47
стандарты біршама өзгерген және түпнұсқа мәтінінің үзіндісін
аудару ұзақтығы кей кездерде 15 минуттан асып кетеді.
Ауызша аударманың бұл түрі жауапты келіссөздер, саяси,
экономикалық-қаржылық, құқықтық және басқа да мәселелер
төңірегіндегі ресми кездесулер кезінде, пресс-конференцияларда,
семинарлар мен дөңгелек үстелдер кезінде жүзеге асады.
Дыбыстық құрылғылардың күн санап дамуына байланысты
ауызша ізбе-із аударманың қолданылу аясы тарылып барады.
Дегенмен жеке кездесулер, келіссөздер кезінде толық түсінісу үшін,
әрі ілеспе аударманы қолдану мүмкін болмаған жағдайда ізбе-із
аударма бірден-бір тиімді аударма болып табылады. Сондықтан
аударманың бұл түрін әрбір кәсіби аудармашы білуі қажет.
Ізбе-із аударманың ілеспе аудармадан басты айырмашылығы
мынада: ілеспе аударма мәтін тыңдалып жатқанда жасалса, ізбе-із
аударма мәтін тыңдалып болғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.
Ізбе-із аудармада аудармашы аудармашылық жедел жазуды
қолданады.
Ізбе-із аудармашыға қажетті қасиеттерді ғалым Ә.Тарақов
былай бөліп көрсетеді:
1) энциклопедиялық білімнің молдығы, ой-өрісінің кеңдігі;
2) өз ұлттық тілін еркін меңгеруі және бай сөздік қоры;
3) жұмыс істейтін шет тіліндегі кез келген сөзді іштей еркін
қабылдау қабілеттілігі;
4) жұмыс істейтін шет тілін еркін меңгеру, әсіресе оның сөйлеу
тілін, идиомалық оралымдарын білу [14, 37-б.].
Ізбе-із аударманың бір түрі
Достарыңызбен бөлісу: