119
Бұл жерде арнайы атап кетуге тұрарлықтай жайт – бір тілдің
интерфейстік құрылымының басқа тілдегі осындай құрылыммен
сәйкес келмеуі және осыған қарамай трансферді қолдануға қажетті
мүмкіндіктің туатындығы. Сонымен, ана тілінің аясында аударма
жасайтын әрбір маман талдау мен жинақтау тәсілдерінен басқа
трансфердің 8 түрлі процедурасын да құра білуі қажет.
Жобаның мақсаты – өндірістік машиналық аударма жүйесінің
бастапқы үлгісін жасау. EUROTRA жүйесінде іске асатын
трансфердің ерекшелігі, оның қадамдап әрекет етуі. Әрбір
қадамды жасаудан бұрын алдыңғы қадамдағы әрекеттердің бұрыс
нәтижелері «тазартылады».
Трансферді пайдаланатын жүйелерге ЭТАП-2 атты жүйе де
жатады [27]. Бұл жүйе ағылшынша-орысша машиналық аударма
жасай алады. Бұл идеологиялық тұрғыдан қарастырғанда
ИНФ-ЭЛ жүйесінің жетілген түрі және айрықша сөздіктермен
жабдықталған – нақты бір пәндік салаға арналған, ұластыруға
негізделген (комбинаторлық) автоматты сөздік. Зерттеушілер
мұндай «тәуелсіздік» мүмкіндігін тілдік модельдің жан-жақты
зерттелуімен байланыстырады.
Трансфердің барлық ережелері жүйе ішінде
Достарыңызбен бөлісу: