«Аудит» пәні бойынша емтихан жауаптары. ҚР-да экономикалық бақылауды ұйымдастыру


Жұмыс атқарылмаған уақыт бойынша төлемдер аудиті



бет30/42
Дата11.06.2022
өлшемі116,76 Kb.
#146413
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   42
Байланысты:
Е-332 Аудит емтихан жауаптары (1)
3144357494, 3144357494
47. Жұмыс атқарылмаған уақыт бойынша төлемдер аудиті.
Толық ай істемеген шаруашылық субъектісінде, құрылыс ұйымдарында жаңадан іске қосылған шаруашылық субъектісінде, сондай – ақ маусым мен жұмыс істейтін шаруашылық субъектісінде жұмысшылар мен қызметкерлердің ай бойы орташа саны есеп беретін айдағы шаруашылық субъектісінің жұмыс істеген күндеріндегі (демалыс және мейрам күндерін қоа есептегенде) жұмысшылар мен қызметкерлердің санының қосындысын сол айдағы күнтізбелік күн санына бөлу арқылы алынады.
Орташа шамалы көрсеткішті табу үшін жұмысшылар мен қызметкерлердің құрамдық тізімдік санынан жұмысшылар мен қызметкерлердің кейбір категорияларына жататын адамдардың санын алып тастау керек. Ондай жұмысшылар мен қызметкерлердің қатарына жататындар:
1. Жүкті және босануға байланысты демалыстағы әйелдер, сондай – ақ бала асырап алған әйелдер;
2.Заңда қаралған жасқа дейін баланы қарауға демалыс алған әйелдер (ер адамдар);
3.Оқу демалысындағы еңбекақылары түгел, жартылай сақталған немесе сақталағанжұмысшылар мен қызметкерлер, сондай – ақ жоғары және арнаулы оқу орындарына түсугеемтихан тапсыр үшін еңбекақысы сақталмай жіберілген жұмысшылар мен қызметкерлер;
4. Әкімшіліктің ынтасы бойынша еңбекақысы сақталмайдемалысқа кеткен жұмысшылар мен қызметкерлер және басқалар;
5. Орташа еңбекақыны табу үшін есепке алынатын жұмысшылар мен қызметкерлер санын анықтауға, олардың қатарынан нақтылы жұмыс істегеніне қарай пропорционалды түрде күніне немесе аптасына толық жұмыс істемейтін жұмысшылар мен қызметкерлер кіргізіледі. Алдымен жұмыс істеген адам/күні табылады. Ол үшін жұмысшылар мен қызметкерлердің барлық жұмыс істеген сағатын, белгіленген жұмыс күнінің ұзақтығына бөлінеді. Содан кейін барлық жұмыс істеген сағатын, күнін, айлық номенклатураға бөлу арқылы жұмыс істейтін жұмысшылар мен қызметкерлер табылады.
6.Орташа еңбекақы есептеу үшін есепке алынатын жұмысшылар мен қызметкерлердің құрамына үйде отырып жұмыс істейтін жұмысшылар мен қызметкерлер кіреді. Олардың саны сол жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген айлық еңбекақыны, сол шаруашылық субъектісінде негізгі қызметті атқаратын жұмысшылар мен қызметкерлердің сол айдағы орташа еңбекақысына бөлу арқылы анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет