19
Қазақ тілі синтаксистік құрылысының бір ерекшелігі сол,
салалас құрмалас сөйлемді құрастырушы сыңарлардың жалғау-
лықты, жалғаулықсыз болуы көбіне мағына өзгерте бермейді. Ал
орыс тілі синтаксисі үшін бұл – ұстанымдық қағидат. Сондықтан
орыс тіліндегі кейбір жалғаулықтарды аудармай-ақ түсіріп
тастауға болады. Мысалы:
Пошла ба и она влес, но детей не с кем
оставить. – Ол да орманға барар еді, балаларды қалдырып кетер
ешкім жоқ.
Байқап отырғанымыздай, орыс тілінде қарсылықты
мағына жалғаулық арқылы айқындалып тұр, ал қазақ тілінде
жалғаулықсыз-ақ бұл мағына айқын көрініп тұр.
Қалай десек те, аударманың нәтижелі болуы аудармашының
тілдік білімі, аялық білімі, контексті түйсінуі, филологиялық білім
мен шығармашылық талантына байланысты болатыны даусыз.
1.1.3
Достарыңызбен бөлісу: