Аударманың Өзекті мәселелері алматы, 2015



Pdf көрінісі
бет11/120
Дата04.09.2022
өлшемі2,17 Mb.
#148709
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   120
Байланысты:
audarmanyng ozektigi Kulmanov

4. Түсіріп тастау
. Бұл – мәні жағынан қосуға қарсы тәсіл. 
Аудару үстінде түпнұсқадағы мағыналық тұрғыдан басы артық 
сөздер, оларды алып тастаса да, мағына-мазмұнды өзгеріске 
ұшыратпайтын, тым болмаса, нұқсан келтірмейтін сөздер түсіріліп 
тасталуы мүмкін.
Мұндай басы артық сөздер плеоназм құбылысына байланысты 
болатыны байқалады. Мысалы, орыс тілінде «
каждая минута 
времени
», «
в апреле месяце
», «
промышленная индустрия
» сияқты 
тіркестер қолданылады, бұларды ыңғайына қарай, контексті есепке 
ала отырып, «
әрбір минут
», «
сәуірде
», «
өнеркәсіп
» деп аударуға да 
болады, өйткені
 минут
сөзінің өзі уақытты білдіреді, ал «
апрель
» 
ай аты екені мәлім, «
промышленность» 
пен «
индустрия
» сәйкес 
ұғымдарды береді.
Келесі бір кездесетін құбылыс – орыс тілінің сөйлеміндегі 
кейбір сөзді қазақ тілінде көрсету міндетті болмай қалады. 
Мысалы: 
Солдаты остановились у дома, хозяйн встретил их. – 
Солдаттар үй жанына келіп тоқтады, үй иесі қарсы алды.


19
Қазақ тілі синтаксистік құрылысының бір ерекшелігі сол
салалас құрмалас сөйлемді құрастырушы сыңарлардың жалғау-
лықты, жалғаулықсыз болуы көбіне мағына өзгерте бермейді. Ал 
орыс тілі синтаксисі үшін бұл – ұстанымдық қағидат. Сондықтан 
орыс тіліндегі кейбір жалғаулықтарды аудармай-ақ түсіріп 
тастауға болады. Мысалы: 
Пошла ба и она влес, но детей не с кем 
оставить. – Ол да орманға барар еді, балаларды қалдырып кетер 
ешкім жоқ. 
Байқап отырғанымыздай, орыс тілінде қарсылықты 
мағына жалғаулық арқылы айқындалып тұр, ал қазақ тілінде 
жалғаулықсыз-ақ бұл мағына айқын көрініп тұр.
Қалай десек те, аударманың нәтижелі болуы аудармашының 
тілдік білімі, аялық білімі, контексті түйсінуі, филологиялық білім 
мен шығармашылық талантына байланысты болатыны даусыз.
1.1.3 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   120




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет