274
Бұл жерде
аса күшті реакция туғызды
деген тіркес химиялық
элементтің зертханалық әрекетіне ұқсап кетіп тұр. Сондықтан
мұны
қым-қиғаш пікірлер туғызды
деген дұрыс.
2.
Мы рады видеть Вас в полном расцвете сил и способностей
–
Сіздің күш-қайратыңыз бен қабілетіңіз толық гүлдеген
қалпыңызда көруге қуаныштымыз
.
«Күш-қайрат» пен «қабілетті» «гүлдеді» деуге бола қояр ма
екен? «Кемеліне келген» немесе «толысқан» демей ме?
3.
Можно уверенно сказать, что благодаря совещанию
по безопасности и сотрудничеству Европа поднялась на
солидную ступень выше, чем до него –
Қауіпсіздік
пен
ынтымақтастықтың арқасында Европа бұрынғыдан едәуір
жоғары сатыға көтерілді деп сеніммен айтуға болады.
Аударма жатық сияқты, алып
бара жатқан ешқандай қате
де жоқ, тек бір сөздің аудармасы дәл емес. «До него» деген
«бұрынғыдан» деп алынған. Түпнұсқасына жүгінер болсақ, «до
него», т.е. «до совещания» деп мерзімі нақты көрсетіліп тұр ғой.
Сондықтан «бұрынғыдан» дегеннің орнына «кеңеске дейінгіден»
деп алған жөн.
4.
Хорошо понимая все это, мы в Казахстане считаем своим
долгом делать все от нас зависящее, чтобы поскорее был положен
конец нагромождению средств уничтожения, чтобы начался
процесс сокращения вооружений – Мұның бәрін жақсы түсіне
отырып, біз Қазақстанда қырып-жоятын құралдардың тау-
төбе болып үйілуін неғұрлым тезірек жою үшін, қару-жарақты
қысқарту процесі басталуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауды
борышымыз деп санаймыз.
Бұл арада «біз Қазақстанда» деген екі сөз сөйлем ішінде дұрыс
орналастырылмағандықтан қырып-жоятын құралдар Қазақстанда
тау-төбе болып үйіліп жатқан сияқты болып теріс мағына
туып тұр. Егер де осы екі сөздің
орындарын ауыстыра қойып,
«Қазақстандағы біздер» деп алсақ айтайын деген ойымыз айқын
болып шыға келер еді.
5.
Как средства широкого международного общения – Кең
көлемді араласу құралы.
Бұл жерде әңгіме орыс тілі туралы болып отыр. Тіл әрқашан
да қатынас құралы деп алынып келе жатқан жоқ па? Ендеше бұл
жерде де «қатынас құралы» деп алынуы керек.