161
ісқағаздары терминдерінің ішінде атауы мәтінде берілетін мән-
мағынамен, мазмұнмен сәйкеспей жататындары да кездеседі.
Мұндайда ресми құжаттың мазмұнына үңіліп барып, оған сәйкес
атауды таңдап алу қажеттігі туындайды. Мәселен, жиі жазылатын
ісқағазының бір түрі – арыз.
Арыз
– ұйым басшысының, лауазымы
жағынан жоғары тұрған адамның атына белгілі бір ақпаратты,
мәліметті, өтінішті жеткізу мақсатында
немесе жеке адамның
қандай да бір ұйымға немесе заңды тұлғаға өзінің құқықтары мен
мүдделерін іске асыру, қорғау үшін жазылатын ісқағаздарының бір
түрі. Арыз көбінесе жеке адамның атынан жазылады. Іс жүзінде
қойылған мәселе бірден бірнеше адамның немесе үлкен ұжымның
мүддесін көздейтін ұжымдық арыз түрлері де кездеседі. Арыз
белгілі бір себеппен ғана жазылады, әдетте онда бір ғана мәселе
көтеріледі. Арыз онда айтылған мәселені шешуге құқы бар адам
атына жазылады. Қазір
арыз, шағым, өтініш
атауларының аражігі
ашылмай қолданылып жүр. Себебі
арыз
сөзі осы уақытқа дейін жиі
қолданылып, жұмысқа қабылдауды сұрасақ та, жұмыстан босатуды
сұрасақ та, материалдық көмек, пәтер, жатақхана сұрасақ та,
жалақыны көтеру туралы, басқа жұмысқа ауыстыру туралы өтініш
жасасақ та, наразылық білдіріп, біреудің үстінен шағымдансақ та
арыз
деп ат қойып, айдар тағып келдік. Бірақ арызда өтініш, тілек,
талап ету реңкінен гөрі көңілге қонымсыздық,
теріс әрекеттерге
қарсы реніш білдіру, шағымдану реңкі басым. Сондықтан
азаматтардың заң арқылы қорғалатын құқықтары ескерілмей,
оны қалпына келтіру туралы талап қойылған жағдайда, құжатты
жазушының құқықтары мен мүдделерін бұзып отырған мекеменің
немесе лауазымды
адамның атына сын айтылғанда, әлеуметтік
әділетсіздік, жалпы келеңсіз жағдай жайлы жазылатын ісқағазының
түрін
арыз
деп атап, ал жеке тұлғаның немесе ұйымның заңмен
бекітілген түрлі қажеттіліктерін өтеу үшін, өздеріне берілген
түрлі құқықтарды пайдалану үшін өтініш жасап жазған ісқағазын
өтініш
деп атаған дұрыс. Себебі термин саналы түрде жасалатын
болғандықтан оның жасалуына негіз болған тілде бұрыннан бар
сөздің мағынасын тарылтуға да, оған қосымша мағына үстеуге
де, ол сөздің негізінде жаңа термин жасауға да, мағынаны,
термин-ұғымды дәл бермеген жағдайда қолданыстан шығарып,
басқа сәтті баламасын қолдануға да болады. Ісқағаздарында жиі