19. Аудиторлық дәлелдер және олардың түрлері. Аудиторлық тексеру барысында аудиторлармен жинақталып талданған аудиторлық қорытынды жасауға мүмкіндік беретін ақпарат аудиторлық дәлелдер деп аталады. Қаржылық есеп берудің дұрыстығы жөнінде аудитор өзінің негізделген пікірін білдіруі үшін бақылау тесті мен мәндік процедуралар сияқты процедураларды пайдалана отырып қажетті аудиторлық дәлелдер жинайды. Олар:
Аудит бағдарламасын түзуде аудиторлық дәлел жинау үшін қандай аудиторлық процедуралар және қандау көлемде орындалатынын анықтап алу керек. Аудиторлық дәлелдерге талаптар 500-ші аудиторлық дәлелдер деп аталатын халықаралық аудит стандарттарымен реттеледі. Аудиторлық дәлелдердің келесідей түрлері болады: ішкі, сыртқы, аралас.
Ішкі дәлел аудиттелетін ұйымнан ауызша немесе жазбаша түрде алынатын ақпарат.
Сыртқы дәлел үшінші тұлғадан аудиторлық ұйымның сұрауы бойынша алынған жазбаша түрдегі ақпарат.
Аралас дәлел аудиттелетін ұйымнан жазбаша немесе ауызша алынып үшінші жақтың жазбаша түрде растаған ақпараты.
20. Еңбекақыдан ұсталынатын ұсталынымдар дұрыстығының аудиті. Еңбекақыдан ұсталымдарды тексеру:
Кәсіпорын жұмысшыларынан ұсталымдар бюджет бойынша салықпен есеп айырысу, аналитикалық шоттарының мәліметтері бойынша еңбекақыны төлеу ведомостілерін салыстыру;