АУҒанның от жалыны мақсаты



Дата31.12.2019
өлшемі46,5 Kb.
#54630
Батыс Қазақстан индустриалды колледжі

Чуюншалиева Райлаш Алпашовна


АУҒАННЫҢ ОТ - ЖАЛЫНЫ
Мақсаты: Ауған оқиғасының тарихи мағынасын ашу, Тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды
Отансүйгіштікке, ерлікке баулу, Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету.

Көрнекілігі: Тақырыптық көрме, деректі фильм, слайд
Кездесу барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ.Ерлік сабағының ашылуы

Оқытушының кіріспе сөзі:-Қайырлы күн құрметті қонақтар, оқытушылар және студенттер!
Жылма-жыл ақпан айының ортасында біз ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алып, олардың рухтарының алдында бас иеміз. Өйткені бұл соғыста 18-19 жасар өрімдей жас жігіттер жазықсыздан -жазықсыз құрбан болды. Бүгінгі жастар өздеріндей жігіттердің Отан алдындағы борышын адал орындағандарын ұқсын, олардың патриоттық сезімінен тағылым алсын деген ниетпен бүгінгі кездесуді ұйымдастырып отырмыз. Жауынгер ағаларымыздың құрметіне арналған «Ауғанның от-жалыны» атты ерлік сабағымызға қош келдіңіздер!

ІІІ. Шақырылған қонақты таныстыру

Жүргізуші: Жаулардан қарсы келген жасқанбаған,
Жасаған ерлігіне мастанбаған.
Ұрпаққа өмір жолың өнеге боп,
Тарихта ардагерлер асқан бағаң-деп батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлесіміз біздің ортамызда. Бүгінгі кешке қатысушы қонағымызбен таныстырайық.
ІV. "Ауған ақиқаты". (Ауған соғысының тарихы туралы қысқаша мәлімет)

Оқытушы сөзі:-Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың ауған соғысы туралы: «Ауған соғысында қыруар қаржы шығындадық, мыңдаған өмір қиылды, бәрібір кеңес әскеріне бұл елді тастап шығуға тура келді. Халық үшін бұдан асқан қасірет бар ма?» - деген ойлы сөзі бар. Енді Ауған соғысының қалай басталғанына тағы да бір зер сала, сараласақ....
1978 жылы Ауғанстанда сәуір айында төңкеріс болып, оның арты аяқталмас соғысқа айналды. Бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана емес, оған сырт мемлекеттердің қатысуымен де ұзаққа созылды.

- 1979 жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен 
Ауғаныстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды.

Осы жылы кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті Ауғанстанға кіріп, 10 жылға жуық соғыс жүргізді. Оған әр елден жауынгерлер қатысты. 
Сөйтіп 1979 жылы 25 желтоқсанда КСРО әскерлері Ауғанстан шекарасынан өтіп, онда 1989 жылдың 15 ақпанына дейін соғыс қимылдарын жүргізді. Оған 22 мың қазақстандық қатысты, олардың 761-і қаза тапты, 21 адам хабарсыз кетті. 
Қазақ тарихындағы көп соғыстың бірегейі- ауған соғысы. Ауған даласында қан төккен кеңес әскерлерінің қатарында, бауырлас елдің бірі саналған Қазақстаннан қазақстандық сарбаздар да болды. Жат жерде соғысқан 900-дей жауынгерлердің барлығы кебенек киіп аттанғанымен, кебін, мырыш табытпен елге оралғандары аз емес.
Бейбіт өмірде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген өрімдей жас жігіттер Ауған соғысына аттанды. Олар соғыстың мән-жайын ұғар-ұқпастан кете барды. Талайдың тағдырын тәлтекке салған Ауған соғысынан қаншама жас қыршынан қиылып, қаншасы мүгедек болып оралды. Олардың бір ғана міндеті- бала жастан санамызға сіңірілген патриоттық тәрбие-Отан алдындағы борышын өтеу, қабылдаған антына берік болу еді.
1989 жылдың 23-26 ақпанында кеңес әскерлерінің ауған жеріндегі он жылға созылған соғыстағы ең ақырғы шайқасы болды. Ақпанның 4-і күні Кеңес Армиясының соңғы бөлімі Кабулдан шықты. Қаншама қазақ отбасына қасірет әкелген айдаладағы Ауғанстан соғысы біз үшін осылай аяқталған болатын. 
Ауғанстандағы кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті құрамында барлығы 200153 адам мемлекеттік марапаттауларға ие болса, оның 10955-і осы соғыста шейіт кетті.
АДР-дағы шектеулі контингент құрамында-86 адам Кеңес Одағының Батыры атағын алса, кеңес армиясының 103 әскери қызметшісі Ленин орденімен, 1972 әскери қызметші Қызыл Ту орденімен марапатталды. Батыр атағын алғандардың 29-ы осы соғыста құрбан болды. Бұл ерлердің кейбіреуі Қазақстанда туып өссе, кейбірі республикамызда жоғары әскери оқу орнын бітіріп, елімізден Ауғаныстанға аттанған азаматтар. Батырлар арасында біреуі қазақ ұлтының өкілі болса, қалғандары өзге ұлт өкілдері еді. Ал Батыр атанған алаш перзенті, біздің жерлесіміз Орал облысының Жымпиты ауданындағы Тасқұдық елді мекенінде туған Майданов Қайырболат Сайынұлы (Николай) еді.
Майданов Қайырболат Сайынұлы- ( 7.01.1956-2000, Шешенстан)- кеңес-ауған соғысына қатысқан, Ресей Батыры. 1973 жылы Ақжайық (қазіргі Теректі) ауданының Шағатай ауданында орта мектепті тәмәмдады. Содан соң бұрынғы Чапаев ауданындағы ДОСААФ жанындағы курсты аяқтап, жүргізуші болды.
Кеңес армиясы қатарында қызмет атқарған соң Саратовтағы Жоғарғы әскери ұшқыштар даярлайтын училищеге түсті. Өзінің офицерлік өмірбаянының алғашқы айын Ауғанстанда өткізді. Майдан шебінде көрсеткен ерлігі үшін Қызыл Жұлдыз және Қызыл Ту, 
3 дәрежелі «КСРО қарулы күштері қатарындағы Отанға қызмет үшін» ордендерімен марапатталды. Майданов Ауғанстанда 50 рет ұрыс операцияаларына қатысты. Кейінгі жылдары Ресей Қарулы күштеріне қызмет етіп, Шешенстан соғысында қаза тапты.
110 айға созылған Ауған соғысында қайтып оралмаған жалпы адам шығыны- 14453-ке жетті.
Батыс Қазақстан облысынан КСРО Қарулы Күштері қатарына алынып, ауған-кеңес соғысында қаза тапқан жауынгерлер. Олар: С.П. Алексеев, Н.П. Антипов, А.В. Вербицкий, А.В. Емельянов, Л.В. Куриленко, Ж.Қ. Сейтекенов,
Н.Б. Тлеулин, В.Д. Храмов, Г.Ж. Величко, А.Қ. Ғұсманов, Т.С. Замалютдинов,
А.П. Лукин, В.А.Сорокин, О.В.Чегуров, У.Н.Базарбаев, С.Б.Берекетов,
С.Е. Изотов, А.В. Кочкин, Т.Ғ. Сұханқұлов, В.Е. Карпов, Ю.Н. Савенков,
В.А.Чернухин, З.М.Жиеналиев, В.В.Береговой, М.Х.Тасболатов,Р.Ж.Чикибаев. 
Бұл Кеңес Одағы бойынша алғандағы көрсеткіш. Жалпы, Ауған соғысының Қазақ КСР-іне әкелген адам шығыны мен зардабы аз емес. 1979-89 жылдарда, яғни 10 жылға жуық созылған бұл соғыста көптеген отбасының шаңырағы шайқалды. Қайсыбір ана жалғыз боздағынан айырылды, кейбір әйел жесір, кейбір бала әкесіз, кейбір отбасы панасыз қалды. Енді ғана азамат атанып, әскер атанып әскер қатарына алынған қаншама жігіттеріміз ауған даласында жан тапсырды. Ал кейбір жауынгерлер із-түзсіз жоғалып кетсе, мүгедек болып қалғандары қаншама!

V. "Ардагермен сұхбат"

(Ауған соғыс ардагерінің әңгімесін тыңдау, сұрақтар қою).

Жүргізуші: «Ерлік - жан дүниенің ұлы қасиеті» деген екен бір дана қария. Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, елге аман-сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер ағаларымызбен кездесіп, бүгінгідей сұхбат жүргізу-біз үшін бір ғанибет.

Оқушылар сұрақтары:
- Қазіргі бейбіт заман сарбаздарынан қандай батырлық, ерлік қасиеттерін көріп жүрсіз?
- Өз тәжірибеңізден қазіргі жастар өз елінің патриоты ретінде қандай болу керек деп ойлайсыз?
- «Ерлік, батырлық, жауынгерлік» ұғымдарын жастар арасында қалай насихаттаған дұрыс деп ойлайсыз?

"Ұрпаққа аманат" арнауы
Баласы батыр туғаннан,
Денесін сумен жуғаннан.
Батыр да халық қазақпыз,
Кіндігін түйіп буғаннан.

Ел үшін өткен батырлар,
Шайырлар менен ақындар.
Күш пенен түйсік, ақылды,
Бағындыра алған дарындар.

Олардың ерлік тәлімі,
Халқына айқын мәлімді.
Ұғына алса керекті,
Қазіргі ұл - қыз хәліңді.

Ел үші қиып құр жанды,
Ұстанған елміз бір заңды.
Биікке қойған қазақпыз,
Ар - ұятпенен ұжданды.

Жауына күшін көрсетіп,
Ізіне ерген ел сеніп.
Жастарға бүгін аманат,
Жасалған істер белсеніп.

Бабалар салған сара жол,
Өшпейтін мәңгі дара жол.
Ұрпаққа бүгін аманат,
Қорғай біл халқым пана бол!

VІ. Қорытынды



Тарих жылнамасынан өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бірі-Ауған соғысы.

Ауған соғысы- жүректе жазылмайтын, тарихта ерекше орын алатын беттер... 

- Өтер жылдар, айлар тағы алыстап,
Тағдыр талай тауқыметін табыстар.
Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың,
Ауғандағы азап шеккен арыстар - деп ақын жырлағандай, өмір тоқтамайды, ерлік өлмейді, замандарға жалғаса береді. Бұған дәлел бүгінгі ортамызда жүрген ауғандық жауынгерлеріміз, бейбіт өмірдегі жарқын істері, қоғамдық жұмыстарға белсенділіктері, түрлі кәсіпті игерудегі ерен еңбектері ұмтылмақ емес.
Бүгінгі шарамызға келіп отырған қонағымызға, уақытын бөліп келгені үшін ұйымдастырушылар атынан рахметімізді айтамыз. Сізге ұзақ ғұмыр,денсаулық, жанұяңызға бақыт тілейміз! Аспанымыз ашық болып, бейбіт өмір жасай берсін.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет