Сабақтың атауы Қытай ертегісі «Сары ләйлек» Сілтеме
Дата 08.09.2017 өлшемі 69,67 Kb. #31612 түрі Сабақ
Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні , сыныбы, мектебі
Алимова Кундуз Сагынбаевна 3-сынып Оқушының саны -16
СҚО, Уәлихан ауданы,
Кішкенекөл селосы.
Кішкенекөл мектеп - гимназиясы
3 - Апта
17.04.2014.
2-сабақ. 14.50-15.35 №204дәрісхана
Сабақтың атауы
Қытай ертегісі «Сары ләйлек»
Сілтеме
Б.И. Иманбеков, П.Қ. Жаманқұл, З. Муфтибекова әдебиеттік оқу
3-сынып, сабақ жоспары
Жалпы мақсаты
Оқушыларды «Сары ләйлек» ертегісімен таныстырып, мазмұнын ашып түсіндіріп, талдап, түйінді шешімдер шығарып, қорғауға үйрету. Олардың ойлау, есте сақтау, байланыстырып сөйлеп, өз ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру.Оларды құстарды қорғап, аялауға, ұқыптылыққа , шапшаңдылыққа, топпен жұмыс істеп, бір-бірлерін сыйлап, пікірлерін тыңдауға баулу.
Міндеттер:
1. Оқушылардың қызығушылығын ояту.
2. Өткен тапсырмалар пысықтау.
3. Оқушылардың өздерін-өздері оқыту арқылы білім беруге ықпал жасау, сыни тұрғыдан ойлау процестері арқылы әр баланы қамтуға жағдай жасау.
4.Оқушы белсенділіктерін арттыру.
Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері
1.Оқушылардың бірін-бірі оқытуы арқылы аталған тақырыпты меңгеріп шығу.
2.Мұғалім оқуға бағыттап отыру.
3.Оқушылардың өзін және достарынының пікірлерін тыңдауға мүмкіндік жасау.
Сабақта туындаған негізгі идеялар
1.Оқушының өмірдегі біліміне , білетініне, сүйену.
2.Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңа ойлау дағдысын, мәнерін, амалдарын қалыптастыруға ықпал жасау.
3. Проблемалық сұрақтарды кайта бағыттау арқылы шешуге итермелеу арқылы СТО-ны пайдалану.
Күтілетін нәтиже
1.Ертегі мазмұнын толық түсініп, мазмұнын әңгімелеу.
2.Сабаққа деген қызығушылықты арттыру.
3. Алған білімдерін өмірде пайдалану, жаңа сабаққа үлкен қызығушылық тудыру;
Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалімнің жазбалары: Мұғалімдер немен айналысады және оқушылар немен айналысады.
Оқушыларды ұйымдастыру, сәлемдесу
Психологиялық дайындық
Жабырқауды білмейміз,
Жалқаулықты сүймейміз.
Біз талапты жас ұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан.
Сабаққа сәттіліктер тілеу, жылы лебіздер білдіру.
СТО сұрақтары
Сабақ барысында жасаған мұғалім мен оқушының іс-әрекеті
Сабақтың маңыздылығы не?
-оқушылар не алады?
-бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?
-өмірден алған тәжірибесінің әсері?
-сабақтың болашақта оқушыға қандай пайдасы бар?
-оқушыларды ой қозғау арқылы тақырыпқа әкелу
-тақырып жайлы бұрынғы білетіндерін анықтау , соған сүйену жолдарын табу
Қызығушылықты оятуға дайындық кезеңі:
Конфеттерге байланысты топтарға бөлу (ирис, шоколад, тас кәмпит)
Үйге берген тапсырма бойынша өткенді еске түсіру:
Әр топ бірлеріне тақырып бойынша жұқа және қалың сұрақтар қою.
1-топ: «Қанағат қарын тойғызады» мақалының мағынасын аш.
2-топ: Құмырсқаның қандай қасиетін, тіршілігін сипатта.
3-топ: Ертегіден не түйдіңдер?
Сын тұрғысынан ойлау үшін мүмкіндіктер
-еркін ойлауға қан-дай мүмкіндіктер жасалды?
-өздігінен ізденуге қандай мүмкіндіктер жасалады?
-әрі қарай не болатынына қызықтыру, белсенділіктерін ояту
-алатын білімінің пайдалылығына көздерін жеткізу
-білімін, ақпаратты жүйелеуге үйрету
І. Қызығушылығын ояту
Мұғалімнің сұрағы : Әр топқа құстың басы салынған суретті беру , олар әрі қарай құстың суретін шығару.
Оқушылардың пікірі: Өз ойларын айту
Мағынаны ажыра-ту сатысы (жаңа ақпарат)
-оқушыларды белсе-не қатыстыру
-стратегияларды жүйелі қолдану арқылы оқушылар-дың жұмысын ұйымдастыру (сауал қоя білу, талдау жа-сай білу, баяндау және қызу ой талқы-сын жасай білу қабі-леттерін жетілдіру жолдарын беру)
-оқушылармен бір-лесіп жұмыс жасау, қарым-қатынас шеберлігін ұтымды пайдалана білу
-оқулықтан басқа ақпараттар көзін ашу
ІІ. Мағынаны тану
Сабақтың тақырыбы: Сары ләйлек
Қытай Халық Республикасы- Шығыс және Орталық Азияда орналасқан мемлекет. Жерінің аумағы 9.6млн. км2. Халқы 1 млрд. 324млн. адам. Қытайдың батысында 1,5-2млн шамасында қазақтар тұрады.
Мәтінді түсініп оқу. (жеке, жұппен, топпен)
Мәтінді 3 топ талдау.
Ортада әр топ өз тапсырмасын әңгімелеп, қорғау
Қосымша ақпарат: Ләйлектің ақ және қара түрлері болады.
Ақ ләйлектің бірнеше жұбы тек Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облысымен шектелетін аймақтарында ғана сақталып қалған.
Қара ләйлек- оны кейде қара дегелек деп те атайды. Бұл орман құсы. Қазақстанда Алтайдан Тянь-Шаньға дейін таулы аудандарда және Сарыарқаның кейбір жерлерінде мекендейді.
Тапсырма:
1-топ:Сары ләйлек қандай құс?
2-топ: Шайхана қожайыны қандай адам?
3-топ: Мандарин қандай адам?
Тапсырма: Жеке жұмыс:Ми қандай адам? оған мінездеме беріп жазу
Тапсырма:
Сергіту сәтін өткізу
Т апсырма
1-топ: Ертегі бойынша жоспар құру
2-топ: Ертегіні өмірмен байланыстыру арқылы эссе жазу.
3-топ: Ертегі бойынша сұрақтар дайындау.
Толғаныс (рефл-я)
-сабақта үйренген-дерін бекіту, қолдану жолдарын беру
-жаңадан үйренгенін пайдалана отырып, білімін жүйелеу
жауап шешімі осыған байланысты жұмыс-тар беру арқылы түсінік деңгейін тексеру
ІІІ. Ой қорытынды
Ертегіден не түйдік? Не түсіндік?
Мұғ: Үйге берілетін тапсырмамен жұмыс түсіндіру
110-113бет мазмұндап әңгімелеу, ертегі мазмұны бойынша сурет салу
Рефлексия (кері байланыс жасау).
Бағалау (түрлері)
-оқушының өзін-өзі бағалауы
-топтың өзін-өзі бағалауы
-мұғалімнің бағалауы
-жалпы бағалау
-критерийлер арқылы бағалау
Өзін- өзі бағалау
Аты-жөні
Жұмысым ұнай ма?
Ойымды жеткіздім бе?
Белсенді қатыстым ба?
Көмегім тиді ме?
Тақырып бойынша не істедім?
Қызық-ты болды ма?
Нешеге бағалай-мын?
Сабақты аяқтау түрлері
-бір пікірге келу...
-өз пікірін дәлелдеу...
-үйде жалғастыру...
45 мин. Сабақтың соңы
Достарыңызбен бөлісу: