2. Талдамалық (аналитикалық) процедуралар Талдамалық (аналитикалық) процедуралар. 520-шы Халықаралық аудит стандартына сәйкес талдамалық процедуралар - маңызды коэффициенттерді және тенденцияларды, олардан туындайтын басқа релеванттық ақпараттармен дәйекті (бірізді) емес немесе жобаланған сомадан өзгеше өзгерістер мен өзара байланыстарды зерттеулермен қоса алып талдауды білдіреді.
Талдамалық процедураларды қолданудағы негізгі мақсат - болашақ тәуекелдікті (қауіпті) анықтауға мүмкіндік беретін ерекше фактілердің және шаруашылық қызметтің нәтижелерінің нақты барын анықтау болып табылады. Олар бухгалтерлік жазуларды талдауды қарастырады.
Талдамалық процедуларды аудит өткізудің барлық кезеңдерінде (сатыларында) орындау керек:
аудит жүргізудің бас кезеңінде қандай операцияларды толығырақ зерттеу керектігі жөнінде шешім қабылдау үшін;
тікелей аудит жүргізу кезінде, яғни аудитор талдамалық процедураларды басқа аудиторлық процедуралармен (ішкі бақылау жүйесіне тест жүргізу, шаруашылық операцияларын тікелей объектіге қатысты тексеру және т.б.) байланыстыра отырып орындаған кезде. Бұл бухгалтерлік қорытынды есептегі ерекше ауытқуларды зерттеу кезінде өте тиімді;
аудитті аяқтау кезеңінде талдамалық процедуралар қорытынды есептегі маңызды бұрмалаушылықтың барын немесе басқа қаржы - басқару мәселелерін соңғы тексеру ролін атқарады.
Талдамалық процедураларды жүзеге асыру кезінде салыстырулар пайдаланылады және дайындап тапсырылған қаржылық қорытынды есептің дұрыстығын бағалауға мүмкіндік беретін өзара байланыстар анықталады.
Кейбір жағдайларда талдамалық процедуралар есептеулерді немесе ары қарай тексеру жүргізу қажеттілігін анықтау үшін кеңірек зерттеуді керек ететін шаруашылық операцияларын айқындау үшін де пайдаланылады.
Талдамалық процедуралар үшін пайдаланылатын ақпараттар – олар, аудитордың өзі жасаған есептеулері.