Қарақия ауданы, Мұнайшы селосы №7 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Арызгулова Марфуганың математика пәніне арналған
қысқа мерзімді жоспары
Сабақтың атауы
Қосу меен азайту өзара кері амалдар
22.10.2014ж
Сілтеме
Кесте « Өлке» баспасы.
Жалпы мақсаттар
АКТ, СТО технологиясының стратегияларын ықпалдастыра отырып,қосудың орын ауыстырымдылығы туралы түсініктерін пысықтау,Оқушыларды қосу мен азайтудың өзара кері амалдар екенінмысалдар арқылы түсіндіру. Қосынды мен айырманы және олардың компоненттерін меңгертуді жалғастыру. Математика пәніне қызығушылығын арттыру есептеу, логикалық ойлау әрекеттерін дамыту, ойларын дәлелдеуге бейімдеу, белсенділік танытуға дағдыландыру
Оқыту нәтиежесі
Қосудың орын ауыстырымдылық қасиеті туралы түсінік қалыптасады. Қосу мен азайтудың өзара кері амалдар екеніне көз жеткізеді.Олардың оқылуы мен атауларын меңгереді. Математика пәніне қызығушылықтары артып, есептеу, логикалық ойлау әрекеттері дамиды.Өз ойларын дәлелдеуге бейімделеді, сабақ арысында белсенділік танытуға ұмтылады.
Негізгі идеялар
2+1═3 3-2═1
1+2═3 3-1═2
Қосу мен азайту өзара кері амалдар
Тапсырмалар
тапсырма
Тапсырмадағы суреттер бойынша қосу мен азайтудың кері амалдар екенін үш үйректің суреті арқылы сюжет бойынша есептер құрастырып, дәлелдеп түсіндіру.