153
өткізуде.
Нилді бөгеу үшін осы заманғы советтік техника 25
тонналық 25 самосвал, жүкті өздігінен түсіретін қуатты 9
баржа
пайдалануда.
Бұған жету үшін механизаторлар қазірден
бастап жан аямай
еңбек етуде
. Егіс жұмысы агротехникалық
шараларға сай
жүргізілуде
[64, 97-б.].
Бұл форма қазіргі баспасөз тілі мен ресми-ісқағаздар
тілінде совет дәуіріндегідей өте кең
көлемде болмаса да әлі де
қолданылады. Ғалым Ы.Маманов «Әдеби норма талабы» атты
мақаласында бұл тұлғаның шақ көрсеткіші ретінде баяндауыш
қызметінде «ауызекі сөйлеу тілімізде де, көркем шығармаларда да
көп кездесе бермейтіндігін», сондай-ақ «қазақ тілі грамматикалық
оқулықтарында да» жоқ екенін көрсете келіп, газет-журнал тілінде
қолданылатын бұл тұлғаны «қазақ тілі табиғатына үйлеспейтін
жасанды форма», - деп қорытады [65, 3-б.].
Біз де ғалымның
осы пікірін қостай отырып қазақ тіліндегі қимылдың болып
жатқандығын,
әлі де болатындығын жасанды
-уда
форманты
арқылы емес, қазақ тілінің өз заңдылығына сай көмекші етістіктер
арқылы берілуін дұрыс деп есептейміз.
Игі іс жалғасын табуда
демей-ақ
Игі іс жалғасын тауып отыр. Олардың қатары күн
сайын өсуде
демей-ақ,
Олардың қатары күн сайын көбейіп отыр
десек, қазақша болмас па еді.
Осындай қолданыстың бірі – орыс тіліндегі
привели к гибели
тіркесінің аудармасы. «Мысалы,
Қалада болған өрт екі адамның
қайтыс болуына
Достарыңызбен бөлісу: