Аудит теориясы тақырып. Аудиттің пайда болуы мен дамуы – сағ



бет1/38
Дата07.02.2022
өлшемі85,2 Kb.
#86268
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Байланысты:
Лекции


«АУДИТ» ПӘНІНЕН ДӘРІС МАТЕРИАЛДАРЫ


МОДУЛЬ 1. АУДИТ ТЕОРИЯСЫ


1 тақырып. Аудиттің пайда болуы мен дамуы – 1 сағ.


1. Аудит ұғымы және оның даму кезеңдері
2. Аудиттің мақсаты мен міндеттері


1. Аудит ұғымы және оның даму кезеңдері
Аудит термині осыдан екі мың жыл бұрын «audio» деген латын сөзінен шыққан, аудармадағы мағынасы «ол естиді» немесе «естуші» дегенді білдіреді.
Еуропаның көптеген елдеріндегі мемлекеттік басқару мен шаруашылық қызмет салаларында лауазымды тұлғалардың ауызша есеп беруін тыңдаушы қызметкерді аудитор деп атаған.
Есеп берудің бастапқы ауызша түрі көптеген адамдардың сауатсыз болуына байланысты қолданылған, сөйтсе де орта ғасырдағы адамдар есеп берудің ауызша түрі жазбашадан да жақсы болады деп есептеген.
Олардың ойынша кез келген құжатты қолдан оңай түзей салуға болады, ал бақылаушы-аудитордың көзіне тура, тік қарап тұрып өтірік айту мүмкін емес немесе өте қиын, деп санаған.
Арнайы әдебиеттерде аудиттің пайда болу кезеңі өзгеше әрі қарама-қайшылыққа толы. Бір автордың айтуынша, есеп берудегі мәліметтердің дұрыс көрініс табуын жасау және бақылау біздің дәуірімізге дейінгі ІV мыңжылдығынан басталады.
Сонымен бірге, Ніл, Тигр және Евфрат өзендерінің жазықтарындағы Таяу Шығыстағы ежелгі өркениетте жоғары дәрежеде ұйымдастырылған мемлекет құрылып, шаруашылық қызмет жүргізілді, үкімет өнім, мүлік, салық жинау, орындалған жұмыс, қазынаны толтыру және кіріс пен шығыс есептемерімен айналысты.
Бақылаудың әр түрі жүзеге асырылды, оның ішінде аудит те бар. Мұндағы мақсат – қателіктерді азайту және шенеуніктер тарапынан алдау әрекеттеріне жол бермеу.
Бірқатар бақылау түрлері сол уақытта Библияда (Інжілде) да суреттеледі. Онда мүлікті екі жақты күзету, адал қызметкерлерді жалдау, міндеттерді бөлісу мәселелері баяндалады.
Ревизиялық қызмет Вавилон, Мысыр, Рим, Қытай және Греция сияқты антикалық елдерде де болған.
Мысалы, ежелгі Мысырда (біздің дәуірімізге дейінгі 3400-2400 жж.) мүлікті түгендеу кезең сайын, ал шаруашылық операцияларын бақылауды үш адам жүзеге асырған. Оның біреуі не нәрсе берілді, соның санын папирусқа белгілеп отырса, екіншісі нақты босатуларды жүзеге асырған, ал үшіншісі ауытқуды анықтау үшін берілген мүліктердің немесе өнімдердің санын нормамен салыстырып отырған.
Ресурстардың қозғалысы мен болған оқиғалар бойынша операциялар қатаң тәртіппен құжатталып отырған, тікелей орындаушылар мен қатысушылардан тәуелсіз жүзеге асырылатын шаруашылық процестерін бақылау осылай пайда болған.
Есепті жүргізу бойынша арнайы заңнама алғаш рет Вавилон мемлекетінде пайда болған.
Хаммурапи заңы (біздің дәуірімізге дейінгі 2200-2150 жж.) көпестерге дербес есеп жүргізуді, ал храмға – мемлекеттік есепшілікті жүргізуді әмір етті, ақшаны қолхатсыз беру жарамсыз деп саналған.
Чжоу династиясы басқарған уақыттағы көне Қытайда (біздің дәуірімізге дейінгі 1122-256 жж.) есептің мемлекеттік жүйесі, оның ішінде барлық үкімет департаменттерінің мұқият әзірленген бюджеті мен аудиті жүзеге асырылды.
Шаруашылық қызметтің дамуы есептің сапасы мен есеп берудің шындыққа жанасымды болуының жаңа бақылау формасын талап етеді.
Англияда аудиторлық қызмет алғаш рет 1299 жылы пайда болды, ал 1324 жылдың 24-інші наурызында король Эдуард ІІ, үш мемлекеттік аудиторды тағайындайды.
Тағайындау туралы жарлықта аудиторды Оксфорд, Беркенхед, Уэльс провинцияларындағы барлық есепшотты тексеруге, оларды тыңдауға, олардан сұрауға және есепшоттарды жүргізуде барлық кемшіліктерді белгілеп отыруға міндеттейді.
ХІІ ғасырдан бастап Англия мен Шотландия, Италия, Франция және Еуропаның басқа елдерінің Қазынашылық мұрағаттарында (архив) аудиторлық қызмет туралы мағлұмат жиі ұшырасады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет