16
Құрмалас сөйлемді жай сөйлем етіп аудару орыс тілінен
қазақ тіліне аударуда молынан кездеседі, әсіресе,
орыс тіліндегі
«
который
», «
что
» т.с.с. жалғаулықтар арқылы байланысқан
құрмалас қазақ тіліне көбіне жай сөйлем түрінде жеткізіледі.
Мысалы:
В моей небольшой библиотеке сохраняются лишь те
книги, к которым я постоянно возвращаюсь
(О.Сулейменов. Аз
и Я). –
Менің шағын кітапханамда мен әрқашан қайта қауышып
отыратын кітаптар ғана сақталады
(аударма менікі – Ж.Ж.);
Что волки жадны, всякий знает
(И.Крылов). –
Қасқырдың
қомағай екенін әркім біледі
(аударма менікі – Ж.Ж.);
Уединенный
дом, куда мы переехали, стоял в глубине тенистого сада
(Чехов).
–
Біз көшіп кірген оңаша үй бақтың ең түкпірінде тұратын еді
(аударма менікі – Ж.Ж.).
Сөз етіп отырған трансформалаулардың ерекше бір түріне
түпнұсқадағы құрмалас сөйлемді мүшелеп бірнеше жай сөйлем етіп
аудару да жатады. Бұған мысал ретінде М.Әуезовтің Л.Толстойдың
«После бала» атты әңгімесінен аударғанын келтіруге болады:
Дождавшись начала мазурочного мотива, он бойко топнул одной
ногой, выкинул другую, и высокая, грузная фигура его то тихо
и плавно, то шумно и бурно, с топотом подошв и ноги об ногу,
задвигалась вокруг залы. – Мазурка күйінің басы бастала бергенде,
ол бір аяғын екпінмен тарс еткізіп, екіншісін соза бастады. Зор,
ауыр денесі кейде жай, кейде қалқып, кейде құлшынып, екіленіп
кетеді. Бір аяғын бір аяғына соғып немесе табанымен тақтай
теуіп, зал бойымен жылжып берді
. Мұнда бір құрмалас сөйлемді
үш жай сөйлем етіп берген.
Достарыңызбен бөлісу: