190
Бұл ретте анықтауды қажет ететін мәселелердің бірі «тілдік
аталым» мен «терминологиялық аталым» терминдердің
арақатынасы болмақ. Осы кезге дейін, көптеген аталым теориясына
арналған ғылыми әдебиеттерде «аталым» жалпы «тілдік аталым»
деп көрсетіліп, терминологиялық аталымды зерттеуде тілдік
аталыммен салыстырады. Біздіңше, терминологиялық аталым
да тіл білімінің бір саласы ретінде тілдік қарым-қатынастың
өзгеше механизмін зерттеуге бағытталғандықтан, оны жалпы
тілдік аталымнан ажыратып көрсетуге болмайды. Керісінше,
терминологиялық аталым жалпы тілдік аталымның бір бөлігі
болып саналады. Ал, осы уақытқа дейін аталым теориясының
аясында, негізінен, лексикалық аталым түрлері қарастырылған.
Жалпы тілдік аталым, лексикалық аталым, терминологиялық
аталым арақатынасын былай көрсетуге болады:
Лексикалық аталымды жіктеуде ең басты параметрлер ретінде
жаңа тілдік бірліктің жаңалығын ұғынып немесе ұғынбай жасау
мен аталымның стандарттылығы және стандартқа сәйкес келмеуі
немесе нормаға сәйкестігі мен сәйкессіздігі секілді критерийлер
басшылыққа алынып, лексикалық аталымның мынадай түрлері
көрсетіледі:
1) қалыпты аталым (жаңа атау екендігін мойындап, нормаға
сәйкес жасалған атаулар);
2) мутациялық аталым (стандартты, жасау үлгісі тілдік
тұрғыдан тұрақты, бірақ тіл тұтынушылары үшін байқалмай
жасалған тілдік бірліктер);
3) жасанды аталым (саналы түрде тіл стандартын бұзу арқылы
жасалған бейуәжді атаулар);
1) 4) «патологиялық» аталым (тілдік және тілден тыс
факторларға байланысты «қате» жасалған, туындаған аталымдық
бірліктер) [қалыпты терминологиялық аталым (нормаға сәйкес,
саналы түрде жасалған терминдер):
Достарыңызбен бөлісу: