Ықшамдылық.
Аудармашы көп сөзді болмауы керек,
ойлары барынша ықшамды және мәнерлі (үйлесімді) түрде
мазмұндалуы тиіс.
3.
Айқындылық.
Аудармада тілдің жеңілдігі мен ықшам-
дылығы аса қажет. Қабылдауға қиындық туғызатын күрделі және
екі ұшты оралымдардан бас тартқан жөн. Ой қарапайым әрі айқын,
баршаға түсінікті тілмен жеткізілуі тиіс.
4.
Әдебилік.
Аударма әдеби тілдің жалпыға бірдей тұтастай
нормасына сай жасалуы қажет. Әрбір сөйлем түпнұсқаның
синтаксистік құрылымындағы аударма тіліне жат ешқандай
тұспалдау байқатпай, нақты және табиғи түрде айшықталып тұруы
тиіс. Шетелдік сөздерге калька жасаудан бойды аулақ салып,
сөздіктер мен анықтамалық әдебиеттің көмегіне сүйене отырып,
аударма тілінде балама терминдер табуға тырысу керек.
25
1.1.5
Аудармашыға қойылатын талаптар
Аудармашының тілдік тұлғасын төмендегі жайттар қалыптас-
тырады: а) тұлғаның әлеуметтік мінездемесі; ә) ішкі тұлғалық
қасиеттер; б) филиологиялық білімі, білігі, дағдысы; в) түпнұсқа
авторы мен аудармашы тұлғаларының үйлесуі (жақындығы
немесе ұқсамайтындығы) (Т.Никитченко). Аудармашы осы қасиет-
тері арқылы шығармашығын танытып, өзі аударған мәтінде өз
қолтаңбасын қалдырады.
Аударма жасау кезінде практик аудармашының және осы
процесті сипаттауда («моделировании») аударма теоретигінің
алдында тұратын ең маңызды міндеттердің бірі шығыс тілдегі
аударылуға жататын
ең аз бірлікті
(мұны
аударма бірлігі
деп те
атайды) іздеп табу болып табылады [1, 174-б.]
Аудармашы ең алдымен коммуникацияның тікелей қатысушысы
болуы тиіс (В.Н.Комиссаров).
Дж.Драйден аудармашыға төмендегідей талаптар қояды:
1) аудармашы ақын болуы тиіс;
2) түпнұсқа тілі мен өз тілін жетік білуі тиіс;
3) түпнұсқа авторының жеке ерекшеліктерін түсінуі керек;
4) өз дарынын түпнұсқа авторының дарынымен үйлестіруі
керек;
5) түпнұсқаның мағынасын сақтауы керек;
6) түпнұсқа мағынасын сақтай отырып, оның тартымдылығын
сақтауы керек;
7) аудармада өлеңнің сапасын сақтау керек;
8) авторды қазіргі ағылшынның сөйлеуіне орай сөйлетуге
«мәжбүрлеу»;
9) түпнұсқаның «рухын» жоғалтып алмау үшін оның
(түпнұсқаның) сөзіне «қатып қалмау» керек;
10) түпнұсқаны тым жақсартуға ұмтылмау [4, 11-б.]
Ал біз ғалымдар мен практиктердің аудармашы қойылатын
талаптарын қорыта келе, оларды төмендегіше жинақтауды жөн
көрдік:
1. Ол тек қана жеткілікті түрде түпнұсқа тілінің морфология,
синтаксис, лексика және идиоматикасын меңгерумен бірге, өзінің
ана тілін, екі тілдік жүйені жақсы түсінетін, терең білетін қабілетке
ие болуы тиіс.
26
2. Сондай-ақ негізгі екі міндетті: аударылатын тіл мазмұнын
дұрыс түсінуімен және аударма тілінің құралдарымен сол
мазмұнды дәл және толық сәйкестікте жеткізуден тұрады. Бұл
талаптар мына жағдайда орындалады:
1. аударма тілінің лексикалық бірлігін түп негізіне дейін білу;
2. аударма тілінің грамматикасын және стилистикасын білу;
3. аударма теориясының негізін білу;
4. аударма техникасын меңгеру (сөздіктер мен анықтамалық
материалдарды пайдалана білу қабілеті, аударма дағдылары мен
ережелерін игеру);
5. аударма кезінде әдеби тілдің барлық байлығын кеңінен
пайдалану;
6. аудармаға қатысты білім саласын жақсы білу;
7. аударма сөзбе-сөз күйінде жасалмауы тиіс, калька жасаудың
кез келген түріне жол берілмейді;
8. аудармашы реалийлерді және аударма жасалатын елдің өмірі
мен тұрмысының нақты жағдайларын білуі тиіс.
9. Аударматанудың негіздері және аударма теориясын білу.
10. Шет тілі мәтінін түсіну және оны барлық түпнегізіне дейін
талдай білу.
11. Аударма кезінде қазақ тілінің барлық мүмкіндіктерін,
ұлттық тіліміздің байлығын пайдалана білу.
12. Аудармашылық жұмыста автордың ойлары мен эмоциясын
іштей дұрыс жеткізу үшін шығармашылық қабілеті болу.
13. Аудармашы әркез жекелеген сөздерді (бұл сөзбе-сөздік),
немесе жекелеген құрылымдарды (бұл калька жасау) жеткізіп
қоймауы қажет, автор ойларын, оның барлық қыр-сырларымен
бере білуі керек.
14. Аудармашы сөйлемдегі түйінді, негізгі ойды түсініп,
аңғарып, біліп, сондай-ақ ең бастысы өзінің ана тілінің құрал-
дарымен тиісті талапқа сай жеткізе білуі тиіс. Аудармашы әрбір
сөйлемдегі ойдың орталық элементін бөліп, ажыратып, анықтап
ала білуі тиіс.
15. Логикалық екпінді дұрыс жеткізуде түпнұсқа құрылы-
мының жекелеген элементтеріне немқұрайлы қарамауы керек.
Аудармашы соған сәйкесетін ұғымдағы дәл сөзді дұрыс таңдай
білуі қажет. Бұл үшін синонимдік қатарларды жақсы таңдай білуі
әрі оларды дұрыс қолдануы қажет.
27
Аудармашының неғұрлым тәжірибесі аз, еңбексүйгіштігі мен
қабілеті төмен болса (бірінші кезекте көркем аудармаға қатысты),
онда өзін-өзі ақтамайтын еркіндік пен ойдан шығаруға жол бере
отырып, аудармада барған сайын өзіндік түрлендіруге, бұрмалауға
салынып кетеді. Тәжірибелі аудармашы өзінің шығармашылық
қиялын түпнұсқаның дәлдігі мен дұрыстығына негіздейді.
Егер аудармашы тар шеңбердегі мамандық иесі әрі мамандану
деңгейіндегі даярлығы нашар болса, ол жүйелі түрде арнайы
әдебиетті оқи отырып, сол саладағы жаңалықтарға зер салу
арқылы өзінің зерде-зейінін мамандық жайлы біліммен байыта
отырып, жұмыстағы өзінің әріптестерінің тәжірибесінен үйрене
келе, бұл олқылықтың орнын толтыруы тиіс.
Аудармашы кез келген уақытта түпнұсқаның әр сөзіне сәйкес
балама тауып жеткізу мүмкіндігін іздестіріп, ана тілде баламасы
болмаған жағдайда соған мағынасы жақын сөздерді дәл табуға
дағдылануы тиіс. Аудармашының тапқырлығы мен шешімділігі –
тәжірибелілігі мен шеберлігінің кепілі. Алайда аудармашы дербес
идеядан бас тартады, ол түпнұсқа авторының ой-ниетіне бағынады.
Яғни аудармашы аударма мәтінді барынша жетілдіруге тырыспауы
қажет. Бұл турасында А.Ф.Шираев былай дейді: «Егер аудармашы
дұрыс сөйлеу сөйленімдерінің шеңберінен өрескел шығып
кетіп, әңгімелесушілердің бірінің сөйлеуден тыс мақсаттарын
жүзеге асыру қызметін өзіне ала бастаса, мысалы, сөйленімге
кеңінен түсініктеме беретін болса немесе мәселеге өзінің жеке
түсінігін беретін болса, оның қызметі аударма қызметі болудан
қалады. Мұндай жағдайларда әлеуметтік орта аудармашыны
оның әлеуметтік шеңберіне қайта оралуға «мәжбүрлейді» [7,
153-б.]. Демек әдеби шығарма – басқа мәтіндермен бірге жалпы
құрылымға енетін тұтас құрылым. Аудармашының мақсаты – осы
тұтастықты беру және осы мақсатқа жету үшін мүмкін болған кез
келген өзгертулерге барады.
Аударма – осы іспен шұғылданушының кешенді филологиялық
дайындығын талап ететін, яғни аудармашы халықтың, әсіресе
аударылатын тілдің иесі – қазақ халқының тарихы мен әдебиетінен,
мәдениетінен, ұлттық этникасынан жан-жақты хабары бар,
бірнеше тілді жетік, жақсы білетін маман болғанда ғана жоғары
деңгейде көрінетін күрделі құбылыс.
28
Аудармашы тәржіма жасауға қажетті техникалық әдебиеттер
турасындағы өзінің жалпы білім-тәжірибесін жинақтайды. Жалпы
бағдарлы ақпаратты меңгеру және оны әрдайым назарда ұстап
отыру арқылы тәржіма нұсқаның толымды сапада жасалуына
ықпалын тигізеді. Аударма нұсқаның дәл түпнұсқа сияқты
эстетикалық қызмет атқаруы, дәл сондай эффект туғызуы үшін
тәржімашы лингвоэтникалық құзыретке (төл тілдің лексикалық-
құрылымдық жүйесін) ие адам болуға тиіс. Лингвоэтникалық
құзырет қазақ тілін жетік меңгеруді талап етеді, яғни аудармашы
қазақ ұлтының сөз, сөйленіс моделдерін кешенді түрде жинақтауы,
тұтас тілдік материалдарды ұғынуы, ойлау-психологиялық
қызметі және негізгі ана тілі мәдени-этникалық сипатына орай
қалыптасқан адам болуға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |