Сабақтың тақырыбы: «Үгілмелі қамырдың дайындау технологиясы»



бет1/5
Дата03.02.2017
өлшемі1,56 Mb.
#8637
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Технология пәніне арналған

күнделікті сабақ жоспары


Өтетін күні: ___________ Сыныбы:____________



Сабақтың тақырыбы: «Үгілмелі қамырдың дайындау технологиясы»

Мақсаты:

1.Білімділік: Оқушыларға қамырдан жасалған тағамдар түрімен, дайындалу ерекшеліктері жөнінде түсінік беру.

2.Дамытушылық: Оқушылардың тамақ пісіруге деген қызығушылығын, қабілеттерін, аспазшылық кәсіби шеберлігін шыңдау.

3.Тәрбиелік: Оқушыларды іскерлікке, ұқыптылыққа, тазалыққа, кәсіптік бағдар беруге тәрбиелеу.



Сабақ типі: жаңа материалды игеру сабағы

Сабақ түрі: аралас, дәстүрлі

Қолданылған технология: жобалау технологиясы

Оқыту әдістері мен тәсілдері : даралап-саралап оқыту, топқа бөліп оқыту,жұптық жұмыс, пікір алмасу, баяндау, қайталау,тест, жұмбақтардың шешуі.

Корнекіліктер мен құрал-жабдықтар:_ үгілмелі қамыр әзірлеуге қажет құрал жабдықтар,дәптер ,оқулық, печенье, пирог, торттар туралы слайдтар

Сабақ жоспары:

1.Ұйымдастыру кезені

2. Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі

3.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

4 Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

5.Сарамандық жұмыс

6. Жаңа материал бойынша түсінгендерін зерттеу кезеңі

7. Бекіту кезеңі

8. Үйге тапсырма беру, оқушылар білімін бағалау кезеңі

9.Жұмыс орнын жинақтау.

1. Ұйымдастыру кезені

  1. Кабинетті, тақтаны сабаққа дайындау;

  2. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру;

  3. Арнаулы киімін тексеру;

  4. Құрал-жабдықтар мен материалдарды тарату;

  5. Сабақтың мақсаты мен тақырыбын айту;

  6. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру


2. Өткен материалдар бойынша

білімдерін тексеру кезеңі:(Тексерудің әдіс-тәсілі)-тест арқылы

1. Кондитер бұйымдарының құрамы қандай?

2. Кондитер бұйымдарына нелер жатады?

3. Қамырдың түрлері қандай болады?

4. Құймақ, оладий, бисквит әзірлеу үшін қандай қамыр керек?

5. Қарапайым тұщы қамырдан нелер дайындалады?

6. Тұщы қамырды әзірлеу үшін қандай қоспалар керек?

7. Құймақ дайындау үшін қандай ұнды пайдаланады?

8. Құймақтың дайындалу технологиясын кім айтады?

3. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: :(Тексерудің әдіс-тәсілі)

Жобалау технологиясының 1 дейгей

Ұннан жасалған кондитер бұйымдар туралы мәлімет жинау,зертеу,баяндама жасау

Ұн, қант, май, жұмыртқа сөздерін орысша және ағылшын тілдеріне атау

Жауабы: Ұн – мука – flour , Қант – сахар – shugar , Май – масло – butter

Жұмыртқа – яйцо – egge

4. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:(Түсіндірудің әдіс-тәсілі)

Сабақтың тақырыбы : «Үгілмелі қамыр әзірлеу»

Жоспары:

1. Үгілмелі қамырдан дайындалатын тағам түрлері

2. Үгілмелі қамыр дайындау рецептурасы

3. Үгілмелі қамыр дайындау тәсілдері

Жаңа сабаққа кіріспес бұрын бәріміз мына жұмбақтарға назар аударайық.

  • Бір құдықтың екі түрлі суы бар,

Қайнатса екеуі де мұзға айналады. (жұмыртқа)

  • Жатып қарасам екеуі де аппақ,

Татып қарасам тәтті – ақ. (қант)

  • Суықта мұз болып қатады,

Ыстықта балқып жатады. (май)

  • Ақ тікенді бүктедім,

Көк есекті жүктедім. (астық)

Жұмбақтардың шешуі – біздің бүгінгі сабағымызда дайындалатын тағамымыздың құрамына қосылатын азық – түліктер екен. Қане, балалар кім айтады? Үгілмелі қамырдан қандай тағамдар дайындалады? Сонымен балалар«Өнерлі қол – бақытқа жол» деп біздер сіздермен сабақта үгілмелі қамырдаң жасалған кондитер бұйымдарымен таныстық.

5.Сарамандық жұмыс(Техниқалық, тазалық ережедерін еске түсіру, инструкциялық карталар тарату)-бізді «кулинария кабинет» жоқ,сондықтаң теория ретінде оқыймыз.

ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕСІҢ қайталайық:

1. Қызып тұрған кәстрөлдерді немесе басқа да ыдыстарды үстелдің шетіне қоюға болмайды.

2. Қызып тұрған ыдыстың тұтқасын арнайы тұтқышпен ұстау керек.

3. Қолың суланған болса, разеткаға, іске қосылып тұрған электр аспаптарына жақындама.

4. Үйден шығар кезде барлық электр аспаптарын сөндіруді ұмытпа.

5. Газ белгілі бір себептермен шыға бастаса, оны тез арада жабу керек те, терезе мен есікті ашып, бөлменің ауасын тазарту керек. Мұндай жағдайда электр аспаптарын қосуға, сіріңкені тұтатуға болмайды.

«Үгілмелі қамырдың дайындау технологиясы»туралы слайдтарды

Қөреміз.

6. Жаңа материал бойынша түсінгендерін зерттеу кезеңі:

(Зерттеудің әдіс-тәсілі) сүрақ-жауап- топпен жұмыс



«Үгілмелі қамырдың дайындау технологиясы»туралы слайдтардың қорытындысы:

1 топка сұрақ: үгілмелі қамырдың құрамы?Атап шық.

2 топка сұрақ: неше дайындау тәсілі бар? Атап шық.

Екі топка сұрақ: қандай тағамдар үгілмелі қамырдаң дайындайды?

7.Бекіту кезеңі:(Бекіту әдіс-тәсілі) жұптық жұмыс-бірің бірі тексереді.
Сонымен балалар бүгінгі сабақта үгілмелі қамырдан дайындалатын тағамдарды, оның екі түрлі тәсілімен таныстық. Жаңа сабақ бойынша сұрақтарың бар ма? Олай болса сіздерге жаңа сабақ бойынша сұрақ.

  • Үгілмелі қамырдан қандай тағамдар пісіреді?

Жауабы: пирог, торт, бәліш, печенье т.б.

  • Үгілмелі қамырды неше тәсілмен әзірлейді?

Жауабы: 2,4,3 тәсіл

  • Пирожный тағамы қандай өнеркәсіпте дайындалады?

Жауабы: Кондитер , жеңіл өнеркәсібі

  • Үгілмелі қамырдан дайындалатын тағамдардың құрамына қандай азық-түліктер қажет?

Жауабы: Ұн, қант, сары май, жұмыртқа

  • Үгілмелі қамырдан жасалатын бұйымдар қандай температурада піседі?

Жауабы: 180 – 2200 С

  • Торт, печенье, тоқаш, бәлішті қандай сортты ұннан дайындайды?

Жауабы: Жоғары сортты

  • Қамырға қосылатын жағымды иісі бар ақ түстес кристалл ұнтақ ?

Жауабы: ванилин

8. Үйге тапсырма беру, оқушылар білімін бағалау кезеңі:

Үгілмелі қамыр түрлерінен тағам дайындап үйрену

Топ жетекшілері «Бағалау парағы» бойынша оқушыларға бағаларын айытып шықсын.
9.Жұмыс орнын жинақтау.

.


Балық және теңіз өнімдерінің құндылығы туралы түсінік. Қазақстан халықтарының дәстүрлі тағамдары.Балықтың бірінші өндеу жұмыстары.Балықты жылумен өндеу әдістері. Балық және теңіз өнімдерінің шикі заттарды дайындау.

Дастархан жабдықтау түрлері. Жабдықтауға қажетті заттар.Мерекелік дастарханға сүлулықты бүктеу түрлері.Қонақжай дастархан.( қазақ халықының салт-дәстүрі).Этикеттің ережелері.

Қамырдан жасалған бұйымдар.Қамырдың түрлері.Тұщы және ащытқылы қамырдар.

Үгілмелі қамырдың дайындау технологиясы

4сабақ 7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Ұн өнімдерінен жасалатын тағамдар. Ашытқылы және ашытқысыз қамыр

Сабақтың мақсаты:



Білімділік: Оқушылардың білік дағдыларын қалыптастыру, тақырып мазмұнын меңгерту. Оқушылардың іс-әрекетін белгілі бір мақсатқа жүйелеу, бағыттау. Тағамдардың ағзаға әсерін жете түсіну, талдауға үйрету. Ғылыми ізденіс жасауға баулу, тиянақты білім беру.

Дамытушылық: Оқушылардың өзіндік жұмыс барысының әр кезеңдеріндеізденуге, зерттеуге, талдауға, сараптауға, сыни ойлауға, салыстыра білуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу.

Тәрбиелік: Тағам жасаудың тәсілдерін үйрету барысында тазалық пен ұқыптылық, инабаттылыққа баулу, кәсіптік бағдар беру

Сабақтың әдісі: аралас сабақ

Көрнекілігі: интерактивті тақта, кондитер бұйымдарын дайындауға қажетт

құрал-жабдықтар

Пәнаралық байланыс: математика, биология, физика, химия

Сабақты жаңа технология элементтерін пайдалана отырып «Блум жүйесі» бойынша өткіземін. Әуелі сынып қыздарын екі топқа бөліп аламын.

І. Ұйымдастыру: Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау :Ұннан кондитер бұйымдарын пісіру

ІІІ. Білімді жан-жақты тексеру

І деңге «Сұрақ бізден, жауап сізден»

Үйге берілген тапсырма бойынша екі топ бір-біріне сұрақтар қою арқылы жауап береді.

1) Ұнның дымқылдығы қалай анықталады?

2) Ұнды електен өткізудің маңызы неде?

3) Жоғары сортты ұннан қандай кондитер бұйымдары дайындалады?

4) Екінші сортты ұннан қандай кондитер бұйымдары дайындалады?

5) Кондитер бұйымдарын жасау үшін қандай қоспалар қажет?

6) Тамақ содасы не үшін қолданылады?

7) Ванилиннің маңызы қандай?

8) Қамыр қалай ашытылады?

Ашытылған қамыр дайындау үшін келесі қойылған талаптарды орындау қажет: а) ұнмен ашытқының сапасы – ұн ылғалдығы бірқалыпты, бөтен иісі жоқ болуы тиіс. Ұнның ылғалдығын қолмен сығымдау арқылы біледі, егер ұн қолмен қысқан кезде түйіршектелмей, есіліп тұрса, онда оның ылғалдығы жақсы деп есептеледі. Ашытқы жеңіл үгітіліп, оның өзіне тән түсімен иісі болуға тиіс.

ә) ашытқы мен сүт қышқылды бактерияларды әзірлеуге арналған шарттар.

Қамырды салқын ұннан илеуге болмайды. Ашытқыны езіп, қамырға араластырып, 25 – 30 температурада көтерілгенше ұстайды. Қамырды ашыту кезінде оны қақпақпен емес, таза сүлгімен жапқан дұрыс.

Енді ашытқылы қамырды дайындау технологиясын қарастырайық.

1. Қамырды илеу – ұнды илеп, тұз, қант, ашытқы, жылы сүт, су қосады.

2. Қамырдың ашуы – ашытқы қантты ашытып спирт пен көмірқышқыл газы түзеледі. Пісіру кезінде спирт ұшып кетеді.

3. Қамырды толықсыту – пісіру алдында қалпына келуі үшін қамырды жылы жерде бірнеше минут ұстайды.

4. Ұсақ өнімдерді пісіру 10-12 минут, ірі өнімдерді пісіру 45 – 60 минут, пісіру температурасы 200 – 250 С.

Ал енді ашытылған қамырдан картоп салынған бәліш дайындайық.



Сарамандық жұмыс

Қажетті ыдыс-аяқтар: – қамыр илеу үшін табақ, азық-түліктерді турайтын

тақтайша, электр духовкасы немесе таба.

Азық түлік: 1 кг – ұн, 1 стакан су, 4 ас қасық күнбағыс майы, 1- жұмыртқа.

Салма үшін – 1 кгкартоп, 1 – бас үлкен пияз, 50 гсары май, тұз, ұнтақталған қара бұрыш.
Жұмыс барысы:

Салманы дайындау

1. Пиязды аршып, ұсақтап турап, сарымайда алтын түстес болғанша қуыру.

2. Аршылған картопты пісіру.

3. Суын төгіп, картопты езу, қуырылған пиязды қосу.

4. Бұрыш, тұз қосып араластыру.

5. Бөлме температурасына дейін салқындату.

Қамырын дайындау үшін

1. Ұнды илеу.

2. Ұнға араластырылған ашытқыны, су, сүт, жұмыртқа, қант, тұз, майды

қосып, бостау етіп қамыр илейді,

3. Дайын қамырды кішкентай күлшеге бөліп, жұқалап жайып, ортасына

салма салып бүгеді.

4. Бәлішті майлаған қаңылтыр табаға салып, толықсытуға қояды.

5. Жұмыртқаны араластырып, бәліштің бетіне жағып қояды.

6. Нан пісіруге арналған шкафта 200-250С температурада 10 – 12 минутқа

қойып пісіреді, немесе сұйық майға қуырады.

Дайын піскен бәліштің дәмін көру, жетістіктерін талқылау

IV. Сабақ қорытындысы: а) Әрбір оқушының жұмысын бағалау. Баға қою

ә) Үй тапсырмасын беру: Тамақ әзірлеу



технологиясы бойынша реферат дайындау.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет