Ұсынылатынәдебиеттер тізімі 1. Қазақстан Республикасының «Аудиторлық қызмет туралы» Заңы,20.11.1998ж. № 304-I(2014.10.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
2. Абленов Д.О. Аудит. Оқулық. Алматы: Экономика, 2005
3. Әжібаева З.Н., Байболатова Н.Ә., Джумагалиева Ж.Г. Аудит. Алматы: Экономика, 2006.-603.
4. Шарипов А.Қ. Аудит: оқу құралы - Алматы: Экономика, 2010.-287.
1. Аудиторлық процедуралар Аудиторлық процедуралар деп - аудит өткізу кезінде дәлелдеулер жинау әдістерінің жиынтығын айтады. Клиент тарапынан аудитордың алдына әртүрлі міндеттер қойылуы мүмкін болғандықтан, дәлелдеулер алу үшін қандай да бір процедураларды қолданбас бұрын, мақсатты айқындап оны негіздеу қажет.
Нақты мақсаттар. Мысалы, дайындап тапсырылған қаржылық қорытынды есептің дұрыстығы мен әділеттілігін бағалау емес, жасалынған басқару шешімдерінің пайдалалығын немесе жасалынған келісімнің тиімділігін анықтау талап етіледі.
Глобалды (күрделі) мақсаттар да болуы мүмкін: меншіктің сақталуын анықтау және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау; жалпы өндірістің де, жекелеген өнімдердің де рентабельділігін бағалау; кәсіпорынның төлей алу қабілетін ағымдағы мерзімге ғана анықтап қоймай, келешекке де болжам жасау және т.б.
Мақсат таңдалғаннан кейін тексеру жүргізудің ерекшеліктерін, яғни қандай процедуралар талап етілетіндігін анықтау қажет - сәйкестікті айқындау тәсілдері немесе тікелей объектіге қатысты тексеру жүргізу процедуралары (тестілер). Бұл ары қарай дәлелдеулер алудың тәсілдері мен әдістерін анықтауға мүмкіндік береді. Ондай процедураларды жасау кезінде қойылатын жалпы талап - тәуелсіздік.
Тестілердің (процедуралардың) арасындағы айырмашылық төмендегілерден тұрады:
сәйкестікке қатысты жүргізілетін тестілер шаруашылық операцияларының орындалуы кезінде заң талаптарының сақталуын анықтайды;
тікелей объектіге қатысты тексеру жүргізу тестілерінде қатені анықтау мақсатында әрбір операцияның мазмұны егжей-тегжейлі қарастырылады.