100
Машиналық аударма жұмысының бастамасы, жалпы алғанда,
өрлеу сипатында болды – тілшілер зерттеудің жаңа бағытын ашты,
ал программистер күн тәртібіндегі күрделі және аса қызықты
мәселелердің шешімін табуға қызыға кірісті. Бұл кезеңде тіл мен
аударма процесіне қатысты барлық мәліметтерге қол жеткендей
сезілді. Сондықтан егер оларды формалды пішінге келтіру ісі жүзеге
асырылса, машиналық аударманың әмбебаптық жүйесі құрылып,
алға қойылған негізгі мақсатқа тез арада жететіндей көрінген
болатын. Бірақ бастапқы және кейінгі тәжірибелердің нәтижелері
бұл мәселенің шешімі ойлағандай оңай табылмайтынын байқатты.
Солай бола тұра, атқарылған жұмыстар тек машиналық
аударма аясындағы зерттеулерге ғана емес, сонымен бірге ғылыми
ізденушілерді тілдің теориялық және құрылымдық жағына да
көңіл аударуға ынталандырды.
Қорыта айтқанда, автоматты аударманың бірінші кезеңі белгілі
дәрежеде айтарлықтай нәтижелі болды. Себебі, аталған кезеңде
көптеген іргелі мәселелердің бастамасы анықталып, зерттеудің
болашағы сараланып, жолдары айқындалды. Мысалы, автоматты
сөздіктерді құрастыру,
Достарыңызбен бөлісу: