Аудит теориясы тақырып. Аудиттің пайда болуы мен дамуы – сағ


Аудиттің негізгі қағидалары



бет4/38
Дата07.02.2022
өлшемі85,2 Kb.
#86268
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Байланысты:
Лекции

2. Аудиттің негізгі қағидалары
Аудиторлық қызмет аудиттің негізгі қағидаларын сақтау негізінде жүргізіледі:
1. Ғылыми негізділігі. Аудиттің ғылыми негізі оның методологиясының диалектикалық әдісімен дамиды. Аудит жұмысының барлық мәліметі, тұжырымы ғылыми жолмен анықталған, дәлелденген болуы қажет.
2. Объективтілік. Аудитор өз жұмысында шыншыл, адал әрі тура, ойын ашық айтатын болуы тиіс.
3. Дербестілік. Қоғам тану жолында аудитордың статусы оның өз бетінше дербестігі деп танылған. Оған себеп ол біріншіден, тапсырушыға тәуелді емес, өйткені ол одан төлем алуына алдын ала келісіп қояды, екіншіден, оның жұмысын мемлекеттік аудит заңы мойындайды, үшіншіден, тапсырушы мен аудитордың түпкі мақсаты бір. Олар өзара келісім-шарт бойынша анықтайтыны тек қана шындық.
4. Мамангершілік. Аудит жұмысын өте жоғары деңгейдегі мамандар жүргізуі қажет, ол теориялық және практикалық жағынан өте білімді маман болуы қажет. Ол арнайы аудит әдістерін жақсы білуі керек.
5. Құпиялылық. Аудитор өз жұмысының құпиялылығын сақтауға міндетті. Үшінші жаққа өз ақпараттарын ерекше жағдайда ғана хабарлауға, тапсырушымен жазбаша келісім жасау арқылы беруге құқылы.
6. Жеделділік. Аудитордың жеделдігі - ол өз жұмысының тез, тиянақты орындаудан тапсырушыға аудит материалын уақытылы тапсыруы.Аудиттің тез, жедел жүргізілуіне екі түрлі себеп бар. Біріншісі, аудит жүргізу уақытысы нақты белгіленгендіктен, екіншіден, аудит үшін төлем сол жұмыс уақытысымен есептелінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет