Аударманың Өзекті мәселелері алматы, 2015



Pdf көрінісі
бет7/120
Дата04.09.2022
өлшемі2,17 Mb.
#148709
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   120
Байланысты:
audarmanyng ozektigi Kulmanov

2. Ауыстыру
. Түпнұсқа мәтіндегі сөз формаларын, сөз 
таптарын, сөйлемшелерді, синтаксистік байланыс түрлерін т.с.с. 
ауыстыру.
Кейде түпнұсқаның сөйлеміндегі нақты атаулар аудармада 
есімдік арқылы беріледі, кейде керісінше болуы да мүмкін. Бұл – 
бір сөзді қайталай бермеу мақсатынан туған әрекеттер болады.
Түпнұсқадағы зат есім аудармада етістік түрінде беріле алады. 
Мысалы: 
Свист его сильным. – Ол қатты ысқырды
. Бұл жерде 
«
оның ысқырығы қатты болды
» деп аударса, түпнұсқа мәні 
өзгеріп, оны қазақша «
ашуы қатты болды
» деп екіұшты түсініп 
қалуымыз мүмкін.
Орыс тілінен қазақ тіліне аударуда сын есімдердің зат есімге 
ауысып отыруы – жиі кездесетін құбылыс. Мысалы: 
Английское 
Правительство. – Ағылшын Үкіметі; серебряная ложка – күміс 
қасық; мамино пальто – шешемнің пальтосы
т.с.с.
Кейде орыс тіліндегі предлогі бар зат есімдер қазақ тіліне сын 


15
есім түрінде де беріледі. Мысалы:
 Девушка из города. – Қалалық 
қыз; человек с характером – мінезді адам
т.с.с.
Сөйлем мүшелерін ауыстыру
. Ауыстырудың бұл түрі орыс 
тілі мен қазақ тілі мысалында алсақ, мынадай тұстарда кездесетінін 
байқадық: 
Книга прочитана мною. – Мен кітапты оқып шықтым

Бұл аударуда толықтауыш бастауышқа ауыстырылып тұр, өйткені 
ырықсыз (пассив) құрылым қазақ тіліне сол түрде аударылмайды.
Орыс сөйлеміндегі пысықтауыш қазақ тіліне бастауыш түрінде 
аударыла алады. Мысалы: 
В комнате стояла жара. – Бөлме 
қапырық болып тұр еді
. Бұл ауысуға себеп – орыс тіліндегі 
бастауыш пен баяндауыштың арасындағы мағыналық байланыс, 
қатынас қазақ тіліне сәйкес келмеуінен. 
Сөйлем мүшелерін ауыстыруда сөйлемдегі коммуникативтік 
мүддені еске ұстаған жөн болар еді. Мәселен, 
У них был долгий, 
душевный разговор
деген сөйлемді былайша екі түрде аударуға 
болар еді: 1) 
Олар ұзақ, шын жүректен әңгімелесті; 
2)
 Олардың 
әңгімесі ашық та ұзақ болды. 
Егер түпнұсқа авторы әңгіменің 
«өткендігіне» ден қойып отырған болса, бірінші нұсқа дұрыс 
болар еді де, ал егер өткен әңгіменің сипатын көрсетуді мақсат 
тұтса, екінші нұсқа ұтымды болып шығар еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   120




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет