105
дәрежедегі барабарлығын айта келе, оның аударуға тиісті мәтіннің
маңызды сипаттамаларының назардан тыс қалып қоятындығын
айтады: мәтін авторының коммуникативтік және праграматикалық
ұстанымы, талдаудың актуалдығы және т.б.
Машиналық аударма жүйесіндегі аралық-тілдің жүзеге аспай
қалуын лингвистикалық зерттеулердің практикалық тұрғыдағы
көзқараспен түсіндіретін болсақ, ол өзгеріс енгізу кезеңдерінің
әдеттен тыс күрделілігінен, ал техникалық жағынан алғанда
ЭЕМ-ның алғашқы буындарының жад көлемі мен әрекет
жылдамдықтары көрсеткіштерінің төменгі дәрежелігі деуге
болады. Мұндай кедергілер бинарлы аударманың экспериментті
жүйесін құру жағдайында да теріс әсерін тигізді.
Қазіргі кезде аталған кедергілер әртүрлі аралық-тілді
іске қосу кезінде өз шешімін табуда. Аралық-тіл мәселесіне
қызығушылықтың екінші айналымы – жасанды интеллект жүйесін
құрастыруға байланысты. Себебі, тек осы идея бойынша ғана
қазіргі кездегі кибернетика саласында зерттеліп жатқан мәтіннің
мазмұнын түсінетін интеллектуалды жүйелерге жол ашылды
деуге болады. Бірақ бүгінгі таңның өзінде-ақ аралық-тіл арқылы
машиналық аударма жұмысын жүзеге асыру кез келген аударма
жүйесін құрастырушының арманы, жоғарғы мұраты деуге болады.
Солай бола тұра, аралық-тіл мәселесін зерттеу семантикалық
теорияның, табиғи тілдің фразалары мен мәтіндерінің
семантикалық көрінісін анықтау жағдаяттарының даму процесіне
зор ықпалын тигізді.
Машиналық аударманың дамуына
Достарыңызбен бөлісу: