30
мәтін алдын ала танысу, көру, ойлау, пайымдау, талдау, зерттеу,
сөздіктерді, басқа да лингвистикалық және лингвоелтанымдық,
когнитивтік мағлұматтарды беретін анықтамалықтарға иек арту
арқылы екінші тілге жазбаша түрде түсіріледі. Бұл процестің өтуі
барысында аудармашының мүмкіндігі шексіз; ол екінші тілде
жасалған мәтінді өңдеп, реттей алады. Жазбаша аударма мәтін
тәржімашы шығармашылығының нәтижесі болып саналады.
Жазбаша мәтінді ауызша аударып беруді жазбаша-ауызша аударма
деп атауға болады. Қазақ мәдениетінде классикалық көркем
әдебиеттің нұсқалары, ғылыми әдебиет және ресми, нормативтік
құжат үлгілері жазбаша түрде аударылады.
Достарыңызбен бөлісу: