21. Аудиторлық дәлелдерге қойылатын талаптар. Аудитор еш уақытта өз пікірінің түгелімен дұрыстығына толық сенімді бола алмайды. Сонымен бірге ол өзінің пікірі белгілі бір дәрежеде әділетті екендігіне сенімді болуға тиісті. Барлық дәлелдеулерді салыстыра отырып, аудитор қорытыыды жасау үшін олардың жеткілікті түрде нанымды екендігін шеше алады. Ондай шешімді аудитор өзі алған дәлелдеулер төмендегі талаптарға сай екендігіне сенімді болса ғана қабылдай алады:
дұрыстық;
жеткіліктілік;
өз уақытыңда алынуы.
Дұрыстық дегеніміз-бұл, аудитор алған дәлелдеулердің шын екендігінің жөне сенімге лайық болатындығының айғағы: егер дәлелдеулер жоғары дәрежеде шындыққа жататын больш есептелсе, ол тапсырылған қаржылық қорытынды есептің әділдігіне аудитордың көзін жеткізеді. Мысалы, егер тауарлы-материалдық босалқыларға түгелдеу жүргізу аудитордың қатысуымен жүзеге асырылған болса, ондай дәлелдеулер аудиторға берілген мәліметртерден алынған дөлелдеулерге қарағанда сенімдірек болады. Дұрыстықтың сапасын көтеруге жағдай жасайтын құраушылары болады. Атап айтсақ, ақпараттардың төуелсіздігі.
Құжаттарға жасалынған талдаулардың және берілген сүрауларға жасальшған бақылаулардың нәтижелері, ішкі бақылау құрылымдарының іс-шаралары мен процедураларының тиімділігі жөнінде жеткілікті дәлелдеулер алуға мүмкіндік береді.
Аудиторлық дәлелдеулердің өз уақытында алынуын екі жақты қарастыруға болады: дәлелдеулерді жинау кезеңдері бойынша және тексеру кезеңдері бойынша. Мысалы, ақша қаражаттарының өтімділігін баланс жасау мерзіміне жақындатыңқырап бағалаған дұрысырақ болады, себебі бұл кезенде жинақталған дәлелдеулер нанымдырақ болады. Егер табыстар мен шығыстар жөніндегі қорытынды есептің дұрыстығына дәлелдеулер жинау керек болса, онда оларды іріктеу жолымен тексерудің барлық кезеңіне жинау қажет.
22. Негізгі құралдар бойынша тексеруге жататын басты шешімдер. Тексерудің мақсаты ұйымда негізгі құралдардың жіктелуін, дұрыс топтастырылғанын, бағаланғанын және есептен шығару мен тозуын есептеу тәртібінің сақталғанын, негізгі құралдарды жөндеуге кеткен шығындардың негізделгенін анықтау және бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беруде негізгі құралдардың нақты қолда бары, олардың қозғалысы туралы мәліметтердің ақиқаттығын тексеру.
Негізгі құралдар аудитінің негізгі міндеттері:
негізгі құралдардың келіп түсуі, қозғалысы және шығуы бойынша салықтардың есептелуінің дұрыстығын;
бухгалтерлік есепте және қаржылық есеп беруде негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің нақты қолда бары және қозғалысы туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру.