Мамандыққа кіріспе «Музыкалық білім»


Шығыс әдебиетінің назирасында құрылған қисса әдебиеті күрделі зерттеулерді қажет етеді. Қиса әдебиеті төрт салаға бөлінеді



бет5/5
Дата05.11.2016
өлшемі1,26 Mb.
#657
1   2   3   4   5

Шығыс әдебиетінің назирасында құрылған қисса әдебиеті күрделі зерттеулерді қажет етеді. Қиса әдебиеті төрт салаға бөлінеді:

1) «Мың бір түн», «Шаһнама», «Тотынама», т.б. шығыс елдерінен алынған сюжеттер. Бұлар қазақ халқына да ортақ жазбалар;

2) шығыс классиктері – Науаи, Низамилерден тараған қиссалық сюжеттер.Науаидің «Хамсасы» өз кезінде бүкіл шығыс, Орта Азия елдерін бас идірген. Низами болса құлдар мен күңдер теңдігін махаббат үлгісінде жырлаған. Науаи мен Низами жырларының қазақ халқының жазба әдебиетіне тигізген ықпалы орасан зор;

3) «Салсал», «»Зарқұм», «Хасан-Хұсайын» сияқты ислам дінін уағыздайтын қиссалар. Хазірет Әлидің қылышы көк өгіздің мүйізіне жетіпті деп дәріптенгенмен, бұл діни қиссалардың өнерге бергені шамалы);

4) феодализм (дін) қайшылығы тереңдеген кезде Орта Азия мен қазақ халық әдебиетінде махаббат тақырыбын мистицизм (романтизм) рухында жырлайтын қиссалар туды. Бұлардың жырлары Науаи, Низами дәстүрлерінен бөлек еді. Классиктер махаббат тақырыбын реалистік тұрғыдан жырласа, мистік ақындар жерді – зұлымдық, теңсіздік, тамұқ, аспанды – азаттық, жұмақ деп дүниеге жар салады. Оның сыртқы көрінісі – дарашылдық, ішкі мазмұны – гуманизм, арман, философиялық жұмбақ. Оны өнер жұмбағы дейміз. Сөйтіп романтизм үлгісіндегі қиссалар тұсында шығыс поэзиясы образдың жаңа әлемін ашты. Қиссалар шайырлық әдебиеттің үлкен мүлкі болса, онсыз қазақтың жазба әдебиеті түгелденбейді.

Орта ғасырлық шығыста VIII-IXғ. Батыс Еуропаның мәдениеттік даму деңгейі төмен дәрежеде қалып қойған кезде арап тілді философия, араб мәдениеті кең өркен жайды. Бұл арабтардың ұлттық сана- сезімінің оянуы, мәдениетінің кең өркен жаюы, жалпы VII ғасырда Арабстанда жаңа Ислам дінінің пайда болуымен де байланысты болды. Олар VII ғасырдың екінші жартысында ислам туының астында үлкен бір орталыққа айналды.

Тарихымыздағы ұлы тұлғалардың бірі, ислам дүниесінің ең ірі, атағы әлемге жайылған ғұлама философы, Аристотельден кейінгі “екінші ұстаз” атанған Әбу Насыр әл- Фараби қазақ жерінде, Отырар қалассында дүниеге келген.

Әль- Фарабиді дүниеге танытқан музыка теориясына арналған шығармаларының бірі – “Музыканың үлкен кітабы” атты еңбегі. Ғұлама бұл еңбекте математикалық тәсілдер пайдалану арқылы музыкалық дыбыстарды тұңғыш рет қағаз бетіне түсіріп, нотаны алғаш дүниеге келтірді. Ол тек музыка теориясын ғана жазып қоймай, музыкалық аспаптарды да қолдан жасап, сол аспаптарда керемет ойнай да білген. Қазақ домбырасын дүниеге келтірген асқан музыкант ұлы бабамыз Әбу- Насыр әл- Фараби десек, біз қателеспеген болар едік. Оған бірнеше ғылыми дәлелдер, Фараби жасаған музыкалық аспаптар түрі куә бола алады. Оның шебер орындаушылығы жөнінде шығыс халықтары арасында күні бүгінге дейін айтылып жүрген көптеген аңыздар да бар.

Фарабидің бұл кітабы музыкалық дыбыстың сипаты мен құрылымынан бастап, музыканың поэзиямен байланысына дейінгі музыкалық ғылымның мәселелеріне ғана арнамай, музыканың эстетикалық- теориялық принциптерін шешуге бағытталған. Музыка зерттеу саласындағы еңбектерінде Фараби музыкасының емдік қасиетін, жағымды әсерін жан- жақты дәлелдеді, сондай- ақ оның тәрбиелік мәні зор екнін баса айтты. Адамның музыка шығарудағы қабілеті дәрежесінің әр түрлі сатысын көрсетіп, адамның жан- дүниесіне жағымды, жағымсыз әсер ететін музыкалық жанрларға талдау жасады.

«Музыканың үлкен кітабы» музыка ғылымына кіріспе; музыка ғылымдврының негіздері; музыкалық аспаптар; музыкалық композиция; деген үлкен төрт тараудан тұрады. Фарабидің бұл еңбегі XV ғасырда латын тіліне аударылып, Еуропа музыка ғылымы мен өнерінің дамуына үлкен әсерін тигізді.

Жүсіп Баласұғын- XI ғасырдың көрнекті ақыны, есімі Шығыс елдеріне мәлім данышпан ойшыл, философ, энциклопедист, ғалым, қоғам қайраткері. Ол – философия, табиғаттану, математика, астрономия, тарих, арап-парсы тіл білімі т.б ғылым салаларын жетік меңгерген ғұлама ғалым. Оның «Құтты білік» кітабы- сол замандағы ресми әдебиет тілі болып саналатын арап тілінде емес, түрік халықтарының тілінде жазылған алғашқы энциклопедиялық еңбек.

Жүсіп Баласұғынның «Құтты білік» дастанында Шығыс әсерінен көрі, түркі халықтарының бай ауыз әдебиеті, фольклер жанрларының әсері басым. Түркі тілдес тайпаларының тілінде жазылған сан- алуан тұрмыс-салт жырлары сол кездің өзінде ақ аз болған. Олар айтыс, толғау, терме түрінде айтылған. Жүсіптің сүйенген үлгісі халық аузындағы осындай дәстүрлерге байланысты болған. Жалғыз –ақ терме сияқты жыр-өлеңдерінде бұхара халықтарының мұң-мұқтажы, ой-арманы жырланса, дастандарында көбіне хан ордасының салты жырланады.

Махмұт Қашқари-XI ғасырда Қашқар қаласында дүниеге келіп, Шу, Талас өңіріндегі Баласұғын қаласында өмір сүрген ғалым. Ол- ұлы әдебиетші, ауыз әдебиетінің үлгілерін жинап, зерттеуші, ойшыл- философ, белгілі саяхатшы. Түркі тілдерінің жинағы «Диюани лұғат ат түрік» кітабын 1072- 1074 жылдары жазған.

«Диюани лұғат ат түрік» тек түрікше-арабша түсіндірме сөздік емес, ол түркі тілдерін зерттеуде теңдесі жоқ ғылыми еңбек болып табылады. Бұл түсіндірме сөздігіндеавтор халық ауыз әдебиеті үлгілерін, ақыз, ертегілер, мақал-мәтелдер, қанатты сөздер және халық фольклерын орынды пайдалана білген. Сондай-ақ алғашқы қауым адамдарының тұрмыс-тіршілігін, болмысын, сана- сезімін бейнелейтін еңбектері арқылы жетті. Түсіндірме сөздік XI ғасырда, Қарахан дәуірінде дүниеге келген мұра.

Әбуғали әл-Хұсайын ибн-Абдаллах ибн әл-Хасан ибн-Әли ибн Сина. Ол 980 жылы Бұхар маңындағы Афшана шаһарында дүниеге келген. Ибн Сина шығармаларының басты бір саласы – музыка, оның теориялық мәселелеріне қатысты ой-пікірлері мен зерттеулері. Музыка теориясы саласындағы басты еңбегі – «Музыка туралы ғылымдар тізбегі». Оның кіріспесінде ғалым өзіне дейінгі Пифагор ізіндегі зерттеулердің музыка ілімі, оның тегі мен теориясына қатысты кейбір пікірлерін сынға алып, өзінің ғылыми тұжырымдарын баяндайды. Трактаттың негізгі бөлімі 6 тарауға бөлінеді. Бұл бөлімдерде Ибн Сина музыка теориясы мен тәжірбиесі және эстетикасына қатысты сан алуан мәселелерді қарастырады. Сондай ақ өзіне дейінгі авторлардың музыкалық дыбыс, әуен, интервал, лад, ырғақ туралы теориялық ілімдеріне терең барлау жасап, бұл саланы одан ары тереңдете түседі.

Орта ғасыр жазба ескерткіштерінің бірі – Дәруіш Әлидің «Музыкалық трактаты» («Рисала-и мусики»). XVII ғасырда жазылған бұл еңбек бізге қолжазба күйінде жетіп отыр.

Трактатта көрсетілгендей, Дәруіш Әли жас кезінен музыка өнеріне құштар болады. Кейін Маурениахр билеушісі Имам Құли ханның (1611-1642) сарай қызметшісі (музыканты) болады. «Музыкалық трактатын» да сол тұста жазады.

Трактат XVII ғасырдың алғашқы жартысында, яғни, ежелгі түркі тайпаларының бір қанаты өзбек-қазақ болып жіктелген кезеңнен соң жазылса да, оның авторы Дәруіш Әли, Әл Фараби, Ибн-Сина, Руми, Жәми сияқты өзіне дейін ғұмыр кешкен ғұлама ғалымдардың есімдерін атап, еңбектеріне жүгініп отырады. Сол себепті Дәруіш Әлидің трактатына X-XI ғасырларда Орта Азия жерінде бой көрсеткен мәдени өрлеудің жемісі деп қарағанымыз жөн.

Трактат он екі тараудан тұрады. Трактат былайша жіктеледі:

1) мұсылман қауымының арасында ән-әуез өнерінің даму ерекшеліктері туралы айтылған Мұхаммедтік үрдістері;

2) музыка, әуен (әлхан) һәм ырғақ (ика) туралы;

3) он екі мақамның шығуы жайында;

4) ырғақтың (үсүл) көне он екі түрі туралы;

5) қара сөздің ырғақтылығы, музыкалық аспапта ойнау, оны тыңдап, қабылдау ерекшеліктері жайында;

6) музыкалық аспаптар хақында (тамбур, чангі, қобыз, т.б);

7) музыка жайында еңбектер жазып қалдырған ұлы адамдар, яки ғалымдар мен шайырлар туралы;

8) музыка теориясын жоғары бағалаған білікті ғұламалар, ұлы ойшылдар һәм шайырлар туралы;

9) сан алуан музыкалық шығарммалар құраған кемел, яки үлкен дарын иелері;

10) музыка ілімі туралы көптеген еңбектер құраған шайырлар мен ғалымдар жайында;

11) ғират шаһарының қас шеберлері туралы;

12) бүгінде ел құрметіне ие болған музыка әлемінің ұстаздары жайында.
Хандық дәуір музыкасы:

1) хандық дәуір туралы ұғым (XV-XVIII). Жыраулық поэзия мен өнердің өріс алуы Асан Қайғы, Доспанбет, Шалкиіз, Үмбетей, Бұхар т.б көптеген жыраулар мұрасының әдеби-музыкалық сипаты;

2) музыкалық-поэтикалық дәстүр, оның стилдік көркемдік ерекшеліктері. Жыраулық өнер өріс алған аймақтар;

3) айтыс және суырып салма (импровизация) өнері.XV-XVIII ғ.ғ қазақ музыкасының жанрлық жүйесі. Жыр, толғау, терме, олардың көркемдік ерекшеліктері.

Асан қайғы XV ғ. өмір сүрген атақты қазақ ақыны, философы. 1361-1370 жылдар арсында Еділ бойында туылған. Тарихи аңыздар Асанның әкесі саятшы екен дейді. Асан қайғы Алтын Орда ханы Ұлұғ Мұхамбеттің (Орманбеттің) ықпалды билерінің бірі болған. XV ғ. 20 жылжары Ұлығ Мұхамбет ордадан қуылады. Асан өз әміршісімен бірге кетеді. Көп ұзамай Қазанда билік құрған Ұлығ Мұхамбеттің ақылгөйі қатарында болған ақын хан өлген соң Дешті Қыпшаққа қайтып, 1450 жылы Әбілқайыр ұлысындағы тартыс кезінде Керей, Жәнібек сұлтандарды жақтайды. 1456 ж. Шу алқабында Қазақ ордасы құрылған кезде Асан жаңа мемлекеттің ұраншысына (идеологына) айналды.

Ел ішінде шежіре сөздер мен күй аңыздарына қарағанда, Асан қайғы халық қамын ойлаған ақылгөй, көреген ғана емес, сонымен бірге атақты күйші де болған. Көптеген күйлердің аты мен аңыз- әңгімесі әлі күнге дейін айтылады. Өкінішке орай әзірше «Ел айрылған», «Асан қайғы», «Желмаяның жүрісі», «Зар» сияқты санаулы ғана күйлері белгілі.

Асан қайғы өзінің жыр- толғауларында, шешендік сөздерінде хандық мемлекетті нығайту, елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажеттігін насихаттайды, Жәнібек ханды табысқа мастанбауға, елдің түбегейлі болашағын ойлауға шақырады.

Асан қайғы сол кездегі қазақ даласындағы елдің бас ұраншысы, халқының ақылгөйі, хандықтың бас идеологы болады. Елбасы Жәнібек ханға айтқан мына толғауы осы ойды айғақтайды.

Әй, хан, мен айтпасам білмейсің,

Айтқаныма көнбейсің,

Шабылып жатқан халқың бар,

Аймағың көрдеп көрмейсің.

Қымыз ішіп, қызарып,

Мастанып, қызып, терлейсің.

Терме өнері – халқымыздың ойлау тәсілінің ерекшелігін білдіретін мәдени феномен.Асан Қайғының көрегендігі мен кемеңгерлігін оның «қилы- қилы заман болар, қарағай басын шортан шалар» деп жұмбақтап айтқан сөздерінен көреміз. Жырау алдағы заманда халықтың рухани күйреп, азып-тозатынын, аяусыз қырылып, зобалаңға ұшырайтынын тап басыпболжай білген.

Асан қайғының халық жадында сақталып, айтылып келе жатқан «Жерұйықты іздеуі» белгілі ғалымдардың айтқанындай утопиялық шығарма емес, қазақ мемлекетінің тұңғыш рет тарих сахнасында шығуымен тікелей байланысты туған шығарма.

Асан қайғы ұзын аққан Ертісті көргенде: «Мына шіркіннің баласы тойдым деп қарап отырмас, қарным ашты деп жылап отырмас. Сиырдың мүйізі, доңыздың құлағы шығып тұрған жер екен» дейді.

Шідерті өзенін көргенде «мына шіркіннің топырағы асыл екен. Алты ай мініп арықтаған ат, бір айда майға бітетін жер екен. Бес жылқы шідерлеп қойғандай тоқтайтын жылқының өрісі екен» дейді.

Ұзын аққан Сыр бойын көргенде «басы байтақ, аяғы тайпақ қоныс екен. Қара тауды жайласам, Сырдың бойын қыстасам, қоныс болуға сонда дұрыс екен»- депті.

Қазақ халқының ғылыми шығармашылығына қарағанда көркем шығармашылық көш ілгері басты. Әсіресе, поэзия ерекше дамыған.Сондықтан, қазақ тұрмысында абстрактылы ұғымдар көркем образға айналып отырған.

Сахара эпосын тудырушының бірі - ірі эпик, ерлік жырларын шығарушы жырау, әрі нәзік лирик болған, ел жайлы және әскери тақырыптағы сан алуан мазмұнды туындылардан құралған мол мұра қалдырған Қазтуғанның біздің дәуірге жеткен жырлары табиғат аясындағы көшпендінің болмыс тіршілік, өзін қоршаған орта туралы түсінігін бейнелейді. Жырау қиялының байлығы, суреттеутәсілінің кемелдігі мен әсемдігі көне дәуірдегі қазақ поэзиясының биік өресін, өзіндік сипатын танытады. Қазтуғанның ұлттық бояуы қанық, афоризмге, көркем тіркестерге бай, өр рухты толғаулары туған әдебиетіміздің таңдаулы үлгілері қатарына жатады.

Жыраулар поэзиясының дамып өркендеуіне Доспамбет пен Шалкиіз өнерлері айрықша әсер етті.

Жорық жыршысы болған Доспамбет жырау (1523ж.өлген) шығармаларынан ортағасырлық жауынгер көшпендінің өр тұлғасы, ерлік кейіпі көрінеді, оның асқақ рухы, берік дәті, өмірлік мұраты танылады. Ойлы да сырлы Доспамбет толғаулары тақырыбы, мазмұны ғана емес, көркемдік ерекшеліктері тұрғысынан алғанда да мәні зор.

Көне дәуірдегі қазақ әдебиетінің ең көрнекті өкілі- Шалкиіз жырау (шамамен 1465-1560) өзінің ұзақ өмірінде Дешті қыпшақтың төрт бұрышын түгел шарлаған, заманының бірінші ақыны танылып, үлкен даңққа ие болған жырау бүкіл өмірін күрес үстінде өткізеді. Өз тұсындағы әміршілдердің ешқайсысының шашбауын көтермей (қолдамай), өз турашылдығынан таңбайды.

Жырау туындылары көңіл пернесін дөп басар әсерлілігімен, кезегенін орып түсер өткірлігімен, аз сөзге көп мағына сыйғызған нақтылылығымен, сұлу сазды көркемдігі асау серпінді қуатымен ерекшеленеді. Жыраудың ғасырлар көгінен өтіп, бізге жеткен шағын көлемді шымыр толғауларынан көне заман талабы - тұз-тұрғының дүниетанымы, адамның табиғаты, мінез ерекшеліктері, моральдік, этикалық қағидалары айқын әрі анық аңғарылады.

XVIII ғасырдағы әдебиетіміздің көрнекті өкілі Бұқар жырау (1668-1781). Арқалы жырау, қабырғалы би Бұқар өз тұсындағы қазақ хандығының басидеологы болады. Ісімен де жырымен де Абылай хан саясатын мейлінше қолдайды. Хандықтың нығаюы, хан үкіметінің берік болуы жолында күреседі. Өз шығармаларында Абылайды сырт жауларға қарсы күресте айрықша қайрат көрсеткен, қайтпас батыр, ел қамын жеген көреген көсем ретінде бейнеленеді.

Бұхар шығармаларынан жыраудың өз өмір сүрген қилы заман келбеті айқын танылады. Хан сұлтандардың, ірі феодалдардың әр жүзде, тіпті жеклеген руларда өз билігін жүргізбек болған ұлттық мүддеге қайшы, бақ құмар саясаты, руаралық тартыстың күшеюі, заманың өзгеруіне байланысты адамдардың санасындағы құбылыстар – осының бәрі ақынның өнернамасынан көрініс табады.

XVIII ғасырдағы ақындар поэзиясының ең көрнекті өкілдері-Көтеш және Шал ақындар.Жырлы ортадан шыққан, өмір бойы жоқшылық азабын тартып өткен Көтеш ақын (1745-1818) өлеңдеріндегі негізгі сарын – кедейлік тақсіреті, тағдырдың әділетсіздігіне наразылық. Ал Шал ақынның (1748-1819) біздің заманымызға жеткен мұрасытақырыптық жағынан алғанда біршама бай. Бұлар дін, этика, мораль мәселелері, байлық пен кедейлік, о дүние мен бұ дүние жайлы сөз ететін философиялық үлгідегі туындылар, көшпенділердің күнделікті өміріне қатысты тұрмыстық өлеңдер, жеке Адамдарға арналған эпиграммалар, арнау жырлар.

XIX ғасырдағы халықтық кәсіби-музыкалық дәстүр. Аспаптық музыка:

1) XIX ғасырдағы қазақ музыкасының даму ерекшеліктері. Аспаптық музыка, оның даму кезеңдері мен Қазақстанның түрлі аймақтарындағы дамуы;

2) философиялық мазмұндағы шертпе күйлер табиғаты. Қазақ музыкасындағы төкпе күй дәстүрі, оның кең тараған аймақтары. Ұшқыр ойлы, жылдам да жүрдек күйлер табиғаты;

3) ықылас Дүкенұлы (1843-1916), Махамбет Өтемісұлы (1803-1846), Құрманғазы Сағырбайұлы (1823-1896), Дәулеткерей Шығайұлы (1821-1882), Тәттімбет Қазанғапұлы (1817-1863), Дина Нүрпейісова (1861-1955), Сүгір Әлиұлы (1884-1961), т.б. қазақ композиторларының күй мұрасы, стильдік және көркемдік ерекшеліктері. Қазақ халқының аспаптық музыкасына қосқан өзіндікүлестері.

Домбыра – көшпелі елдің көне көз шежіресі. Не бір дарынды дала перзенттерінің аты ұмытылып кетсе де, шығармалары сары алтындай сақталып, бізге жеткен. Тек XIX ғасырдың бас кезінен бері өмір сүрген халық сазгерлерінің біразының есімдері қазір мәлім. Олар нота дегеннен бейхабар болса да, өз халқының мұңын мұңдап, жоғын жоқтап, көптерен тамаша музыкалық шығармалар қалдырып кеткені мәлім. Олар халық аспаптарына арнап, шығарған шығармаларын, яғни домбыра мен қобыз, сыбызғыға арналған музыкалық шығармаларды күй деген.

Күй- көптен келе жатқан музыкалық көне ұғым. Ертеде күй деген, сірә аспаптық және жеке дауыстың музыка шығармаларына берілген атау болуы әбден мүмкін. Кейбір түркі тілдес халықтарда қазірдің өзінде күй деп аспаптық музыканы да әнді де атай береді.

Қазақтың бағдарламалы халықтың аспаптық музыкасы – күйде әндер сияқты сан- саналы жанрларға таралады. Олар Арқа өңіріндегі шертпе күй дәстүрі мен Сыр өңіріндегі төкпе күй дәстүрі. Әсіресе XIX ғасырдың екінші жарты мен XX ғасырдың басында өмір сүрген халық сазгерлерінің музыкасы, жанрлық ерекшелігі жағынан аса күрделі, һам бай, кең құлашты эпикалық сарынды көне заманның күйшілерінен аңғаруға болады. Сонымен қатар, ол қасиет беріде Құрманғазы, Дина, Сейтек күйлерінен аңғарылып тұрады.

Күйде лирикалық, лиро – эпостық, тұрмыс- салттық жанрлар кеңінен пайдаланылады. Күйдің осындай көп салаларының ішінде өнердің тылсым құдіретін, терең сырын сөз етуге арналған лиро- философиялық жанрдың орны айрықша бөлек.

Халық басынан қандай күй кешсе де оны қазақтар айна қатесіз күй тіліне түсіре білген. Аңыз, хикая, тарихи- құбылыстық, әдет- салттық, әскери сюжеттер, табиғат әсемдігін суреттейтін сюжеттер қобыз, домбыра, сыбызғы көкірегінде ұялап отырған.

Қазақ күйлерінде көп ұшырасатын бір жайт – дыбыстарға еліктеу әдісі. Мәселен құстың сайрағанын, аңдардың ақырып, шақыруын дыбысқа еліктеу арқылы дәл беру (Аққудың қаңқылдағаны, қасқырдың ұлығаны, бұлбұлдың сайрағаны) бұл да адамның образын аша түсу үшін қолданылады. Дыбысқа еліктеу ол күйдің бейнелеу мүмкіндігін байыта түсіп, адамның жан дүниесін терең көрсетуге жәрдемседі.

Қазақтың қобыз аспабында күй тарту өнерін дамытқан күйші Ықылас 1843 жылы Қаратауда туды. Әкесі Дүкен, жеті жасынан бері қобыз тартып келе жатқан дәстүр бойынша, кішкене Ықыластың музыкаға бейімделуіне бөгет болған жоқ. 15-16 жасқа келгенде ақ Ықылас белгілі қобызшы болды. Ел аралап, той думанда қобыз тартып жүреді.

Қорқыттың қобызы жайлы, Қорқыт жайлы аңыз- әңгімелерді естіп жүріп, әкесінен «аңыз күй» тартып ажалдан құтылған Айрауықтың әңгімесін, байтақ елдің ары үшін арыстандай ақырып жауға қарсы шыққан Қарақасқа атты Қамбар, шора, қарақыпшақ Қобыланды батырлардың әңгімесін тыңдайды. Бәрін де көңіліне түйіп жүреді.

Ықылас отыз жасқа келгенде өзі күй шығарады. Оның тарихи ертегі тақырыптарына арнап «Қазан күйі», «Шора», «Қамбар күйі» сияқты күйлер шығарады. Ерденнің (Ақмоланың дуанбасы) баласына азаға салған күйі «Ерден күйі» генерал-губернаторға арнап шығарған күй «Жарым патша» күйлерін шығарады. Бұдан кейін шығарған күйлерінің ірісі – «Жез киік». Ол мергендер ертегісінен алынған. Терең сыр, арман желісінде шығарған «Қоңыр» күйі, аққудың қасиеттілігіне арналған «Аққу» күйі, «Шыңырау», «Бес төре», «Жалғыз аяқ» т.б. күйлер.

Қазақтың XIX ғасырдағы аса көрнекті халық композиторларының бірі- Құрманғазы Сағырбаев. Жасынан жоқшылық көріп өскен, жалшының баласы Құрманғазы қазақ ауылындағы таптық қайшылықтардың жігін ерте ажырата бастады. Құрманғазы туындыларының өзегінде осы еңбекші бұхараның бай феодалдарға, үстем тапқа ауыл ұлықтарына қарсы күресі болды.

Оның тұңғыш шығармаларының бірі – «Кішкентай»күйі Исатай Тайманов бастаған халық көтерілісіне бағышталады. Ал «Сарыарқа», «Көбікшашқан» күйлері ең қиын- қыстау кезеңдердің өзінде жауына басын имеген, бір сәт қайыспаған батыр халықтың бейнесін суреттейтін кең тынысты көркем туындылар.

«Сарыарқа»- Құрманғазы шығармашылығының шыңырау шыңы. Майталман суреткер «Сарыарқа» күйін шерткенде өз кезеңіне, өз дәуірінің рухына сай дыбыс тапқан. Күй- құйқыта шапқан аттың, жеңіс жырының жауынгершілік екпінімен басталады.

Орыс жұртымен көп араласқан күйшінің «Машина», «Перовский марш», «Не кричи, не шуми», «Лауышкен» атты шығармаларынан аракідік орыс интонациялары байқалады.

Құрманғазының күйлері- өмірдің ең көкейкесті құбылыстарын паш етеді. Күй музыкасы айқын да әуенді келеді, күй программалары нақты, қалың көпшілікке түсінкті болды, тыңдаушысын бай сазымен, әсіресе кербез нақышымен билеп алады. Осы себептен де Құрманғазының күйлері халықтың асқан сүйіспеншілігіне бөленіп, ұрпақтан- ұрпаққа тарала келіп, бүгінгі күнде тәуелсіз қоғамның игілігіне айналып отыр.

Шыққан тегі жағынан үстем тап өкілі бола тұра, шығармашылық серпілісін халқына арнаған композиторлардың бірі- Дәулеткерей Шығайұлы ата- бабасынан мұра болып қалған сұлтан- провитель шенінен көрі күйшілікті артық санаған.

Дәулеткерейдің шығармашылығы негізінен лирикалық сипатта өрбиді. Оның «Қос алқа», «Қыз Ақжелең» күйлері шат- шадыман сезіме толы. Терең ойлы, нәзік лирика тілімен баяндау үлгісін біз «Ысқырма» күйінен көреміз.

Дәулеткерейдің «Жігер» күйі жөнінде А.Затаевич былай деген: «Онда тасқындаған қимыл үстіндегі қуат емес, шамасы қасіретке батқан асқақ ойды білдіретін қуат» деген.

Ауқатты феодалдың баласы Тәттімбет Қазанғапұлы да халық музыкасына осы жолымен келеді. Композитор, күйші әрі ақын Тәттімбеттің бұқарашыл бағыттағы музыкасында және ақындық шығармашылығында қыр елінің тіршілігі асқан шыншылдықпен суреттеледі. Оның «Саржайлау», «Сылқылдақ», «Қосбасар» секілді тамаша күйлері үлкен өміршең қуатқа, лирикалық көңіл- күйге құрылған.

Қазақстандағы XIXғасырдың екінші жартысындағы саяси- әлеуметтік жағдай қазақ қоғамында таптық қайшылықтың өрши түсуі, озат орыс мәдениетінің қыр өміріне сіңіре бастауы міне, осының бәрі қазақ өнерінің барлық салаларында бұқарашыл ағымдардың күшеюіне жол ашты. Қазақ халық композиторлары шамасы келгенінше осы жаңа ағымдарды шығармашылық тұрғысында игере алуға тырысты.

X ғасырдағы кәсіби-музыкалық дәстүр. Әншілік өнер

Халықтық кәсіби әншілік өнердің тууы мен қалыптасуы. Музыкалық көркемдік тәсілдердің жетіліп, одан әрі дамуы:

1) музыкалық- эпикалық дәстүр, тақпақ сазды речитативтік мақам табиғаты. Олардың тараған аймақтары мен көрнекті өкілдері;

2) кең тынысты лирикалық әндер, олардың тараған географиялық аймақтары. Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, Мұхит Миралұлы т.б.

Қазақ халқында қай уақытта болмасын ұлы өнер бірінші орында болды. Әр заманда әр түрлі тұрмыстық, саяси- әлеуметтік жағдайларға қарамастан ұлы өнер әр қашанда бағаланды. Оның ішінде атап өтерлік қызыл тілден бал тамған ақындық, жыршылық өнер, әншілік- күйшілік дәстүр, сал- серілік өнер. Осылардың ішінде ән өнері қазақ халқында кең тараған, ғасырдан- ғасырға ұласқан, жылдар жылжытып үлкен бір әлемге айналған өнердің бірі. Ғасырлар бойы қалыптасқан ән өнері XIX-XX ғасырларда даму кемелінде болып, дәстүрлі- профессионалды деңгейге жетті. Сондықтан бұл өнер әр аймақта әр түрлі дамыды.

Осы дәстүрлі- профессионалды ән- жыр өнерінің аймақтық ерекшеліктеріне орай төрт түрлі класс бар деп есептелінеді. Олар: Арқа дәстүрі (Солтүстік, Орталық, Шығыс Қазақстан аймағы), Батыс Қазақстан өңірінің ән- жыр дәстүрі, Жетісудің жыр дәстүрі, Сыр өңірінің бай музыкалық мұралары.

Арқа өңірінің өнеріне келетін болсақ, мұнда әншілік, ақындық, композиторлық, сал-серілік өнер кең өріс алған. Арқа дәстүрінде Біржан сал, Ақан сері, Сегіз сері сияқты өнер тарландарының дәстүрімен жалғасқан өзіндік ерекшелігі бар күрделі де құдіретті өнердің бір түрі. Мұнда әнні әуені баяу, байсалды, лирикалық және терең ойлы, күрделі болып келеді. Бұл өңірде талай-талай атақты күміс көмей әншілер, ақындар мекенінің бірі- Көкшетау, Кереку және Семей өңірлері. Көкшетау- Біржан сал, Ақан сері, Балуан Шолақ , Үкілі Ыбырай секілді өнер бұлағы сарқыраған киелі өңір.



Біржан сал Қожағұлұлы (1834-1897) қазіргі Көкшетау облысы, Еңбекшілдер ауданына қарасты «Қожағұл құдығы» деген жерде дүниеге келген. Ақын, әнші, композитор.

Бала кезінен ойын- сауыққа араласып, ән салған Біржан кейіннен өзі де ән шығарып, әннің әуенімен бірге өлеңін де өзі шығарады.

Асқан ақын, жезтаңдай әнші Біржан- қазақ ән өнерін өз шығармашылығымен байытып қана қоймай, жаңа белеске көтерген талантты композитор. Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ секілді дархан дарын иелері – осы Біржан бастаған әншілік дәстүрді одан әрі жалғастырушылар.

Тақырыбы сан алуан, әр түрлі жағдайда туған, терең лиризмге, асқақ пафосқа құралған Біржан әндеріқайталанбас біртуар мұра ретінде ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып, сабақтасып келеді.

Оның әндері: «Адасқақ», «Айбозым», «Айтбай», «Ақсеркеш», «Бурылтай», «Біржан сал», Жалғыз арша», «Жонып алды», «Жамбас сипар», «Жанбота», «Он саусақ», «Теміртас», т.б.

Ақан сері (Ақжігіт) Қорамсаұлы (1843-1913) қазіргі Көкшетау облысы, Володар ауданындағы «Қоскөл» деген жерде дүниеге келген. Қызылжардағы Уәлидің медресесінде екі- үш жылдай дәріс алған. Жасынан серілік құрып, өлең, ән шығарумен әуестенеді.

Ақанның кең пейіліне, сырлы әні мен өткір сөздеріне, жүрген жерін думанға айналдыратын өнеріне сүйсінген халқы оны «сері» атандырады. Ақан сері Жаяу Мұса, Балуан Шолақ, Құлтума, Естай сияқты сал- серілермен жақын қарым- қатынаста болған. Ол- жүректі тебірентер сыршыл әндерімен бүкіл қазақ даласына танылған ғажайып өнер иесі.

Оның әндері:»Ақ көйлек», «Ақтоты», «Ақтотының ау-жары», «Балқадиша», «Әудем жер», «Жамал қыз», «Құлагер», «Қараторғай», «Мақпал», «Сырымбет», «Маңмаңгер» т.б.

Балуан Шолақ (Нұрмағамбет) Баймырзаұлы (1864-1919) қазіргі Көкшетау облысы, Еңбекшілер ауданында туып өскен.

Балуан Шолақ Біржан бастаған әнші- ақындар дәстүрін ұстап, әннің әуенін де, сөзін де қатар шығарған және оны өзі орындаған.Бұл тұрғыдан алғанда ол – қазақтың әншілік өнерін дамытуға көп үлес қосқан композитор. Сонымен бірге Балуан Шолақ жанына нөкер ерітіп, топ елге ойын – сауық көрсеткен өнерпаз, жамбасы жерге тимеген балуан болған.

Композитордың халық арасына аса көп тараған әні “Ғалия” мен “Сентябрь”. Балуан Шолақтың “Ғалиясы” – қазақ ән өнеріндегі шоқтығы биік туындылардың бірі. Бұл- нәзік сезім дүниесін өзгеше сыршыл сазда жырлаған ғашықтық лирикасы. Оның “Ғалия”, “Сентябрь”, “Дүние”, “Жастық” деген әндері бар.

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы (1860-1930) қазіргі Көкшетау облысы, Володар ауданында дүниеге келген. Халық композиторы, белгілі әнші әрі ақын – импровизатор, классикалық халық музыкасының ірі өкілдерінің бірі. Ыбырай қазақтың әнші- ақындарынан үлгі- өнеге алып, олардың шығармашылық дәстүрін бойына сіңіреді. Өз заманының дүлділі – Үкілі Ыбырай әндері жастық шақтың жалын атқан нәзік таза махаббат сезіміне, оптимистік әуенге, мелодиялық көркем сазға толы терең ойлы болып келеді.

Оның әндері: “Гәкку”,”Жайма қоңыр”, “Қалдырған”, “Қараторғай”, “Қызыл асық”,Шалқыма”, “Шолпан қаққан”, “Толқын”.

Кереку өңірінің сал- серілері Жаяу Мұса Байжанұлы (1835-1929) қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген. Халық композиторы, ақын, әнші. Жасынан зерек ұғымтал,ол өз бетінше орысша жазу- сызуды үйренеді. Сонымен қатар, қазақ еліне әлі де таңсық гармонь, скрипка сияқты музыкалық аспаптарды тартуды меңгереді. Кейіннен Омбыдағы орыс мектебіне оқуға түскен.

Екі тілді жетік меңгерген Жаяу Мұса өмірде блып жатқан оқиғаларды қағазға түсіріп, оған өзінің көзқарасын газет арқылы білдіріп отырған.

Жаяу Мұса Біржан сал мен Ақан сері бастаған әнші- ақындар тобының әріден келе жатқан дәстүрін дамытып, қазақ музыкасының мазмұны мен түріне, орындаушылық өнеріне көптеген жаңалықтар еңгізді.

Оның “Ақсиса”, “Баянауыл”, “Көкаршын”, “Киргизский жәрмеңке”, “Сапар”, “Сұрша қыз”, “Хаулау”, т.б.



Естай Беркімбайұлы (1863-1946) Қазіргі Павлодар облысына қарасты, Куйбышев ауданы, “Ақкөл” селосында дүниеге келген.

Ол жасынан ауыл арасындағы ойы-сауықта, той думанда ән салып,”әнші бала” атанды.

Әнші Естай ел аралап жүрген шағында талай өнер саңлақтарымен танысады. Өнер жарысында сан рет сайысқа тұседі. Әсіресе Біржан сал мен Ақан серінің жанына еріп жүріп, олардан көптеген әндер үйренеді, орындаушылық шеберлігін шыңдай түседі.

Естай сонымен бірге композиторлық өнерге де ден қояды. Қорлан екеуінің арасындағы бұл күнде аңызға айналған ғашықтық ғаламаты әйгілі “Қорлан әнінің тууына себепкер болды.

Естайдың “Бір мысқал”, “Жай қоңыр”, “Қорлан”,”Қоштасу”, “Майда қоңыр”, “Сандуғаш”,”Юран- ай” т.б.

Майра Уалиқызы Шамсутдинова (1896-1926) Кереку қаласында туған.

Өз жанынан ән шығарған композитор әрі үйренген әнін көкейге қондыра, тыңдаушыны өзіне ұйыта, бір есіткен кісі екінші естігенше құмартып тұратын етіп айтатын аса шебер әнші болған.

XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ музыкасы:

1) шетел ориенталистерінің қазақ музыкасы туралы ой- пікірлері мен этнографиялық еңбектері: И.Г.Георгий (1729-1802), И.Г. Андреев (1861-1918), М.В.Готвицкий, Р.А.Пфеннинг (1823-1898), А.Эйхгорн (1844-1909), Н.Савичев (1820-1885), т.б. жазба деректері;

2) 1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліске байланысты туған әндер. «Жас қазақ марсельезасы», «Жалпы әлем», «Жолдастар», «Қозғал», т.б. Қазақ АССР-нің құрылуы (1920), көркемөнерпаздар үйірмесінің құрылуы;

3) А.В.Затаевичтің музыкалық- этнографиялық қызметі мен «Қазақ халқының 1000әні», «Қазақтың 500 ән- күйі» жинақтарының маңызы. Ә.Қашаубаевтің Парижге сапары (1925). Тұңғыш қазақ театрының ашылуы (1926, Қызылорда), Алматы, Қарағанды, Павлодар қалаларында алғашқы хор үйірмелерінің ашылуы.

Қазақ халқының революцияға дейінгі музыкалық мәдениеті әр түрлі сапармен келген немесе, онда уақытша, яки тұрақты жұмыс істеген түрлі мамандықтағы ғалымдардың, чиновниктердің, жазушылардың, сауда қызметкерлерінің, әскери адамдардың назарын аударған. Олар халықтың музыкалық шығармашылығы туралы жазба түрінде баяндады немесе арнаулы очергтер мен мақалалар жазды. Ресей ғылым академиясы ғалымдарының көптеген еңбектерінде, газеттер мен журналдарда, архивтерде қазақ халқының тұрмысы мен музыкалық шығармашылығы жайлы құнды мәліметтер бар.

Қазақ халқының тұрмысы, өнері мен спорттық ойын- сауығын баяндайтын этнограф, натуралист және саяхатшы Иоган Готлиб Георгийдің (1729-1802) 1776 жылы Петербургте жариялаған еңбегі «Ресей мемлекетін мекендейтін барлық халықтардың тұрмысы мен әдет- ғұрыпы, киім- кешектері, тұрғын үйлері, әшекейлері, ойын- ермегі, дінге сенушілігі және басқа да есте қаларлық жайларды баяндау» деп аталады. Мұнда автор былай жазады: «Қырғыз- қайсақтар амандық- саулық кезінде бірнеше күндер бойы той жасап, би билейді, ән шырқап жыр- жырлайды, қызықты әңгімелер айтып, балуан күрестіріп, ат жарыс пен жамбы ату және басқа да ойын- сауық кештерін өткізіп отырады.

Осылай И.Г.Георгийдің еңбегінде халықтың көңіл көтеру, ойын- сауық құру дәстүрі қысқа да болса анық, мазмұнды бейнеленген.

Бұл еңбек алты тараудан тұрады, жиырма сегізінші бөлімінде қазақ халқының шығу тегі, тұрмысы, діни сенімдері, салт- санасы мен мінез құлқы, кәсібіи сауда- саттығына байланысты мәселелер қамтылған.

Халықтың музыкалық тұрмысына арналған бөлімінде қазақтардың өздерінің көңілін көтеруі үшін қандай музыкалық аспаптардың қолданатындарын айтады: «Олардың қобыз деп аталатын скрипканың үлгісіндегідей, бірақ бетінде қақпағы жоқ жылқының қылынан жасалған екі ішекті аспап бар. Ол жамықпен ойналады... Қуыс қурайдан, ағаштан да жасалатын сыбызғы аспабы жуан жіппен оралып тасталған бірнеше ойығы бар аспап . Бұл аспапта да күй ойналады».

И.Г.Андреевтің сапарымен бір мезгілде «Доктор Савва Большойдың 1803-1804 ж. Қырғыз- қайсақтардың тұтқында болғандағы оқиғасы туралы»естелігі. Қырғыз- қайсақ даласы жайындағы пікірлер» атты еңбегін жариялады. Ол кіші жүз қазақтарының ән және поэзиядағы импровизацияның түрлері жайлы баяндай келе, «Халық бас қосқан жиында ұзақ саз сөйлеуші, кейде сөзін әнмен жалғастырып жібереді. Керісінше жақсы әнші ешбір дайындықсыз өзінің әніне ұзақ та әдемі жырларды қосып айта береді.

М.В.Готовицкийдің «Қырғыз әндерінің сипаты» атты мақаласында қазақ халқының музыкалық өнері жайлы құнды мәліметтер бар. Ол әнді орындаушылар мен халыққа таратушылардың профессионал әншілер болғандығын айтады: «Домбыраның немесе үш ішекті гитара тәрізді аспаптың сүйемелімен ән салатын әнші, өлеңшіні халық рахаттана тыңдайды. Әннің халық өміріндегі әрбір үлкен оқиға- үйлену тойы, ер баланың тууы, өлік жерлеу, жалпы алғанда әрбір қуаныш та реніш те әнмен айтылатынын Готовицкий дұрыс айтып өткен. Бұлар туралы автор: «Жүрекжарды қуаныш немесе мұңды әуендер тыңдаушысын еріксіз баурап алады.» деп қорытынды жасайды. Сегіз қырлы кәсіби жыршы- әншілерге көрсетілген ерекше сый- құрмет туралы былай дейді: «Әнші- күйшілердің қадірлілігі сонша- дейді ол, - ауылдарды аралап, шыққанда киіз үйдегі ең құрметті орын солардікі, бәрі де оған ілтипат, құрмет көрсетуге дайын тұрады» деген.

Эпос жырларының сипатын М.Г.Готовицкий орыс этнографтарының ішінде бірінші болып дәл көрсетті. Кәсіби жыршылар бұл ерекшеліктерді қазіргі кезде де сақтап отыр. Әнші үлкен эпикалық жырды немесе, тарихи дастанды орындағанда әнмен прозалық баяндауға, одан керісінше қамтып отырады- дейді ол. Бұл ретте жырау дене қимылымен де, бет- әлпетімен де өзінің музыкалық және дикламациялық орындауын толықтырып отырады.

Музыкалық шығармашылықтың ауыз екі мәдениетін және оның қазақ халқы тұрмысындағы рөлін танып,білуде Пфеннингтің (1823-1898) «Қырғыздар мен сарттардың халық әндері туралы»атты мақаласының да маңызы өте зор. Музыканың тұрмыспен байланысы туралы оның пікірі:

«Үйлену той мерекелері көбінесе әнмен өтеді. Және әр бір әннің өзінің айтылатын орны, ұтымды жері бар, кейде ән табан астында ойдан шығарылып та айтылады.

Өлген кісіні азалағандағы жоқтау әндерінің орындалуында да өзіндік ерекшелік бар, кімнің кімнен кейін айтатындығы туыстық жағына байланысты.

Бірде- бір жиын- той әнсіз өтпейді. Мерекелердің ең бір қызық жері- алдын-ала даярланған екі немесе одан да көп әншілердің айтысы. Ал кей жағдайда жиналған халық ішінен суырылып шығып импровизациялап айтысып та кетеді.

Осындай сөзшең суырып салма ақындар немесе кең, зор дауысты әншілер көзге түсіп, тыңдаушылардың есінде қалады, олардың өнері халқының игілігіне айналады. Ауылға жақындағанда жолаушы ат үстінен әнмен өзі туралы хабар береді, сөйтіп, өзіне назар аударады.

Г.А.Пфеннинг әннің (сарынның ауруды емдеудегі үлкен рөлі жайлы да айтады.Ол былай дейді: «Мұнда дәрігердің міндетін ежелгі шаманизмнің қалдығы – бақсылар орындайды. Олар шамандардай барабан ұстамайды, екі ішекті скрипка тәріздес, қаңылтыр темірлер ілінген қобыз деп аталатын аспаптар пайдаланады».

Оңтүстік қазақтардың музыкалық тұрмысын зерттеу, аспаптарға суреттеме беру және әндерін жинастыру жағынан Август Эйхгорнның (1844-1904)»Орта Азия халықтарының әндері мен әуендері және олардың музыкасына қатысты мақалалар» атты еңбегінің (1870-1872 ж. жазылған) маңызы зор.

60-70 жылдардағы қазақ музыкасы:

1) опера жанры. Қ.Қожамияров, Н.Тлендиев. “Алтын таулар” (1960), Е.Рахмадиев. “Қамар сұлу” (1963, 2 ред..1983-2), “Алпамыс” (1972), “Песень о целине”, С.Мұхамеджанов. “Айсұлу” (1964), Ғ.Жұбанова “Еңлік-Кебек” (1975), “Жиырма сегіз”, Қ.Қожамияров “Садыр палуан” (1977);

2) балет жанры. “Аққұс туралы аңыз”, “Хиросима”(Ғ.Жұбанова), “Чин Темир”(Қ.Қожамияров), “Әлия” (М.Сағатов) балеттері;



2) симфониялық музыка. Е.Брусиловский “5-6 симфониялары” (1961,1965), Қ.Қожамияров “1-2 симфониялары” (1971,1975), Ғ.Жұбанова “Жігер” (1971), Е.Рахмадиев Симфониялық күй – “Дайрабай”, “Құдаша думан”, т.б.;

3) оратория, кантанта. Ғ.Жұбанова “Арайлап атқан таң” (1960), “Ленин хаты” (1977), Татьяна хаты” (1982), “М.Әуезов туралы аңыз” ораториялары (1965), Е.Рахмадиев “Конституция туралы поэма” (1977)”Сәлем саған, Аястан” (1968) кантанталары, С.Мұхамеджанов “Ғасырлар үні” (1970) ораториясы.

Қ. Қожамияров ұйғыр халқының тұңғыш профессионал композиторы, заманымыздың музыкалық жанрларының негізін қалаушы. Ол өз шығармашылығында аз халықтардың, заманына сай музыкалық мәдениет өкілдерінің бейнелерін суреттейді. Қ.Қожамияровтың шығармаларына ұлттық ерекшеліктер тән. Композиторлық шығармашылығымен қатар ол, әр түрлі қоғамдық жұмыстар және ұстаздық қызмет атқарады. Қ.қожамияровтың консерваториядағы және одан кейінгі 50-60 жылдар кезеңі шығармашылығының алғашқы буынын құрады. Бұл кезең камералы-аспаптық және вокалды шығармалар шығарудан басталады. Он жыл ішіндегі ірі шығармалардың бірі – «Чин Томур» балеті. Қ.Қожамияров өз шығармашылығында, музыкалы-сахналық жанрға көңіл аударады. 60-шы жылдары «чин Томур» балеті мен «Алтын таулар» операсынан басқа да шығармалар жазады.

Е.Рахмадиев қазақ композиторларының екінші ұрпағына жатады. Оның шығармашылық мақсаты музыкалық жанрлардың дамуымен байланысты және өзіндік жеке стилін ойлап шығаруға тырысты.

Мәні зор болатын опералық шығарма жазу композитордың ойынан кетпеді. Қазақ мәдениетінде бұл жанр ерекше шығармашылық қызығушылықты оятты. Операда жан-жағымызда болып жатқан оқиғаларды толығымен көрсетуге мүмкіндік бар. Сондықтан, Е.Рахмадиевтың шығармашылығының бағыты осы жанрға келіп тіреледді. Сонымен қаар, опера ұлттық сюжеттерді пайдалануға зор мүмкіндік туғызады және композитор мұнда тарихты, халқымыздың әдет-ғұрып дәстүрлерін толығынан көрсете алады.

Алғашқы операсы «Қамар сұлу». Бұл опера 1963 жылы жазылды. Н.Баймұхамбетов пен Б.Тәжібаевтың либреттосының негізіне С.Торайғыровтың романы алынған. Операда ескілік көзқарасқа қарсы тұрған қиялшыл, махаббат тарихының иесі, әйелдің тағдыры әңгімеленеді. Операда Қамардың лирикалық бейнесі сәтті ашылған. Шығарманың екінші редакциясы 25 жылдан кейін /1987 жыл/ шығады. Мұнда осы драматургиялық бағытты қоюландыра түседі. Операның сахналық тағдыры ән-романс дәстүріне сүйенген әуезділік стилінің арқасында табысты болды. Операда халық әндері мен халық әнщі-композиторлардың әндерін кеңінен пайдаланған. Бұлар – Ақанның әні «Маңмангер», халық әндері «Гаухартас», «Ахау Бике» және т.б. Екінші суреттегі би номерлеріне «Дайрабай» күйі алғаш рет пайдаланылады. Кейіннен бұл күй симфониялық күйдің негізіне алынады. Сонымен қатар, бұл операда алғаш рет хоралды естиміз /Қамардың қазасының көрінісі/, кейінірек композитор хоралды өз шығармасында халық трагедиясын бейнелеу үшін пайдаланады.

«Алпамыс» операсы 1973 жылы жазылды. Мұнда композитордың негізгі шығармашылық ізденісі көрінеді. Бұл шығарма композитордың жетілген шағында шыққан операсы. К.Кенжетаевтың либреттосы эпикалық аңыздың мазмұнында Алпамыс батырдың халық азаттығы үшін хан әміршілігіне қарсы жүргізген күресін суреттейді. Алпамыстың бейнесі өз бойына шындықты да, қиялды да сіңірген, мұнда аңыз және тарихи кейіп бірдей көрсетіледі. Мұндай қосарланған жоспарды басқа кейіпкерлер тобынан да көреміз: шын сүйіп, батырдың қамын ойлаған Гүлбаршын және Қаракөз, адамгершіліктен айрылып, зұлымдықтың иесі болған Мыстан; Алпамыс батыр және Тайшық хан мейірімділік пен залымдық иелері; Ана мен Жырау бейнелері керісінше – Отан, Жер, Махаббат және Уақыт символдарын бейнелейді. «Алпамыс» операсы Е.Рахмадиевтің ең сәтті шыққан музыкалы-сахналық туындысы. Мұнда ол ерлік-патриоттық идеяларын жақсы аша білді. Тамаша көріністер, жақсы декорациялар, музыка мен сөздің, би және бейнелеу өнерінің үйлесімділігі операның сахналық тағдырын шешті.



Келесі опералық шығармаға «Тың өлке туралы жыр» /1981 жфл/ жатады. Бұл шығарманың алдында, прнпйы тапсырыс бойынша хорға арналған бірқатар туындылар жазылды. Жаңа операның сюжеті де осы шығармашылық бағытта жазылады. «Тың өлке туралы жыр» операсы К.Мұхамеджановтың либреттосына, тың өлкенің игеруіне 25 жыл толу қарсаңына арналып жазылды. Мұнда сол заманның жастары, әр ұлт өкілдерінің сіңірген еңбегі туралы жырланады. Бұл операда сәтті шыққан музыкалық номерлер баршылық, бірақ, бүгінгі күннің оқиға өрісін саналы көрсетуі драматургия жағынан сенімсіздеу шықты. Сонымен қатар, бұл операның шығу мерзімі тың өлкеге деген адамның көзқарасының өзгеруімен сай келеді. Тың «эпопеясы» бұл таңда патриоттық сезімді оятады. Мұнда жақсылық пен күрделі экологиялық және экономикалық зардап қатар жүреді. Бұл тарихи жағдай операның сахналық тағдырына әсерін тигізбей қоймады.

С.Мұхамеджанов бірнеше опера жазды. Оның барлық операларында өзіне тән ерекше сезімді бейнелейтін музыка үні естіледі. Бірақ олардың барлығының драматургиялық жағынан кемістігі байқалады. Бұларға жалпы 50-60 жылдарғы қазақтың опера өнеріндегі музыкалы-сахналық мәселе тән. Композитордың атын шығарған қазақтың музыка өнеріндегі тұңғыш күлдіргі операсы «айсұлу» /бірінші редакциясы 1964 жылы, екінші редакциясы 1972 жылы/. Барлық музыкалы-сахналық қойылымдардың ішінде «Айсұлу» операсы көңілге ұнамды, ойдағыдай шықты. Бұл, өз заманының сюжетіне жазылған күлдіргі операның алғашқы және сәтті үлгісі.

Операның прьемерасы Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында өтіп, авторға үлкен атақ әкелді. Опера театрының театрында өз орнын алды және кейбір нөмірлері концерттік өмірде сахнадан түспеді. Мысалы, Серкенің каватинасы. Бұл әуен тыңдаушы қауымды, қарапайым құрылымдығымен, көріністердің ашық сергектігімен, мазмұнның тартымдылығымен және музыкасының жеңіл әуезділігімен тартты.

Опера негізінде өз заманындағы қазақ жастарының өмірі, ғашықтар арасындағы күлдіргі оқиғалар.

Операның қысқаша мазмұны. Қаланың жас жігіттері Хасен мен Әубәкірге газет сатушы, колхозда тұратын Айсұлу деген сауыншы қызбен сырттай танысуды /газеттегі фотосуреті арқылы/ ұсынады. Ал тәртіп сақшысыАбдіқадыр деген колхоздың милиционері, жігіттердің бұл ауылға не себепті келіп жүргенін біліп, олардың сазайын тарттыруға бел байлайды, өйткені Айсұлудың сүйген жігіті бар екенін біледі. Жансұлу және Нұрсұлумен уәделесіп, оларды Айсұлу деп жігіттермен таныстырады. Мұның нәтижесінде оқиға шиеленісе түседі. Ақыр аяғында барлығы өз орнына келеді. Айсұлу өзінің сүйген жігіті Серкеге қосылып, ал оның екі дос қыздары жігітті болады.

Ғ.Жұбанова музыканың талай жанрларында өзін көрсете білген дарын иесі. Ол халқымыздың тамаша композиторы. Оның музыкасы республикадан тыс, шет елдерге кеңінен тарап, қазақ мәдениетін таратқан.

Ғ.Жұбанованың опералық шығармаларының ішінде «Жиырма сегіз» операсы А.Мәмбетовтың либреттосы бойынша жазылды /басқа редакциясында бұл опера «Артымызда Москва» деп аталады/. Бұл, Ұлы Отан соғысы кезінде Москва түбінде соғысқан қазақстан понфиловшыларының ерлігі туралы повесть. Мұндай сюжетке сүйенуі республикамызда соғыс жылдарының торқалы тойын тойларын тойлаумен байланысты. Ғ.Жұбанова үлкен азаматтық жауапкершілікті сезінген композитор. Оған тарихи тақырыптар өте жақын. Ол тарих оқиғаларына өзінше музыкалық ескерткіш қойды. Операның алғашқы қойылымдары, К.Станиславский мен В.немирович-Данченко атындағы театрда, Москвада қойылып, ұлкен жетістікке жетті.

Қ.Қожамияровты ерлік-патриоттық бейнелер қызықтыра түсті. Сондай-ақ, шығармашылығының негізгі сарыны халық тарихында арнауын тоқтатпады. Бірақ, соңғы жиырма жылдың ішінде ұлттық көркемдік дәстүрге және өз ойын лирикалық әуез арқылы ашуы шығармашылық көзқарасын қалыптастырды.

Композитор 1975 жылы «Садыр-Палван» атты жаңа опера жазады. Оның ой өзегі 50-ші жылдары шыққан шығармаларымен байланысты. Сол жылдары А.Махпировтың «Садыр-Палван» пьесасына музыка жазылған. Ал осы тақырыпта опера жазуға композитор жиырма жылдан сон кірісті. Ерлікті бейнелейтін опера мазмұны енді басқаша шешілді. «Садыр-Палван» екі актілі көлемді опера-эпопея /эпопея-ерлікті бейнелейті, бір-бірімен байланысты ұзақ оқиға, немесе, эпостың бір түрі/ болып шықты. Бұл туынды Қазақстан опера өнерінде жаңа жанр болып және ерлік-патриоттық тақырып композитор шығармашылығының шыңы болып табылды. «Назугум» операсындағыдай, мұнда да екі күш арасындағы қарама-қайшылық арқылы шығарманың мазмұны дамиды, бірақ негізгі кейіпкер халық болады. Қ.Қожамияров бұл операсында М.Мусоргскийдің опералық дәстүріне сүйенеді. Халық пен жаудың арасындағы күресті суреттеу үшін махаббат оқиғаларын болар-болмас пайдаланған. Операда жалғыз әйел бейнесі бар. Ол- Шавахан. Халық тағдырын Садырдың бейнесі арқылы көрсетеді. Оның музыкалық бейнесін ашу үшін, оның ерлігін, даңқын мадақтайтын халық әуенін пайдаланады. «Садыр-Палван» операсы композитордың опера жанрындағы жұмысын қорытындылап, пысықтайды. Бұл шығарма халықты бейнелеу жолындағы жаңа жетістік, халық драмасын жаңа жағынан ашу және халық музыкасын орынды пайдалану болып табылады.

Ғ.Жұбанованың тарихи оқиға мен қазіргі жағдайды салыстыру ойының түпкі өзегінен білінеді. «Ақ құс туралы аңыз» балеті екі бөлімнен тұрады. Екі бөлімнің әр қайсысы өз алдында жеке шығарма бола алады. Бірінші бөлім – «Ақ қанат», мазмұны бойынша ескілікті дәстүрмен байланысты. Мұнда ұлттық бейнелер /Аққанат есімді қыз және оның сүйген жігіті/ және мейірімділік пен залымдық символы /Күн мен Ажал/ алынған. Екіншісі «Хиросима» деп аталады. Мұнда 1945 жылы, тамыз айында Хиросима деген Жапон қаласындағы сұмдықты суреттейді. Екі бөлімді де бейбітшілік тақырыбы байланыстырып тұрады. Қазақ елінде бейбітшілік символын ақ құс – бақыт құсы арқылы бейнелейді, ал Жапон халқында ақ қағаздан жасалған тырна бейнесі мәңгі өмір символын көрсетеді. Тырна бейнесін Хиросима мен Нагасаки қалаларында болған атом бомбасының жарылысынан кейін, үлкен де, кіші де жасап, өмірге деген таусылмас махаббатын білдірген.

Қ.Қожамияров «Чин Томур» балетін ұйғыр халқының ертегілеріне сүйеніп шығарған. Мұнда, ер жүрек жігіт және оның қарындасы Махтум сұлу туралы, және олардың басынан кешірген оқиғалары туралы әңгімеленеді. Ертегінің кейіпкерлері өз өмірі және бақыты үшін зұлымдыққа қарсы күреседі. Мұнда композитор халықтық поэтикалық бейнелер мен әсем ұйғыр билерін пайдаланады.

Балетке, ұйғыр халық билеріне тән қимылдар еңгізіледі. Екінші, тұрмыстық жанрында бейнеленген суретінде шығыстың би ерекшелігі көрерменге үлкен әсер қалдырады. Мұнда, нәзік мың бұралған әсем қимыл жігерлі, өткір батыл қимылды бимен алмасып отырады. Шынында, алғашқы қойылымдарда халық билері мен классикалық билердің айырмашылығы кем де кем болды. Ал кейінгі қойылымдарда композитор оларды нақышына жеткізді. Театрдың репертуарында бұл балет ерекше орын алды.

2. Е.Брусиловский 50 жылдардың соңында және 60 жылдары өзінің ең тамаша симфонияларын – төртіншіден бастап жетіншіге дейін жазды. Төртінші мен бесінші симфонияларында композитор халық музыкасының, тақырыптық және сарындылық негізіне сүйенді /нақты, түп деректі көрсетілмеген/. Осы екі симфония қазақ симфонизміндегі жаңашыл шығармалар болып табылады, өйткені мұнда симфониялық даму тәсілдері алғаш рет табылып, қазақтың симфониялық негізіне алынатын халық фольклорының ерекшеліктерін пысықтап көрсетті. Алтыншы және жетінші симфонияларында Е.Брусиловский Құрманғазы мен Тәттімбеттің күйлерінен әрбір күйді ұлы күйшілерді мұрасының тиянақты ойына арнады. Бірақ, мұнда «Сары Арқа» симфониясындағыдай күйлерді толығынан алмаған. Симфониялық концепцияға сай қаралып, өңделген. Европа классикалық жазба дәстүрі қазақтың аспаптық музыкасының дәстүр ерекшеліктерімен қосылады. Е.Брусиловскийдің алғаш күйлерді қолдану әдісіфилософиялық батыл – эпикалық, лиро-драмалық, ән-би мазмұнының үлгісі ретінде болашаққа кең өріс ашты.

Қ.қожамияровтың I-ші симфониясы 1970 жылы жазылды, большевик А.Розыбакеевке арналған. Бұл шығарма ерлік тақырыбын жалғастырады. Бірақ, мұнда халық әуендері пайдаланылмаған. Дегенмен, симфонияның айтарлықтай өзгешеліктерінің біріне ұлттық үн ерекшелігі жатады.

Өз өмірін жоғары адамгершілік жолына сарп еткен ержүрек адамның бейнесі үш бөлімде бірте-бірте суреттеледі, мұнда кейіпкерді әр қырынан сипаттайды: драмалық, лирикалық және трагедиялық жағынан. Шығарманың ең соңында ананың жылап, ұлын жоқтаған үні реквием тәрізді естіледі.

Қ.Қожамияровтың симфонияларында фольклорлық бейнелер басқаша дамды. II, III және IV симфонияларында жеке бейнелеу сөйлемшелері және сюиталық композиция дамиды, мұнда мұқамның бейнелеу мүмүкіндігі кеңінен көрсетілген. Мұқам дегеніміз өз бойына «халықтың бүкіл өмірін, күлкі мен көз жасын» сіңірген вокалды-аспапты сюита/Б.Арнидзин/. Симфониялық циклға мұқамды кіргізуі симфониялық байланыс туғызудан пайда болған. Қ.Қожамияровтың симфонияларынан ұлттық стилінің және симфония жазу шеберлігін байқаймыз. II-ші симфониясында бастапқы қасиет басым келеді. Бұл шығарманың үш бөлімі де мұқаммен тығыз байланысты.

Ғ.Жұбанованың «Жігер» симфониясы – симфониялық ізденістің алғашқы қорытындысы болып табылады. Мұнда композитор өз ұлтына жақын, түсінікті, көңіліне қонатын қазақтың күйші композиторының күйлерін пайдаланып, европа музыка мәдениетіндегі мәнерлеу тәсілдерін орынды қолданды. Композитор сол кезеңде қалыптасқан ұранды апофеоздықтан /біреуді, я бір оқиғаны мадақтау/ бастартады, сонымен, ол симфонияны терең ойлы жанр ретінде көрсетеді.

Симфонияның түпкі бағдарламалы ойы алынған күйлердің мазмұнына байланысты ашылады. Симфонияның негізіне Дәулеткерейдің алты күйі алынды. Е.Брусиловскийдің VI-VII симфонияларынан кейін шыққан бұл туындыларда авторлық күйлерді, өзінше жинақтау дәстүрді жалғастырып, шығармалардың түпкі ойын терең ашуға тырысты.

Е.Рахмадиевтің есімі 60-шы жылдары «Дайрабай» атты симфониялық күйі арқылы әйгілі болды. Оркестрге арналған бұл пьеса «Қамар сұлу» операсындағы би ырғағының негізіне жазылған. Мұнда симфониялық поэманың дәстүрі мен қазақтың аспаптық күйі бірлесіп, үндескен. Тақырыптық негізін Дайрабайдың өзі аттас күйі құрады. Оркестрдің тамаша үні арқылы домбыра күйін жаңаша түсініп, естиміз. «Дайрабай» шығармасы Азия елдерінің халықаралық музыка фестивалінің I-ші сыйлығына ие болып /1973 жыл/, қазақ музыкасында әйгілі болды. Бұл туынды шет елдерде орындалып, тыңдаушы қауымды таңдандырды. Симфониялық поэмамен домбыра күйлерін үндестіріп жинақтау ізденіс үстінде /бірқатар композиторлар шығармашылығында кездеседі – С.Мұхамеджанов, Е.Брусиловский/ қазақ музыкасында жаңа жанр туып, өзін танытты. Бұл жанр симфониялық күй деп аталады және ол Е.Рахмадиевтің «Дайрабайынан» басталады.

Е.Рахмадиев хор жанрында аса құштарлықпен жұмыс істейді. Ол кезде әр бір адам қоғамда болып жатқан тарихи оқиғаларды өнері, еңбегі арқылы қауымға жеткізуге тырысқан. Соған орай Е.Рахмадиев те өз шығармаларында, әсіресе, сол жылдары шыққан хор музыкасында заманының бағытын, алдына қойған мақсатын әуенарқылы бейнелеуге тырысқан. Жамбылдың өлеңіне жазылған «Конституция туралы поэмасы» сол кезеңнің тарихынан үзінді көрсетеді. Бұл поэма жеке дауысқа, аралас хорға және оркестрге арналып жазылған. Көлемді ұран үндес туынды жарқын өмірді мадақтап, даңқын асырады.



«Ғасырлар үні» ораториясы 1960 жылы жазылып, сол жылы орындалды. Поэтикалық текстін Қ.Шаңғытбаев жазған және де ол С.Мұхамеджановтың көптеген вокалды шығармадарының өлеңдерінің авторы. Ораторияны орындаушылар құрамына – жеке дауыстар, аралас хор және симфониялық оркестр кіреді. Оратория сегіз бөлімнен тұрады. Мұнда қазақ халқының өмір тарихын, негізгі тарихи оқиғаларды және ұлттық бейнелерді суреттейді:

I бөлім – Жырау балладасы;

II бөлім - Шабуыл;

III бөлім – Ұлы апат жылдары;

IV бөлім – Октябрь әні;

V бөлім – Бесік жыры.


Қазіргі дәуірдегі қазақ музыкасы:

1) опера жанры. С.Мұхамеджанов “Ақан сері – Ақтоты”, Б.Жұманиязов “Махамбет”, А.Жұбанов пен Ғ.Жұбанова “Құрманғазы”, Е.Рахмадиев “Абылай хан” опералары;



2) қазақ балеті. С.Кибирова “Три парасенка”, А.Серкебаев “Мой брат, Маугли”, С.Еркінбеков “Мәңгі алау” балет, рок-опералары.

Қазақстан композиторларының орта буын өкілдері мен жастар шығармашылығы (М. Маңғытбаев, М. Сағатов, Ж. Дастенов, Ж. Тұрсынбаев, т.б);

3) қазақ музыкатану ғылымының дамуы мен кемелденуі. А.Жұбанов, Б.Ерзакович, И.Дубовский, М. Ахметова, Н.Тифтикиди, П.Аравин, И.Дубовский, З.Қоспақов, А.Темірбекова, Қ.Жүзбасов, Т.бекхожина, Б.қарақұлов, Ә.Мұхамбетова, С.Елеманова, т.б еңбектері мен зерттеулері.

А.Жұбанов (1906-1968)-қазақ музыкатану ғылымының негізін салушы. Е.Брусиловский- композитор (19051981), М. Толебаев (1913-1960) –қазақ музыкасының классигі.



Әдебиеттер
1 Райымбергенов А., Райымбергенова С., Байбосынова Ұ. «Жалпы білім беретін қазақ орта мектебінің музыка пәніне арналған «Мұрагер» бағдарламасы. ­ Алматы., 2003. – Б.3-5

2 Әбдікәрімұлы Ә. «Музыка теориясының негіздері». ­ Алматы, 1993. – Б. 4 -150

3 Қоңыратбаев Ә., Қоңыратбаев Т. Көне мәдениет жазбалары. ­ Алматы, 1991. – Б.18 –64

4 Агажанов Б. Сольфеджио курсы. ­ М., 1973. ­ Б. 36

5 Калмыков Б. Фридкин Г. Сольфеджио. ­ М., 1983. – Б.12 – 46

6 Дүйсембінова Қ. Музыкалық білім беру педагогикасы. ­ Талдықорған, 2006. – 164 б.

7 Ғабитов Н. Т., Мүтәліпова Ж., Құлсариева А. Мәдениеттану. ­ Алматы, 2005. – 64 б.

8 Дукенбай Н. С. Музыка тәрбиесі әдістемесі және оның теориялық негізі. – Павлодар, - 2003. – Б.3 -63

9 Джердималиева Р.Р., Момбек А.А., Ахметова З.Р. Музыкальное образование в Казахстане. ­ Алматы, 2006. – 46 б.

10 Рубец И. Бір дауысты сольфеджио. ­ М., 1966. – 122 б.



Мазмұны

Кіріспе ………………………………………………………….3

1 Музыкаға жалпы шолу………………………………………...4

1.1 Музыка сабағы ………………………………………………..4

1.2 Музыка пәні мұғалімінің рөлі……………………………......6

1.3 Сыныптан тыс ұйымдастырылатын музыкалық тәрбие…....8

1.4 Сыныптан тыс ұйымдастырылатын музыкалық тәрбие......10

2 Музыка түрлері ……………………………………………...15

2.1 Эпос, лирика, драма………………………………………… 15

2.2 Қазақ фольклоры……………………………………………. 29

2.3 Қазақ хор музыкасы………………………………………… 32

2.4 Қазақстанда хор мәдениетінің дамуы ……………………...35

3 Музыкалық білім берудің стандарты және пәндердің

теориялық курсы …………………………………………….36

3.1 Музыкалық білім мамандығы бойынша бакалаврдың

біліктік сипаттамасы………………………………………….36

3.2 Музыкалық білім мамандығы бойынша білім беру

бағдарламаның мазмұны

(Музыкалық базалық пәндер)………………………………..39

3.3 Музыкалық пәндердің теориялық курсына шолу ………...41



Әдебиеттер …………………………………………………...88





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет