«Аудит» пәні бойынша емтихан жауаптары. ҚР-да экономикалық бақылауды ұйымдастыру


Аудиттің фирмаішілік стандарттары



бет12/42
Дата11.06.2022
өлшемі116,76 Kb.
#146413
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   42
Байланысты:
Е-332 Аудит емтихан жауаптары (1)

17.Аудиттің фирмаішілік стандарттары.
Аудиттің халықаралық стандарттары тек оны өткізудің жалпы тәсілдерін, тексеру жүргізу ауқымын, аудиторлық қорытынды есептің түрлерін, методология мәселелерін, сондай-ақ, аудиторлар қолдануға тиісті базалық принциптерді айқындайды. Алайда, ол стандарттар тексеру жүргізу процесінде қолданылатын нақты іс-әрекеттерді, тәсілдерді, процедураларды белгілі бір тәртіпке бағындыра алмайды. Ондай мақсаттағы қызметті аудиттің фирмаішілік стандарттары атқарады.
Аудиттің ішкі стандарттары белгілі бір аудиторлық фирмада аудиторлық тексерудің бірегей (фирмалық) тәсілін қамтамасыз етеді. Орындалатын жұмыстардың көлемін ұлғайту және сапасын көтеру, тексеру жүргізу үшін аудиторларды – ассистенттерді кеңінен пайдалану, аудит технологиясын жетілдіру мүмкіндігі туындайды. Бірақ, стандарттар артық нақтыланбауға, аудитордың еркін тежемеуге тиісті. Себебі, ол аудитті кәсіби ой-пікірмен нығайтылмаған, жай ғана мәлеметтер жинауға айналдыруы мүмкін. Фирманың экономикалық және қоғамдық статусы үшін ішкі стандарттардың маңызы жоғары болғандықтан, олардың мазмұны коммерциялық құпия болып табылады.
Әдетте, ішкі стандарттарға оларды жасаушылар қол қояды және міндетті түрде аудиторлық фирманың жетекшісі бекітеді.
Фирмаішілік аудиторлық стандарттарды үш блокқа біріктіруге болады:
- аудиторлық фирмалардың құрылымы және оның қызметін ұйымдастыру технологиясы;
- заңдар мен стандарттардың талаптарын жүзеге асыру бойынша құжаттар;
- тексеру жүргізу әдістемесі.


18.Аудиторлық процедуралар.
Аудитор тексеріс кезінде аудитор қаржылық есептілік ұйымның шынайы қаржылық жағдайын дұрыс бейнелейтіндігіне кепілдеме алу үшін белгілі бір процедуралар орындайды. Аудиторлық процедуралар деп аудиттің әрбір сатысында қандай да бір куәлік түрлерін жинау ерекшеліктерінің нақты нұсқаулықтарын айтады. Дәлелдеулер жинау барысында аудитор келесі процедураларды қолдануы керек:
· Нақты тексеріс,
· растау,
· құжаттық тексеріс,
· қадағалау, сұрау,
· механикалық дәлдікті тексеру,
· талдау тестілері,
· сканерлеу,
· зерттеу,
· арнайы тексеру,
· сараптау,
· қарсы тексеру және басқалары.
Аудиторлық процедуралар екіге бөлінеді: бақылау тесті, мәндік процедуралар.
Бақылау тесті ұйымның жарамдылығы ішкі бақылау мен бухгалтерлік есеп жүйесінің қызмет етуінің тиімділігі туралы аудиторлық дәлел алу мақсатында алынатын тесттер. Мәндік процедуралар қаржылық есеп берудегі қателіктер мен заң бұзушылықтарды анықтау үшін алынатын тестер. Олар екіге бөлінеді:
1. операциялар мен шоттар қалдығының өлшемдік тестері
2. аналитикалық процедуралар




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет