«Аудит» пәні бойынша емтихан жауаптары. ҚР-да экономикалық бақылауды ұйымдастыру


Аудиторлардың қызмет көрсетуден бас тартуы



бет29/42
Дата11.06.2022
өлшемі116,76 Kb.
#146413
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   42
Байланысты:
Е-332 Аудит емтихан жауаптары (1)

46. Аудиторлардың қызмет көрсетуден бас тартуы.
Бiлiктiлiк комиссиясы аттестациялаған және аудиторлық қызметпен айналысуға бес жыл мерзiмге бiлiктiлiк куәлiгi берiлген адам аудитор бола алады.
Аудиторлар кәсiпкерлiк қызметтiң субъектiлерi ретiнде өз қызметiн жеке дара тәртiбiнде немесе мамандандырылған аудиторлық ұйымдар (фирмалар) арқылы атқара алады. Аудиторлар мен аудиторлық фирмалар бiрлестiктердiң әр алуан түрiн құра алады. Аудиторлар мен аудиторлық фирмалар мемлекеттiк органдар мен өздерiне тапсырыс берушiлерiмен тәуелсiз болады.
Аудиторлар мен аудиторлардың көмекшiлерi, ғылыми немесе оқытушылық қызметпен айналысатын адамдардан басқасы мемлекеттiк органдар мен қоғамдық ұйымдарда қызметке тұра алмайды.
Пайдакүнемдiк қылмыстары үшiн сотталған адамдардың аудиторлық iспен айналысуына жол берiлмейдi.
1. Аудиторлық ұйым жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң ұйымдық-құқықтық нысанында құрылады.
2. Шетелдік ұйым, егер оның мәртебесін өзі резиденті болып табылатын елдің кәсіби ұйымы растаса, аудиторлық ұйым деп танылады.
Шетелдік аудиторлық ұйымның мәртебесін растайтын кәсіби ұйым Халықаралық бухгалтерлер федерациясының мүшесі болуға тиіс.
Шетелдік ұйым, егер оның мәртебесін өзі резиденті болып табылатын мемлекеттің құзыретті органы растаса да, аудиторлық ұйым деп танылады.
3. Шетелдiк аудиторлық ұйымдар Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметтi тиiстi аудиторлық ұйымдарды - Қазақстан Республикасының резиденттерiн құрған жағдайда ғана жүзеге асыра алады.
4. Аудиторлық ұйымның құрамындағы аудиторлардың саны екі адамнан кем болмауға тиiс.
5. Аудиторлық ұйымның жарғылық капиталында аудиторға (аудиторларға) және (немесе) шетелдік аудиторлық ұйымға (ұйымдарға) тиесiлi үлес жүз процент болуға тиiс.
6. Аудиторлық ұйым басшысының "аудитор" деген бiлiктiлiк куәлiгi болуы мiндеттi.
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес лицензиясынан айырылған аудиторлық ұйымға бұрын жетекшілік еткен аудитор лицензиядан айыру туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап бір жыл бойы басқа аудиторлық ұйымның басшысы бола алмайды.
7. Қазақстан Республикасының аумағында аудиторлық қызметтi жүзеге асыратын аудиторлық ұйым басқа аудиторлық ұйымның - Қазақстан Республикасы резидентiнiң қатысушысы бола алмайды.
8. Қазақстан Республикасының аумағында филиал құрған жағдайда, филиал басшысының "аудитор" деген бiлiктiлiк куәлiгi болуы мiндеттi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет