«Аудит» пәні бойынша емтихан жауаптары. ҚР-да экономикалық бақылауды ұйымдастыру



бет20/42
Дата11.06.2022
өлшемі116,76 Kb.
#146413
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   42
Байланысты:
Е-332 Аудит емтихан жауаптары (1)
3144357494, 3144357494
32. Бөлінбеген табыс аудиті
Бөлінбеген пайда шаруашылық субъектісінің жалпы табысының барлық шығындарын өтегеннен, бюджетке төленген салық сомаларынан және табыстан басқадай бағыттарға пайдаланғаннан қалған бөлігі.
Корпорация мен ұйымдардың қалыпты жұмыс істеуі үшін ең маңызды қорлар болып мыналар саналады:

  • жарғылық капитал;

  • қорлану капиталы;

  • тұтыну қорлары;

  • еңбекақы төлеу қорлары;

  • валюта қорлары;

  • жөндеу қорлары және т.б.

Аудит жүргізу барысында ең алдымен бухгалтерлік баланстың осы бабы бойынша тексеру кезең басындағы және соңындағы қалдықтарды Бас кітаптың 5510 «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған залалы)» және 5520 «Өткен жылдардың бөлінбеген табысы (жабылмаған залалы)» шоттары арқылы және бұл шоттардың кредит бойынша айналымдары көрсетілетін 13 журнал-ордер мәліметтерімен салыстыру қажет.
Сосын бұл шоттардағы шаруашылық операцияларын көрсетудің дұрыстығын тексерген жөн. Есептік кезең ішіндегі табыстың (залалдың ) жиынтық сомасы шоттардың біріңғай жоспарына сәйкес 5610 «Жиынтық табыс (залал)» шотында белгіленеді.
Жоғарыда атап өтілгендей, заңнамалар мен құрылтайшы құжаттарға сәкес жасалатын резервтік капиталға аударымдар есепті жылдың бөлінбеген табысы есебінен атқарылады. Есептегі жалдың залалын жабуға бағытталған резервтік капитал қаржысы сомасына 5410 бөлімшенің «Резервтік капитал» шоттары дебеттеледі және 5510 «Есептік жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған залалы)» шоты кредиттеледі.


33 Ақша қаражаттарының аудиті
Ақшалай операциялар қарқынды, кең ауқымды сипатта. Дәл осы учаскеде үлкен резервтер мен әртүрлі бұрмалаулар жасырынған.
Ақшалай және кассалық – банктік операцияларды жүргізу заңнамалық, жалпы мемлекеттік және басқа нормативтік актілермен жеткілікті түрде қатаң реттелген. Сондықтан төлеу циклі функциональды аудитін өткізуге дайындық кезінде қабылданған заңдардың, стандарттардың, бухгалтерлік есептің, аудиттің, ақша тасуын, қолданылуын, қаржылық бақылаудың нормалары мен ұйымдастыру ережелерінің талаптарын мұқият оқып білу керек. Операциялық аудитор ұйымның төлеу мен қозғалыс циклін есептеу мен бақылау жүргізудің сапалы жақтары туралы анық тұжырымдамаларын қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты проблемалық сипаттағы көптеген заңдық, ұйымдастырушылық, әдістемелік, қаржылық, есептік, экономикалық мәселелерді шешудің баламалы мүмкіндіктерін қарастырған жөн.
Аудитор ақша қозғалысы циклінің аудитін өткізгенде мыналарды анықтайды:

  • касса – банк операцияларын атқаратын қызметкерлердің сандық және сапалық құрамы;

  • касса – банк құжаттарын жасап, өңдейтін адамдар үшін есеп пен ақшаны бақылауың әдістемелік және ережелік талаптардың бар – жоғы;

  • осы жұмыс учаскесінің қызметкерлері кімге есеп береді;

  • касса –банк және басқа ақшалай операциялардың дұрыстығын кім және қашан, қалай тексереді;

  • кассадағы ақшаның бар – жоғын кенеттен тексеруді жүйелі жүргізуге арналған тұрақты жұмыс істейтін комиссины тағайындау туралы басшының бұйрығы бар ма;

  • бұл бұйрық орындала ма, кассаны кенеттен тексеру акттері бар ма және олардың мазмұны қандай;

  • аналитикалық және синтетикалық есеп, шаруашылық ішілік бақылау мен ақшалай операцияларды жедел қолдау қалай жолға қойылған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет