АУЫЛ – ЕЛ ЫРЗЫҒЫНЫҢ ИЕСІ ! Партия бастамаларының негізі – «Азық-түлік қауіпсіздігі туралы» заң. Бұл заң партияның төмендегідей мақсаттарға қол жеткізуін қамтамасыз ететін болады: *Ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға сатуға әрі жалға беруге тыйым салу; *Ауылшаруашылығын, ауылшаруашылық тауар өндіруші кооперацияларды және ауылшаруашылық өнімдерін жан-жақты өңдеуді мемлекеттік қолдау тиімділігін арттыру; *Азық-түлік тауарлары мен ауылшаруашылық шикізат өндіру, өткізу, экспорттау және импорттау айналымын қосымша құн салығынан босату; *Құрамында ГМО бар азық-түлік өнімдерін өндіруге және сатуға тыйым салу, сондай-ақ Қазақстанға әкелінетін азық-түлік өнімдері құрамын тексеретін зертхана құру; *Негізгі бөлігі шағын және орта бизнес кәсіпорындары мен фермерлерге арналған несиелерді арзандатуды көздейтін субсидия түрлерін бесеуге дейін қысқарту, сондай-ақ жанар-жағар май мен жемшөп құнын төмендету; *Аграрлық секторға заманауи технологиялар енгізілуін қолдау, саланы кадрлармен қамтамасыз ету, АӨК-тің тиімді инновациялық жүйесін құру; *Мемлекеттік сатып алу рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді қабылдау кезінде қоғамдық бақылау енгізу, ауылшаруашылық кәсіпкерлігі субъектілерінің өніміне деген сұранысты ынталандыру; *Отандық өнім өндіру көлемін ұлғайту және отандық аналогтары болған жағдайда импорттық өнімдерді мемлекеттік сатып алуға тыйым салу.