20
да бір маңызды мағыналық элементтерді анықтаудан тұрады.
Аудармашының төртінші стартегиялық принципі тұтас мәтінді
түсіну жекелеген бөліктердің мағынасынан маңызды болып,
тұтас мәтіннің мағынасын дұрыс беруде жекелеген детальдарды
«құрбандыққа шалуға» саяды. ... тағы бір ереже –
аударма кіріс
тілдің нормаларына сай болуы тиіс [4, 187-199-бб].
Аударма процесінде ең алдымен аударатын тілдегі лексикалық
бірліктердің аударылатын тілдегі баламасын дәл қолдану маңызды.
Сонымен қатар аудару процесінде баламалықтың төрт түрін атауға
болады. Аударманың бірінші түрдегі баламалылығы
түпнұсқаның
коммуникацияның мақсатын
құрайтын мазмұндық бөлігін ғана
сақтаудан тұрады. Баламалылықтың екінші түрінде түпнұсқа
мен аударма мазмұнының жалпы бөлігі коммуникацияның
бірдей мақсатын ғана көрсетіп қоймайды,
бірдей
тілден тыс
жағдаятты
береді. Түпнұсқа мен аударманы салғастырудың
үшінші түрінің төмендегідей ерекшеліктері болады: 1) лексикалық
құрам мен синтаксистік құрылымында параллелизм болмайды; 2)
түпнұсқа мен аударма құрылымын синтаксистік трансформация
қатынасы арқылы байланыстыру мүмкін болмайды; 3) аудармада
түпнұсқадағы коммуникациялық мақсат пен жағдаят бірдей
сақталады; 4) аудармада жалпы ұғым сақталып,
олар арқылы
түпнұсқадағы жағдаят сипатталады. Баламалылықтың төртінші
түрінде, жоғарыдағыларды қоса алғанда, аудармада түпнұсқаның
синтаксистік құрылымының, мағынасының айтарлықтай бөлігі
көрініс табады. Түпнұсқа мәтінінің құрылымдық ұйымдасуы
аударылатын мәтіннің жалпы мазмұнына
енетін белгілі бір
ақпаратты айқындайды... Баламалылықтың соңғы бесінші түрінде
түпнұсқа мен аударма мазмұнының барынша жуықтатылуына қол
жеткізіледі [4, 52-78-бб.].
Ал дәл баламасы жоқ лексикалық бірлікті берудің төмендегідей
жолдары кездеседі: а) транслитерация; б) калькалау; в) сипаттамалы
(түсіндірмелі) аударма; г) жуықтатылған (ұқсас) аударма; д)
антонимдік (қарама-қарсы) аударма [4, 104-121-бб.]. Баламасы жоқ
сөзді аударуда аталған тәсілдер арқылы сәйкестік орнату болмаған
жағдайда
сипаттау
тәсілі қолданылады.
Құрылымдары әртүрлі тілдердің грамматикалық өзіндік
ерекшелігі болатындығы белгілі. Кез келген тілдің өзіндік
21
грамматикалық формасы нақты грамматикалық мағына білдіре-
тіндіктен, сол грамматикалық мағынаны аударылатын тілдегі
сәйкес құрылымдармен беру қажет. Ал
кейде грамматикалық
бірліктің мағынасы артық деп саналған жағдайда (егер бұл мәтіннің
жалпы мазмұнына әсер етпейтін болса) белгілі бір грамматикалық
мағынаны тастап кету
Достарыңызбен бөлісу: