99
Бұл бағытты, шартты түрде, негізгі үш кезеңге бөліп қарастыруға
болады [25; 19; 26; 27]. Мысалы, ол хронологиялық жағынан
былайша айырым табады:
1-кезең: 1949 жылдан бастап 60-жылдардың ортасына дейін;
2-кезең: 60-жылдардың ортасынан 70-жылдардың аяғына
дейін;
3-кезең: 80-жылдардан қазіргі кезеңге дейін.
Мұндай үш кезеңге бөлуге негіз болған ғылым мен техниканың
дамуындағы қол жеткен нәтижелер екені белгілі. Міне, солардың
ішінен лингвистикалық, математикалық, техникалық машиналық
аударма жүйесін жабдықтау мәселелері айрықша орын алады.
1954 жылы АҚШ-та Джорджтаун университетінде проф. Леон
Е.Достердің жетекшілігімен GAT жүйесі негізінде құрастырылған
орыс тілінен ағылшын тіліне аударатын машиналық аударма
жүйесі жұртшылық назарына ұсынылды. Бұл бір тілден
екінші тілге ЭЕМ (IBM-701) арқылы орындалған ең алғашқы
аударма тәжірибесі болып саналады. Ғылымда бұл тәжірибе
Достарыңызбен бөлісу: