150
қазақ тілі ғылым, мәдениет, саяси-әлеуметтік, дипломатия, басқару
саласында өзінің толыққанды қызметін атқара алған жоқ. Қоғамда
қажеттілік тумағандықтан және қолданылу өрісінің тарлығынан
қазақ ісқағаздар тілі өз деңгейінде қалыптасқан жоқ.
XX ғасырдың тоқсаныншы жылдары бұрынғы кеңестік
мемлекеттер кеңістігінде болған тарихи өзгерістер қазақ
қоғамының бүкіл болмысын өзгертті.
Қазақ тілінің мемлекеттік
мәртебе алуымен байланысты мемлекеттік тілдің қоғамдық
қызметін арттыру мәселесі күн тәртібіне қойылды. Бұл мақсатты
жүзеге асыру үшін үкімет тарапынан бірнеше маңызды ресми
құжат қабылданды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2001
жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығымен бекітілген «Тілдерді
қолдану мен дамытудың 2001-2002 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасында» мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік
қызметін кеңейту мен нығайту бағдарламаның негізгі мақсатының
бірі ретінде атап көрсетілген. Бұл мақсатты іске асыру үшін
мемлекеттік тілдің іс жүргізудегі негізгі тіл ретінде қолданылуын
қамтамасыз ету міндеттері белгіленді. Үкімет тарапынан
қабылданған, іске асыруды талап ететін мемлекеттік маңызы бар
ресми құжаттар ісқағаздарын қазақ тілінде жүргізудің бір жүйеге
түспегендігін, оны қалыптастыру мен дамыту мәселесінің өзекті
екендігін көрсетеді.
Баршаға мәлім, біз қазір ісқағаздарын орыс тілінен аудару
үстіндеміз. Бұған бірінші себеп біздің мамандарымыз бен
ісқағаздарын жүргізушілеріміздің бірден қазақ тілінде ісқағаздарын
жүргізуге дайын еместігі, екінші
себеп ісқағаздарын қазақша
жүргізуде белгілі бір тәжірибенің, қалыптасқан жүйенің болмауы.
Осыған байланысты бүгінгі таңда ісқағаз мәтіндерін түгелдей
орыс тілінен аударып, бір сөзін, бір тіркесін мүлт жібермей тізіп
отыру, іс қағаздарының мәтіндерін орыс тілінің заңдылығына орай
қалыптастыру құбылысы белең алып отыр.
Аударма – ғылым. Оның өзіне тән ғылыми, практикалық
заңдылықтары бар. Күні бүгінге дейін негізінен көркем аудармаға
ден қойылып, орыс тілінен қазақ тіліне көптеген шығармалар
аударылып келді. Оның стильдік, жанрлық, тілдік т.б. мәселелеріне
назар аударылды. Ал ресми құжаттарды, ісқағаздарын аудару, оның
теориясы мен практикасы – тың мәселе.
151
Қазіргі қазақ ісқағаздар тілін қалыптастыруда да аудармаға
қатысты қалыптастыра алмай, ретке келтіре алмай жатқан
тұстарымыз жетерлік. Мысалы,
жоғары оқу орындарында
«Введение в политическую науку»
деген пән бар, оны диплом
қосымшасында
«Саяси ғылымға кіріспе»
деп жазып жүрміз.
«
Саясаттану ғылымына кіріспе»
немесе қысқа да нұсқа етіп
«
Саясаттануға кіріспе»
деп алсақ дұрыс болар еді. Сондай-ақ «О
переводе студентов на последующий курс обучения»
деген бұйрық
«
Студентті курстан курсқа көшіру туралы»
деп аударылып
жүр. Сөзбе-сөз аударсақ «
Студентті оқытудың келесі курсына
көшіру туралы»
болады. Дұрысы «
Студентті келесі курсқа
көшіру туралы»
сияқты, орысша нұсқасында
обучение
деген сөз
болғанымен қазақша нұсқасына
оқытудың
деген сөз қажет емес,
себебі мұнда
студент
деген сөздің болуының өзі-ақ мәселенің оқу
туралы екендігін білдіріп тұр.
Сондай-ақ курстық жұмыс туралы Ереженің бір тарауының
«Порядок выполнения и подготовки курсовой работы к защите»
деген
тақырыбы
«Курс жұмысын қорғауға дайындық және
оны орындау тәртібі»
болып аударылған. Бұл жерде қорғауға
дайындықтың орындалу тәртібі деген мағына беріп тұр. Дұрысы
«Курстық жұмысты орындау және қорғауға дайындық тәртібі».
Орыс тіліндегі
оформление
деген сөздің күнделікті
қолданыстағы аудармасы, беретін мағынасы
безендіру
, ал
ісқағаздар тілінде
рәсімдеу
сөзін қолданған дұрыс,
ресімдеу
емес.
Мысалы,
оформление документов
–
құжаттарды рәсімдеу
.
Пример оформления – рәсімдеу үлгісі
,
оформление диссертации –
диссертацияны рәсімдеу
т.б.
Ісқағаздарын аудару кезінде қолданылатын жекелеген сөздің,
сөз тіркесінің грамматикалық тұлғалардың белгілі бір стильге,
яғни ресми стильге бағындырыла қолданылуы қажет. Аударма
нақты, түсінікті болу үшін орын алмастыру, ауыстыру, қосу, түсіріп
тастау сияқты трансформациялық процестердің қай-қайсысын да
пайдалануға болады.
1920-1930 жылдары қазақ ресми ісқағаздар тілін, бұқаралық
ақпарат құралдар тілін қалыптастыру мақсатында қыруар жұмыс
жүргізілді. Қазақ тілінде аударма сипаттағы жаңа сөздер ғана емес
жаңа морфологиялық тұлғалар
мен синтаксистік құрылымдар
152
пайда болды. Олар сол кезеңде түрлі ұғымдар мен құбылыстарды
ана тілінде беру мақсатында туындаған аудармашы ізденістерінің
нәтижесі еді. Сол кезде жасалған морфологиялық тұлғалардың
бірқатары, мысалы,
-мыш,
(
айтылмыш мәселелер
– айтылған
мәселелер),
-а шақ
(
жазылып тұрашақ
– жазылып тұратын),
-дүр
(
тиісдүр
– тиісті) тұлғалары қазақ тілінің табиғатына жат
болғандықтан, тілімізге сіңісті болмай уақыт өте келе қолданыстан
шығып қалды. Сол кезеңде пайда болған морфологиялық
тұлғалардың бірі тұйық етістіктің
-у
жұрнағы мен жатыс септіктің
-да, -де
жалғауын қосу арқылы осы шақтағы белгілі бір процестің
созылыңқылық күйін, яғни әрекеттің әлі де жүріп
жатқандығын
білдіретін -
уда
форманты. Бірақ бұған қарап іс-әрекеттің қазір
болып жатқанын, әлі де болатынын білдіретін сөз қазақ тілінде
Октябрь революциясына дейін болмаған екен деген ұғым тумауы
керек. Ондай әрекет 1920 жылдарға дейін бұл сияқты формада емес,
отыр, тұр, жатыр, жүр
көмекші етістіктері арқылы берілетін.
Мысалы,
өтіп жатыр, болып жатыр, жазып жүр, көбейіп тұр,
пайдаланып отыр
т.б.
Тілші-ғалым Т.Қордабаев тілімізде
-уда
тұлғасының пайда
болуы, қалыптасуы туралы: «Бұл форма синтаксистік жаңа
рольге ие
болумен бірге, тұрақты шақтық көрсеткіш болып
та қалыптасып отыр. Мұның шақтық мәні – болған үстіне
үстемелеп болып жатқан қарқынды іс-әрекетті білдіру. Біздің
байқауымызша, сөз болып отырған форманың жаңа функциясын
туғызған алғашқы қажеттіліктің өзі совет адамдарының дамыған
үстіне дамып отыратын өршіл қарқынды еңбегін, өскелең өмірін
көрсету мүддесі сияқты», - деп жазады [63, 52-б.]. Ғалым атап
көрсеткендей бұл тұлғаның Совет дәуіріндегі баспасөз бетінде
өте жиі қолданылғандығына төмендегі мысалдар арқылы көз
жеткізуге болады. «Социалистік Қазақстан» газетінің 1964
жылғы 15 майдағы нөмірінің бірінші бетінде бұл форма 6 рет
қолданылыпты. Мысалы,
Диқандар мен механизаторлар бар
қиындықтарды жеңе отырып, көктемгі дала жұмыстарын
күн сайын
Достарыңызбен бөлісу: