Аударманың Өзекті мәселелері алматы, 2015


ҒЫЛЫМ екендігін ескерсек, белгілі бір ұлттың екінші  бір халықтың ғылыми-техникалық жаңалықтарымен танысуына,  оны игеруіне  АУДАРМА



Pdf көрінісі
бет3/120
Дата04.09.2022
өлшемі2,17 Mb.
#148709
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   120
Байланысты:
audarmanyng ozektigi Kulmanov

ҒЫЛЫМ
екендігін ескерсек, белгілі бір ұлттың екінші 
бір халықтың ғылыми-техникалық жаңалықтарымен танысуына, 
оны игеруіне 
АУДАРМА
қажет. 


4
Бүкіл адамзат баласы бір ғана әлемде өмір сүреді. Сондықтан 
сол бір ғана әлем жайлы танымы да, түсінігі де ұқсас келеді. 
Дегенмен әлемдегі сан мыңдаған халық пен ұлт өкілдерінің әлем 
туралы түсінігі мен танымында ерекшеліктер болатындығын да 
жоққа шығаруға болмайды. Бұл ерекшелік әрбір ұлт пен халықтың 
тарихына, салт-дәстүріне, менталитеті мен территориялық 
орналасқан жеріне т.б. жайттарға байланысты болатындығы хақ. 
Әрбір халық, сол халықтың өкілі әлем бейнесін өнерде (суретте, 
биде, әнде, күйде т.б.), ғылымында, салт-дәстүрінде т.б. өзінше 
бейнелейді. Дегенмен «әлем бейнесінің» нағыз айқын да дәл 
көрінісін 
ТІЛ
арқылы ғана жеткізуге болады. «Әлемнің тілдегі 
бейнесі» ұлттың жеке өкілінің танымы мен талғамын байқатып 
қана қоймай, сол ұлттың өткені мен бүгінінен хабар беріп, 
ертеңге мұра ретінде қалдырылады. Әрбір халықтың әлемді тілде 
бейнелеуін зерделеу үшін сол ұлттың тарихымен, менталитетімен, 
барлық өнер шығармашылығымен, дүниетанымымен таныс болу 
керек.
Тіл білімінің аударма саласы да кез келген халықтың 
рухани дүниетанымымен, болмысымен байланысып жатады. 
Өйткені аударма процесі бір тілдегі тілдік бірліктерді екінші 
тілге тәржімалап қою ғана емес, сол бірінші аударатын тілді 
тұтынушы ұлттың тіліндегі «әлем бейнесін» екінші аударылатын 
тілді қолданатын халықтың тілі арқылы жарыққа шығару болып 
табылады. Аударманың қай саласы болсын (көркем аударма, 
ілеспе аударма, ғылыми аударма, жарнама) аталған ұстанымды 
басшылыққа алғанда ғана таза шығармашылық туынды дүниеге 
келеді деп ойлаймыз. 
Әрине бүгінгі таңда аударма мәселесін, әсіресе жергілікті 
атқарушы органдар мен ғылым саласында санамызда сіресіп 
қатып қалған орысша мәтіндерді қазақ тіліне тәржімалап қана 
жеткізу деген ұғым қалыптасқан. Бір қарағанда, қазіргі жасалып 
жатқан іс-шаралардың өзі де осыны аңғартқандай. Бірақ қазақ 
тілі мемлекеттік тіл ретінде қоғамның, ғылымның қай саласында 
болсын өз деңгейінде қызмет етуі үшін аударма процесіне мұндай 
көзқарас таныту – тілдің қолданылуына кері әсер ететін, оның 
дамуын тежейтін үлкен қателік. Олай болса, мемлекеттік тілді 
қолдану мен дамыту іс-шараларының қатарына аударма процесін 


5
де өз дәрежесінде қосу қажет. Ол үшін басқа тілдердегі әдебиет 
жауһарларын, публицистикалық шығармаларды қазақ тіліне, 
қазақ ақын-жазушыларының дүниелерін басқа тілдерге аудару 
керек, оған білгір ұстаздар мен білікті мамандар қажет. Қазақ тілін 
ғылым тілі дәрежесіне көтеру үшін термин және терминология 
мәселелерін тиянақтау керек, негізінен орыс тілінен аударылатын 
қазақ ісқағаздарын жүйелеу қажет. Сондай-ақ жоғары оқу 
орындарының аудармашы мамандығында білім алып жүрген 
жас ұрпаққа ғылыми теориялық кітаптармен қатар практикалық 
дүниелер қажет. 
Қолдарыңыздағы кітап «Аударма процесі және аударматану 
негіздері», «Ресми ісқағаздары және оларды аудару мәселелері», 
«Термин және терминология мәселелері, терминдердің аудары-
луы», «Тәжірибелі аудармашылар жазбаларынан» атты негізгі 
бөлімдерден және қосымшадан тұрады. 
Бірінші бөлімде тіл білімінің өзекті де күрделі бір саласы – 
аударматану ғылымының теориялық мәселелері, аударма жасау 
процесінің теориялық негіздері мен практикасы, аударма жасаудың 
техникасы, әдіс-тәсілдері мен аудармаға және аудармашыға 
қойылатын талаптар, аударма саласының жанрлық түрлері туралы 
ғалымдардың ой-тұжырымдары сараланса, екінші бөлім қазақ 
ресми ісқағаздарының қалыптасуы, оның ерекшеліктері және 
олардың аударылуы тәрізді мәселелерге арналады.
Қазіргі қазақ лингвистикасының да, қоғамның да, ғылым 
салаларының да өзекті мәселелерінің біріне айналған термин, 
терминдерді қабылдаудағы қағидаттар, терминологияның термин-
жасам проблемалары, терминдердің аударылуы сияқты келелі 
мәселелер үшінші тарауда кеңінен қозғалады. 
Сондай-ақ төртінші тарауда берілген тәжірибелі аудармашы-
лардың мақалалары, кеңестері, аударма және аудармашы жайында 
айтылған қанатты сөздер, қосымшада берілген ұйымдардың, 
облыстардың, қалалардың, қысқарған сөздердің қазақша-орысша 
жазылуы, орыс тіліндегі кейбір сөздер мен терминдерге ұсынылған 
қазақша баламалар практикалық тұрғыдан аудармашы мамандарға 
шынайы көмек ретінде, қазақ тілінің әлі де болса жеткілікті 
деңгейде «аяқ баса қоймаған салаларда» белсенді қолданылуына 
септігін тигізеді деген сенімдеміз. 


6


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   120




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет