Аударманың Өзекті мәселелері алматы, 2015


Автоматты (машиналық) аударма



Pdf көрінісі
бет40/120
Дата04.09.2022
өлшемі2,17 Mb.
#148709
түріБағдарламасы
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   120
Байланысты:
audarmanyng ozektigi Kulmanov

1.4.1 Автоматты (машиналық) аударма
Машиналық аударма жүйелері кибернетикалық модель 
жасау аясына қатысты болуы себепті шет тіліндегі мәтінді ана 


94
тіліне және керісінше аудару тұсындағы адамның тілдік әрекеті 
арқылы іске асады. Сондықтан аударма ісі электронды-есептеу 
машиналарының (ЭЕМ) көмегімен аудармашы әрекетін қайталауға 
бағытталады. 
Аудармашының тілдік әрекетінің, яғни сөйлеу-ойлау қызметінің 
моделін машиналық аударма жүйесі арқылы жүзеге асыру екі түрлі 
таптастыру параметрлері бойынша анықталады:
– автоматтандыру дәрежесі, яғни компьютерге жүктелетін 
жұмыстың нақты көлемі. Мұнда мынадай жағдаяттарды айырып 
қарастыру керек [19, 3-б.]: 
1) аударма жұмысы толығымен немесе толыққа жуық ЭЕМ 
арқылы орындалады; 
2) аударма жұмысын аудармашы атқарады да, ал ЭЕМ жәрдемші 
рөлін атқарады (мысалы, қажетті сөздің аудармасын сөздіктен 
тауып алу жұмысында). 
– аудармашы адамды қатыстыру стратегиясы, яғни аударма 
жұмысының негізгі бөлігі компьютер арқылы орындалады да, ал 
аудармашы аударылған мәтінді өңдеуге, яғни аудару кезінің әр 
тұстарында (басында, ортасында, аяғында) редакциялық жұмысқа 
қатынасады [20, 12-13-бб.].
Аудармашының сөйлеу әрекетінің ерекшелігі мынаған саяды: 
бастапқы нысан ретінде бір тілдегі мәтін алынады да, ал тілдік 
қызметтің нәтижесі ретінде – мағыналық жағынан аударылуға 
тиісті мәтінге барабар, басқа тілдегі мәтін болып табылады. 
Басқаша айтқанда, аталған нәтиже міндетті түрде мәтін түрінде 
ұсынылуы қажет. 
Аталған ерекшелік 
автоматты аудармаға
белгілі принциптік 
құрылымды сақтауды міндеттейді. Төменде ондай құрылым 
мүмкіндігінің ең жақсы деген (идеалды) көрінісі берілді. 
«Х» тіліне талдау жүргізу мен оны өзгертудің мақсаты – «Х» 
тілінің сөздігі, грамматикасы және қолдану ережелері негізінде 
«Х» тіліндегі мәтіннің мазмұнын ашу. Ал «Ү» тіліне жинақтау 
әдісін қолдануды – «Ү» тіліндегі шығару мәтінін құрастыру 
(немесе оны синтездеу) деп атайды. «Ү» тіліндігі мән-мағына сол 
тілдің сөздігі мен грамматикасы негізінде ашылады.
ЭЕМ-сыз дәстүрлі аудармашының мәтінді аудару кезіндегі 
талдау мен жинақтау компоненттерінің орын алуы айқын түрде 


95
байқалмағанымен, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   120




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет