка өнерінің дәстүрлерімен танысу;

2) қазақтың кейбір қолөнер түрлерін үйретіп, оқушылардың көркемдік ой жүйесін қалыптастыру;

3) балалардың творчестволық ынтасын, ой өрісін, фантазиясын, қиялын, дамыту;

4) дәстүрлі өнеріміз арқылы қайырылымдыққа, адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеп, мәдиенетті, жан-жақты дамыған адам етіп шығару.

Бағдарламаның басты темірқазығы – балаларға домбыра үйрету

арқылы олардың жалпы халық өнеріне деген ынтасын арттыру. Домбыра үйрету барысында біз халықтық музыка педагогикасына арқа сүйедік. Ол домбыра қағыстарын көзбен көріп, сөз иірімдерін құлақпен ілу сияқты домбыраны нотасыз үйрету әдістемесіне негізделген. Сонымен қатар, дәстүрлі ортада шәкірт ұстазына еріп жүріп, жекеше түрде дайындалып, соңына еріп батасын алған. Ал бала саны жиырмадан асатын сыныпта бұл методикамен жұмыс істеу қиын. Сондықтан «Мұрагер» бағдарламасы балалардың санына қарамай кез келген сыныпта қолдана беруге болатын, коллективті түрде нотасыз домбыра тартып үйретудің әдістемесін ұсынады. Бұл арада біздің бағдарламамыз қазақтың дәстүрлі педагогикасын және Европаның ең озық әдістемелік үлгілерін бойына сіңірді.

Ән-күй дәстүріміздің жалпы халықтық мәдениетіміздің бір

саласы болғандықтан, бағдарламада басқа да халық көркем-өнер мұраларымыздың ішінде тек қана домбыра тартуды толығырақ меңгеруге көмектесетін түрлері іріктелініп алынды.

Қазақтың ою-өрнектерінің символдық мазмұнын білу арқылы

балалар күйдің саз иірімінің сұлулығын көбірек аша түссе, күйдің тарихын білу арқылы халқының тарихын тереңірек түсінеді. Сонымен қатар аспаптық саз өнеріміз аңыз әңгімелерімен, көне мифологиямен, ауызша поэтикалық дәстүрімен астасып жатыр. Қысқасы ән-күй пәні музыка, ауызша поэтикалық, көркемөнер, қолөнер, түрлерінің басы тоғысқасын интеграцияланған комплексті пән болуы тиіс.

«Мұрагар» бағдарламасы – тоғыз жылдық білім берудің тізбекті

біртұтас курсы. Бастапқы сыныпта алған білім жылма-жыл қайталанып, толықтырылып, дамытылып отырады. Мысалы, домбыра тартудың ең қарапайым жаттығуларынан бастап, жеңіл әндер мен күйлер үйреніп, репертуарды жылма-жыл байыта, күрделендіре түсудің арқасында күйдің композициялық құрылысын түсініп, аяғында өз жанынан өлең ұйқастырып, бір-бірімен қағыспа түрінде айтысуғадейін жетіп, жыраулардың үлгісімен өз толғауларын шығаруға дейін жетеді.

Домбыраға репертуар таңдау барысында балалардың ойнап үйренуіне жеңіл болумен қатар, ел арасына кеңінен танымал халықтың сүйіп

тыңдайтын ән-күйлері іріктеліп алынды.

«Мұрагар» бағдарламасында қазақтың ұлттық өнерімен қатар, Европа мәжениеті оның ішінде әлемге тараған опера, симфония, балет жанрлары терең түрде талданды. Ол жанрлардың пайда болуы туралы мәліметтер мен Европа саз аспаптары туралы қызғылықты әңгімелер баяндалады.

Сонымен қатар Шығыс музыкасы мен Түркі мәдениетіне кең орын берілген. Бағдарламаның ең соңғы бөлімінде қазақ музыкасын басқа

Европа елдерінің музыка мәдениетімен салыстыра келе, саз өнерінің өміріндегі алатын орны айқындалады.

Қысқасы, музыканы тек қана құлақпен тыңдап, көркемдік, бұйымдарды тек қана көзбен көріп, тамашалау арқылы өнерге баулуға болмайды. Біздің бүлдіршіндеріміз халық өнерінің шынай мұрагерлері болуы керек. Асыл өнерді өз қолымен жасай алатын адам ғана ата – бабадан қалған мұраны көбейтіп, байытып келесі ұрпаққа жеткізе алады.

Жаңа оқулықтар, оқу құралдары. Авторы Шолпан Құлманова

Мақсаты: Музыка өнеріне арқылы рухани бай, шығармашылық белсенді, музыкалық дамыған, халық музыкасын өмірдің бейнесі ретінде түсініп және оны сүйетін. Халқымыздың әдет – ғұрыптары мен салт – дәстүрлерін қастерлеп, классикалық музыканы және басқа халықтардың өнерін сыйлайтын жеке тұлғаны тәрбиелеу.

Елім – ай бағдарламасы. Авторы Мұрат Балтабаев

Қазақтың домбыра, қобыз саз сырнай, сыбызғы, шаңқобыз және басқа да музыкалық аспаптары күйлердің дамуымен бірге жетілген. Күй – қазақтың рухани мәдениетінің аса маңызды саласы. Күйлер – ұлы оқиғаларды, өмір шындығын, қазақ жерінде болған айтыс – тартысты, жорықтарды, той – думанды, елдің тұрмыс – тіршілік салтын, әдет – ғұрпын, табиғатын суреттеген.

Бағдарлама музыка сабағының көп іс - әрекеттігін байқайды: ән үйрену, музыка тыңдау, би қимылдарын үйрену, оның аттары, ою - өрнектерді білу, оны суреттеп салу, аттарын білу, ауызекі шығармашылығы – тақпақ, айтыс, мақал – мәтел, жұмбақтар т. б.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет