Ауғанның асуында от кешкендер



бет5/5
Дата01.03.2023
өлшемі29,36 Kb.
#170626
1   2   3   4   5
Байланысты:
Документ Microsoft Office Word
base offer 1018995 3029753 20210928172129, 0007a525-538255b9, OHDDEJAAQVPS21102022153751, Оң қол. Төлен Әбдік, nanananna, 1-лек коркем, 1) 1 деңгей
Сұхбаттасу
Оқушыларды толғандырып жүрген сұрақтар бар шығар ,олай болса кезекті оқушыларға берейік. Оқушылардың сұрағы:
- Сіздің Ауғанстанға аттанғаныңызды тума –туыстарыңыз білді ме?
- Ауған жерінде болғанда ауғандықтардың қандай екенін байқадыңыз?
- Сіз Ауған соғысы туралы фильмдерді көргенде шындыққа жанасатындары бар ма?
- Сіздермен шақырылған жігіттердің қаншасы елге оралмады? 
- Соғыстың алдында сіздерге жаттықтыру істерін жүргізді ме? Әлде қару беріп жібере салды ма?
- Сіздерге үкімет тарапынан қандай көмек көрсетіліп отыр?
- «Қара майор» деген кісімен жолықтыңыз ба ?
- Қай жылы елге оралдыңыз, бейбітшілік өмірге тез қалыптастыңыз ба?
- Ауған соғысы кезінде қандай әскери бөлімде қызмет еттіңіз ?

- Қазіргі бейбіт заман сарбаздарынан қандай батырлық, ерлік қасиеттерін көріп жүрсіз?

- Өз тәжірибеңізден қазіргі жастар өз елінің патриоты ретінде қандай болу керек деп ойлайсыз?

- «Ерлік, батырлық, жауынгерлік» ұғымдарын жастар арасында қалай насихаттаған дұрыс деп ойлайсыз?


-Сіздер Ауған соғысына барғанда шын өзіңіз ниетіңізбен бардыңыз ба, әлде Кеңес Одағының тапсырмасы болды ма?


1–жүргізуші:
15 ақпан 1989 жылы 40- армияның Ауған жерінен генерал Боир Громовтың шығуы еді. Шын мәнінде оқиға басқаша болған. Соғыс бітсе де шекаралар мен негізгі құрамалар қалдырылған. Соңғы шығушы қазақстандық офицер Виктор Харичев басқарған шекарашылар. Олар ешқандай сән – салтанатсыз. Құшаққа алған гүлдерсіз Ауған жеріндегі соғыстың ақырғы нүктесін қойды. Өкінішке орай бұны әркім біле бермейді.
Ауғанстан кеңес әскерлерінің шығарылғанына 27 жыл өтсе де, сол кездегі жауынгерлер бүгінгі бейбіт өмірдің еңбеккерлері соғыс жарасынан айыға алмай келеді. Бүгін өзімізбен бірге елінің көсегесін көгертуге атсалысып жүрген ауғандық ардагер жауынгерлерді қадірлеп–құрметтеу–біздің борышымыз.
2-жүргізуші
Мен қазақпын, Ұланымын елімнің,
Мен қазақпын, тірегімін жерімнің.
Ұланымын туын көкке көтерген,
Болашаққа алға бастап жетелер.
Қиындығын қазағымның әрқашан
Қайыспайтын қара нардай көтерер.
1-жүргізуші:
- Өтер жылдар, айлар тағы алыстап
Тағдыр талай тауқыметін табыстар.
Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың
Ауғандағы азап шеккен арыстар - деп ақын жырлағандай, өмір тоқтамайды, ерлік өлмейді, замандарға жалғаса береді. Бұған дәлел бүгінгі ортамызда жүрген ауғандық жауынгерлеріміз, бейбіт өмірдегі жарқын істері, қоғамдық жұмыстарға белсенділіктері, түрлі кәсіпті игерудегі ерен еңбектері ұмтылмақ емес.
2-жүргізуші
Ерлік-елдің туы.Ер қуаты- қару болса,ел- қуаты батырлары, сақадай сарбаздары мен сардарлары.Халық қашанда қаһарман ұлдарын пана тұтқан.Отан үшін күрес,ерге тиген үлес.Халықтың осы даналығы қайдажүрсек те,қашанда жүрек дәптерінде,сана сахнасында сақтаулы жүрсе,қазақ баласы азаматтық парызын адал ақтауды ұмытпас.Ауған қаһармандарын қадірлеп,құрметтеп,рух жасампаздығымен жаңартайық.
Ән: «Атамекен»
1-жүргізуші
Кешіміздің қорытынды сөзін мектебіміздің директоры: Аманғали Жумабеовке береміз .


мектебіміздің директордың тәрбие -ісі жөніндегі орынбасары: Оразхвн Айдаровқа береміз
2-жүргізуші:
Сонау Ауған жерінде қару асынып мұң арқалаған сын сағаттарда бірін - бірі бауыр дескен азаматтар бүгінгі таңда еліміздің түкпір - түкпірінде еңбек етуде.
Аяулы ағалар, уақыт тауып келгендеріңізге рахмет! Сіздерге ұзақ ғұмыр, денсаулық, жанұяларыңызға бақыт тілейміз! Аспанымыз ашық болсын, бейбіт өмір жасай берсін.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет