26. Кассалық операциялар аудиті және ықтимал бұзушылықтар. Кассаның түгендеуі аудитордың тексеру орнына келген уақытта басталады. Тексеруді жүргізбес бұрын аудиторкелесілерді анықтап алады:
кассадағы ақша қаржыларының нақты қолда барына тексеруді жүйелі түрде жүргізіп отыру үшін үнемі әрекет ететін комиссия тағайындалғаны туралы жетекшінің бұйрығының бар болуын;
кенеттен болатын тексерулердің актілерінің болуын;
кассирдің басқа жерлерде қосымша жұмыс істейтіндігін;
кассирді тағайындау туралы бұйрықтың және жеке материалдық жауапкершілігі туралы келісімнің болуын.
Кассаны тексеруді жүзеге асыра отырып аудитор келесідей шарттарды сақтау керек:
кассаны тексеруді кәсіпорын жетекшісімен тағайындалған үнемі әрекет ететін комиссияның мүшелерінің қатысуымен жүргізеді, оның құрамында міндетті түрде бас бухгалтер мен кассир болуы керек;
кассаның тексеруі кезінде бөтен адамдардың кассаға кіруіне рұқсат етілмейді;
кассаны тексеруде барлық кассалық операциялар уақытша тоқтатылады.
Касса операциялары бойынша бухгалтерлік есепте болуы мүмкін
бұрмалаушылықтар:
кассирдің міндетін атқарушы тұлғамен толық материалдық жауапкершілік туралы келісім-шарттың жоқ болуы;