Аударманың Өзекті мәселелері алматы, 2015



Pdf көрінісі
бет44/120
Дата04.09.2022
өлшемі2,17 Mb.
#148709
түріБағдарламасы
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   120
Байланысты:
audarmanyng ozektigi Kulmanov

Конфигурациялық талдау
әдісі аударылуға тиісті мәтінді 
(жүйеге енетін мәтін) сол тілдің алдын ала іріктеліп алынған 
синтаксистік конструкциялар жиынымен салыстыру тәсіліне 
негізделеді [33; 34; 35; 29]. Егер аударма жүйесіне енетін 
мәтіннің анықталған конфигурациясы жиынның синтаксистік 
конфигурацияларының біреуімен сәйкес келсе, онда мәтіндік 
конфигурация танылды деп саналады және ол әрі қарайғы талдау 
әрекетінде ықшамдалған түрінде көрініс табады. Синтездеу 
әрекетінде анализдеу кезінде анықталған конфигурация 
аударуға тиісті тілдің оған сәйкес келетін конфигурациясымен 
салыстырылады. 
«Фулькрумдер»
әдісі
бойынша жүргізілетін талдауда мәтіндегі 
сөйлем төменгі сатыдағы бөліктерге ажыратылады. Осының 
негізінде кез келген фразаны циклдық әдіс бойынша бірнеше 


103
рет қарастыра отырып, іріленген фрагменттерге біріктіруге 
болады. Әрбір кезекті циклдық қарастыру кезінде талдаудың 
тірек нүктелері (fulсra) – фулькрумдер анықталады. Анықталған 
фулькрумдер синтаксистік конструкциялардағы негізгі және 
«басқарушы» сөздер тобына жатады. Олардың құрылымы мен 
шекарасын анықтау циклдық қайталаулардың мақсатына енеді 
(
группа автомат. Перев. фирмы Bunker Ramo-Woldridqe Inc, 
Canoqa Park, Calif., рук. П.Гарвин)

Тізбекті талдау
әдісі арқылы фразаның синтаксистік 
құрылымын тану үшін берілген сөйлем көрінісіндегі синтаксистік 
категориялар тізбегін элементарлық тізбектерге бөлу қажет болады 
(
Харрис, Н.Сейгер
). 
Корреляциялық
талдау
кезінде әрбір сөзге индекстер 
жиынтығы тіркеліп жазылады. Олардың әрбіреуі сол сөздің 
осыған ұқсас индексі бар басқа сөздермен өзара байланыстылық 
(корреляция) мүмкіндігін бейнелейді. Корреляцияның (өзара 
қатынастылық) жоғары деңгейі лингвистикалық шектеулер 
арқылы төмендетіледі. Мысалы, сөз, семантика және т.б. сатыларға 
төмендейді. 
Осымен бірге зерттеушілер машиналық аударма мәселесі үшін 
толық мәтінді талдау мәселесін қарастыра бастады. Соның ішінен 
толық мәтіндердің антецедент – зат есімдермен арақатынасын 
анықтайтын ережелердің қарастырыла бастағанын атап кетуге 
болады (антецедент – анафоралық қатынас. Мәселен, есімдіктен 
бұрын тұратын есім сөз, ал есімдік осы есімге нұсқайды) [36; 37]. 
Қазіргі кездегі жоспарланып жатқан машиналық аударма 
жүйесі екі топқа бөлінеді: бір тілден екінші тілге аударатын 
– 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   120




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет